Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:58, 19 февраля 2014

ҚР Қорғаныс министрлігі Польшамен әскери ынтымақтастық туралы Жоспарға қол қойды

Blog post imageҚР Қорғаныс министрлігі Польша Республикасының қорғаныс ведомствосымен 2014 жылғы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды.

Аталған құжатта арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жеке құрамын дайындау бойынша тәжірибе алмасу, қазақстандық әскери қызметшілердің Польша Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік және жедел даярлық іс-шараларына қатысуы, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі саласындағы екі елдің өзара іс-қимылдары қарастырылған.

Бұл Қазақстан мен Польша Қорғаныс министрліктері арасында тұңғыш рет қол қойылып отырған ынтымақтастық жоспары екенін атап өткен жөн.

Кездесуде қазақстандық тарапты ҚР Қорғаныс министрлігі халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Әділ Беков басқарды. Польша тарапынан құжатқа Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасы Елшілігі жанындағы әскери атташе полковник Дариуш Карвиньски қол қойды.

– Қазақстан Қарулы Күштері көптеген елдермен, оның ішінде Польшамен де жақсы қарым-қатынас орнатқан. Бүгін біз бұдан ары бірлесе жұмыс істеу үшін ынтымақтастық туралы шартқа қол қойдық. Қазақстандық әскери қызметшілер көптеген халықаралық оқу-жаттығуларға қатысып жүр. Екі жақты және көпжақты ынтымақтастық дамып келеді, – деді полковник Дариуш Карвиньски.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
206
0