Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:09, 25 февраля 2014

Қарағанды полицейлері қар астында қалған жүк көлігінің жүргізушісін құтқарды.

Қарағанды полицейлері қар астында қалған жүк көлігінің жүргізушісін құтқарды. «BNews.kz», 26.02.2014ж.
Қарағанды облысының полицейлері омбы қардың астында қалып қойған «MAN» автокөлігінің жүргізушісін құтқарды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «24 ақпан күні -39 градус аязда Қарағанды облысы ІІД ӘПБ жол-патрульдік полиция батальонының полицейлері Арман Сейітов пен Ерқанат Медетов «Алматы-Екатеринбург» тасжолында күртік қарға батып қалған «MAN» маркалы жүк көлігінің жүргізушісін көреді.   

Ол өз күшімен қар құрсауынан автокөлігін алып шықпақ болған», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Жанатай Сембеков.

Жүк көлігінің қозғалтқышы істен шығып, жүргізуші жолдағы қозғалысқа кедергі келтірмеу үшін тез арада көліктің тежеуін басуға мәжбүр болып, қалың қарға батып қалған.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жүргізушіні қар құрсауынан құтқарып, жүк көлікті жақын маңдағы елді мекенге сүйреп жеткізді.

«53 жастағы жүргізуші, Алматы облысының тұрғыны Қарағанды облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының басшысына хат жазып, полиция қызметкерлеріне өзіне көрсеткен көмегі үшін алғысын айтты», - деп атап өтті Ж.Сембеков.

 
0
137
0