Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:01, 02 марта 2014

Кедендік бақылау комитетінде Қазақстанда халықаралық сауданың қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) қауіпсіздік стандартына сәйкес жеткізу тізбегінің процесін қамтамасыз ету мәселелері бойынша семинар өтті

Ағымдағы жылғы 27-28 ақпан аралығында Кедендік бақылау комитетінде: «Кеден одағында шектеулер мен тыйым салуларды қолдану. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары. Кеден ісі саласындағы қызметті бақылау және Уәкілетті экономикалық операторлар» атты тақырыбында республикалық семинар өтті.
Семинардың өзектілігі Қазақстанда халықаралық сауданың қауіпсіздігін арттыру қажеттілігімен, сондай-ақ Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) қауіпсіздік стандартына сәйкес жеткізу тізбегінің процесін қамтамасыз етумен айқындалды және мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестік қатынастардың дамуына ықпал етеді.
Қазақстан Республикасындағы УЭО институты Әлемдік сауданы жеңілдетудің және қауіпсіздіктің негіздемелік стандарттарының ұсынымдарына, сондай-ақ кедендік рәсімдердін оңайлату мен үйлестіру туралы халықаралық конвенцияға сәйкес енгізілген.
Қазақстан уәкілетті экономикалық операторлар үшін, оның ішінде отандық тауар өндірушілер үшін оңайлатуларды арттыру жолымен арнайы оңайлатулардың тізбесін толықтыруға ниетті.
Семинар барысында Қазақстанда УЭО қызметін регламенттеумен, УЭО қызметіне тексеруді ұйымдастырумен, Қазақстан Республикасында аталған институтты одан әрі дамытумен, сондай-ақ Кеден одағында тыйымдар мен шектеулерді қолданумен және т.б. мәселелермен байланысты мәселелер талқыланды.
Семинар барысында қалыптасқан ұсыныстарды іске асыру, УЭО-ның қызметін одан әрі жетілдірудің және әлемдік практиканы ескере отырып оны кеңейтудің, сондай-ақ еліміздің сыртқы саудасы үшін тыйымдар мен шектеулерді аса тиімді қолданудың құрамдас бөлігі болады.
Семинарға қатысушылар УЭО институтын жетілдіру бойынша шараларды және қолданыстағы тыйымдар мен шектеулердің жүйесін енгізу кедендік операциялар мен рәсімдерді оңайлатуға, Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал ететініне және соңында тауар ағынының қозғалысын тездетуге әкелетініне сенімділік білдірді. 

ҚР ҚМ КБК Баспасөз қызметі

0
376
0