Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
08:26, 24 февраля 2014

Өнерді кәсіпке айналдыра алмаған, ісін нәсіпке айналдыра алмайды

Blog post image

Адам баласының ерте заманнан күнделікті тіршілігіндегі қажеттілігіне айналған, бір жағынан мәдениетке де, өнерге де, тамыры тереңде жатқан ұлттық қол өнерге де қатысты жеңіл өнеркәсіп саласы бір кездері шарықтап, ендігі кезде аяғы ақсап тұрған жайы бар. Оған айғақ, әлемнің алпауыт елдері – Германияның жыл бойғы табысының 9 %-ын осы жеңіл өнеркәсіп саласы түсіреді екен. Бұл көрсеткіш Қытайда 12 %, Үндістанда 14 %. Еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласында үлес салмағы басым – мақта шаруашылығы. Шаруашылықтың жанданған кезеңі XX ғасырдың 90 жылдары. Ішкі өнімнің 15 %-н құраған бұл көрсеткіш, қазір 0,5 %-ға келіп жығылды. 220 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз еткен саладағы көрсеткіш 10 есеге азайып кетті. Елімізге ірге жатқан Қырғыстанда жеңіл өнеркәсіп өнімдері күннен күнге артуда, жүн түту, киіз басу, кілем тоқу, тері-былғары илеу сынды салалар өркендеуде. Оңтүстігінде мақта мен жібек шаруашылығы дамыған. Біздің деңгей бұл нәтижеден әлдеқайда алыста жатыр. Тілге тиек ететін тағы бір жайт: еліміздің импортқа берілетін жеңілдік көп, базардағы киім-кешектің 95 % сырттан әкелінеді. «Алматы кілем» фабрикасының өнімінен гөрі Түркия, Қырғыстан, Иран мен Түркіментстан кілемдерінің үлесі басым. Оған себеп сырттан келетін кілемнің бір шаршы метріне 0,3 доллар салық салынса, ол өнім базарда 5-тен 40 долларға дейін көтеріледі. 1999 жылдың 26 қазанында «Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп кәсіп орындарының ассоциациясы» жеңіл өнекәсіптің кәсіп орындар бастамасы құрылды. Аталған ұйым экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде аккредитивтелген болатын. Ассоциация құрамында 85 кәсіпорын бар, оның ішінде 12 тоқыма, 8 мата тоқитын, 38 тігін, 4 былғары-тері, 14 аяқ киім, 2 бас киім шығаратын кәсіпорындар бар. Аталған кәсіпорындар шетелдік тауарлардың көлеңкесінде қалып қойып жатқан жайы бар. Жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін, алдымен, сырттан келетін тауардың салығын көтеру керек. Өзіміздегі зауыт, фабрикаларға демеу беріп, халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуіне жол ашуымыз керек.

0
796
0