Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:10, 25 февраля 2014

Бокс: WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионын өлтіріп кетті

Blog post image

WBA  нұсқасы бойынша екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Антонио Серменьоның өлі денесі табылды. Бұл туралы  «Эль Мундо» басылымы жазды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.45 жастағы венесуэлалық бокшысының денесі сейсенбі күні табылған. Полицияның мәлім етуінше,  соңғы кездері жаттықтырушы болып жұмыс істеген  бұрынғы боксшының мүрдесі Барловенто бағытындағы жолға жақын жердегі ну тоғайдың ішінен табылған. Бұл оқиға Каракасқа баратын жолда, оны тағы бес азаматпен бірге ұрлап кеткен күннің ертесіне орын алып отыр. Қарақшылар жанар-жағармай бекетіне тоқтаған кезде әлгілердің үшеуі қашып кете алған. Серменьо кәсіби бокс рингінде  1990-2006 жылдар аралығында өнер көрсетті. Ол 45 рет (31 нокаут) басым түсіп, 7 рет жеңілген. 1995-1997 жылдары 55,22 келі, 1998-1999-57,5 келі салмақ дәрежесінде  WBA  нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған. Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Источник: http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/17542-boks
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

 
0
220
0