Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
13:54, 20 февраля 2014

Каспи, Альянс, Центр кредит( несие ) банктері хақында.

Соңғы үш күнде ел назарын өзіне аудартқан банкротқа ұшыраған банктер ( Каспи, Альянс, Центр кредит ) болатын. Ел дүрлігіп, билік басу айтып, аталмыш үш банк, ақпараттың жалған екендігін түсіндіріп әлек болды. Күні кеше теңгені тығырыққа тіреген Халық Банкте жұртшылыққа дүрлігудің қажеті жоқтығын айтып СМС хаттар жіберді.

Осы тұста ( Халық Банктің ) еліміздің бас банкирі Қайрат Келімбетов мырза, сенатор Светлана Жалмағанбетовадан сөгіс естіді.

С.Жалмағанбетова ханым Қ.Келімбетов мырзаға ҚР банктердегі депозиттерді 13%-14% пайызға көтеру керектігін, олай істемеген жағдайда қазіргі күйінде оны инфльяция "жеп тынатынындығын" айтты. Осылайша халықтың сенімін қайтарып алу керектігін тілге тиек етті.Және де, теңгенің құлдырауын ( девальвацияны ) ешқандай ескертусіз төбеден жай түскендей етіп баспасөз мәслихатында айтқандығына өз наразылығын білдірді.

Ал жоғарыда айтылған Каспи банк басшылығы ( Михаил Ломтадзе, Вячеслав Ким және Майкл Калви )болып жатқан жағдайларға байланысты түсініктеме берді, және СМС хабарлар, әлеуметтік желілер арқылы таралған ақпараттың жалған екендігін айтып баспасөз мәслихатын өткізді. Сөз арасында 2013 жылға қортынды жасап Каспи банктің жеткен жетістіктері мен алға қойған мақсаттарымен бөлісті.

Blog post image

СМС террористердің арқасында Каспи банк өзінің 10% салымшысынан ( 40 млрд теңге ) ақшсынан айырылды.

Аталмыш іске орай еліміздің бас прокуратурасы қылмыстық іс қозғап смс террористерді іздестіру жұмыстарын бастап кеткен болатын. Және күдікті азаматтарды ұстағандығын, күдіктілер өз күнәларын мойындағандығын, олардың арасында заң қызметкерлері мен, банк заңгері барын мәлімдеген еді.

P.S.Қанша түсініктеме беріп, баспасөз мәслихатын өткізіп, сенаторлар алдында сөгіс алсада, еліміздің банкирлері халық сенімін әліде болса қайтара алған жоқ. Бұған басты себеп билік пен халық арасының алшақтығы. Еліміздегі кез-келген экономикалық, саяси т.б іс-шаралардың жабық есік жағдайында өтуі.

Бәрін айтта бірін айт шулаған жұрттың ақшасы ойлаған жерінде, ұйқысы тыныш болса болғаны.

1
478
0