Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
23:43, 19 февраля 2014

Уолл-Стрит туралы екі сөз...

Скотт Паттерсон және Мартин Скорьезе. «Уолл-Стрит журналының» журналисі мен әлемдік танымалдылыққа ие режиссердің қандай байланысы бар? Шығармашылық қабілеттен бөлек. Уолл-Стритт. Бұл сөзді білмейтіндер кемде-кем шығар. Ал маған беймәлім дейтіндерге дәл осы екі адамның туындыларымен танысуды кеңес береміз. Тек қана бұл емес. 2007-2008 жылдардағы  қаржы әлемінің азулыларын есеңгіретіп тастаған дағдарыстың тууына себеп болған қандай күш?  Университет қабырғасындағы «көзілдірікті» физиктен Уолл-Стриттің ең ықпалды тұлғасына қалай айналуға болады? Және покер ойнаудың қандай пайдасы бар? Бүкіл әлемдегі сан мыңдаған ақша айналымдарының негізгі иелері туралы шындық жоғарыдағы аталған адамдардың еңбектерінде.

Blog post image

сурет сайтынан алынды - http://www.ntv.ru/novosti/574876/

Скотт Паттерсон«Кванттар . Математиканың сиқыршылары миллиардтар табу жолында қалай  фонд нарығын құрдымға кетіре жаздады?»

Кванттар- түйінін шешу мүмкін еместей көрінетін ең қиын математикалық модельдердің көмегімен қор нарығында естен тандырарлықтай жетістікке жеткен тұлғалар. Математика, физика - өте жоғарғы интеллектуалдық деңгейді қажет ететін ғылымдар. Кванттар  осы ғылымдардағы алгоритмдік моделдерді  экономикаға әкелді. Физиканың инерция заңы, Броун қозғалысы тәрізді  теориялар   бағалы қағаздар мен облигацияларды сату, сатып алу процесіндегін басты рол атқарушы тетікке айналады. IQ-лерінің қанша екендігі белгісіз бұл «тұлғалар» шын мәнінде құнды қағаздар мен несиелер әлеміне өздерін мойындата алды. Мүлтіксіз жұмыс істейтін жүйе дайын. Бар болғаны бірер минуттың ішінде миллиондаған көк қағаздардың иесі атануға әбден болады. Тіпті сәттілік ең басты қаруы деп саналатын казино ойындарының "королі" атануға мүмкіндік бар. Осы сәтте ойынға "Ұлы мәртебелі Құнығу" қосылды.   Сіз бен біздің депозиттегі теңге мен долларларымыздың аман қалпында өсе беруне не бірер уақыттың ішінде банктің өзімен бірге банкроттыққа тап келуне де сол «тұлғалардың» қанағатсыздық пен құнығу сезімдерін қалай тізгіндей алуы себеп.  Уолл-Стрит аталатын казино ойынындағы сәттілік өздері құрған жүйенің кемшілігін көруге мұрсат бермейді. 2008-дегі дағдарыстың орын алуына да аталған фактордың  әсер еткені де рас. Себебі, сіз  Уолл-Стритті бағындырамын деп келгеніңізбен, қаржы мен авантюра әлемінің кезекті тұтқынан айналып үлгересіз. Кітап осыны баяндайды. Аталған туынды жарық көрісімен-ақ әлемдік бестселлерге айналды. Журналистік зерттеу жанрындағы баға жетпес дүние.

 

Blog post image

сурет сайтынан алынды http://www.hopesandfears.com/


Кітапты бастаған кезде менің экономикадағы  бастауыштық білімім болған  жоқ. Бірақ, аудармадағы  әр сөйлемі арқылы автордың нағыз америкалық психологиясын жеткізуге тырысқан шеберлік пен  қалайда аяқтауым керек деген мақсат жолындағы сабырлылық  арқылы соңғы бетті жаптым.

Журналистік зерттеу жанрының білгірі болғысы келген әріптестерім үшін тек қана Жазғы Ойын түрлерін сүйіп көретіндерге Қысқы Олимпиаданы көру тәрізді. Қарамасаң да болады, бірақ ақ қардың үстінде тақтайшасымен бас айналдырарлық трюктер жасап, көк мұзды ерітіп жіберліктей шыр көбелек айналған спортшыларды көргенде еріксіз Шымбұлаққа шығып, теледидардағы адреналинді өзің сезінгің келеді.  Үйренуге ұмтылатын тағы бір белес. Әр ойынды көрген сайын спорт әлемін тереңірек ұғына бастаған сайын, кітаптың әр парағын ашқан сайын журналистік зерттеуден туған дүниенің  әрбір "тамшысының" қаншалықты еңбекпен келгенін түсінесіз. Шын  мәнінде, 60-жылдардың ортасынан бастап математика мен экономиканың арасына жол салған, «кванттардың» атасы Эд Торптан бастап  21 ғасырдың алпауыттары туралы түгелге жуық хабар береді. Жүздеген сұхбат, сары майдан қыл суырғандай алынған құпия мәліметтер. Олай болмағанда ше?  Әлемдік дағдарыстың шындығы-алақандай кітапта.

Blog post image

сурет сайтынан алынды http://good-zona.ru/publ/kriminal/volk_s_uoll_strit/19-1-0-7133

Мартин Скорьезе. «Уолл-Стриттен шыққан қасқыр» Соңғы жылдағы ең даулы фильм. Дөрекі сөздерді тым көп қолданғаны үшін және анайы көріністердің шамадан тыс болуына байланысты бірқатар елдерде тыйым салынған. Мұны кітапқа берілген иллюстриация тәрізді қабылдадым. Әйгілі "Қара дүйсенбіден" кейін брокерлік жұмысынан айырылған  Джордан Белфорт  өзінің компаниясын ашады. Алаяқтық жолмен аз ғана уақыттың ішінде Манхэттің жартысы қабылдайтын нашаны бір күнге ғана жеткізетін, компания қызметкерлері үшін жалаңаш «қыздардың» гаремін әр апта сайын ұйымдастыруға дайын, қоқыс жәшігі умаждалған долларға толы, сондай-ақ қолма-қол ақша төлегеніне намыстанатын әйелі мен екі баласы бар миллиардерге айналады.

3 сағат болғанына да қарамастан бір деммен көз алмастан қарап шығасыз. Харизма, ораторлық қабілет және қаржылық білім. Уолл-Стритте жетістікке жетудің екінші бір кілті.  Американдық қалжың, американдық өмір сүру дағдысы, американдық стиль. Досым айтқандай, 3 сағат сіздің бойыңыздағы барлық «ұлттық» деген статусқа сай қасиеттеріңізді өлтіреді. 3 сағаттық фильмнен кейін 3 күн бойы сіздің қазіргі өмірге үйрене алмай жүруіңізде мүмкін. Бұл - Уолл-Стрит.  Кітапта қаржылық жүйенің құрдымға кете жаздауының себебі барынша тереңірек ұғындырылған, тәтті өмір туралы ертегі де сізді тарта түседі.

Кітапты оқып, фильмді көріп шыққан соң, Уолл-Стритке қатыстының барлығы сізді қызықтыратыны анық. Ал мораль? Ол сіздің еншіңізде. Олар тек баяндайды. Қорытынды шығарушы тек өзіңіз.ni


 
1
1883
2