Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:59, 24 февраля 2014

ДЗЮДО: Максим Раков Дюссельдорфта өткен Гран-При кезеңінің күміс жүлдегері атанды

Blog post image
АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық палуан Максим Раков Дюссельдорфта өткен Гран-При кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Максим Раков финалдық бәсекеде бразилиялық Лучано Корреамен кездесуі керек болатын. Алайда М.Раков бұл белдесуден бас тартты.
Үшінші орындарға бразилиялық Рафаэл Бузакарини мен моңғол палуаны Тувшинбаяр Найдан ие болды.
Қалған қазақстандықтар Германияда өткен әлемдік гран-при кезеңінде жүлдеге қол жеткізе алмады. Елдос Сметов, Рустам Ыбраев пен Дастан Ықыбаев бесінші орынмен шектелді.

 
Басты сөздер: Спорт
 
0
154
0