Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:05, 17 февраля 2014

Браконьерлікке қарсы күрес шаралары жөнінде

2014 жылдың 15 ақпан күні Қызылорда облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының мамандары, «Охотзоопром» Өндірістік бірлестігінің инспекторлары және Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімінің табиғатты қорғау полициясының өкілдері бірлесіп, заңсыз аңшылықтың алдын алу және фактілерін анықтау мақсатында жедел іс-шаралар жүргізді.  Төретам кентінен солтүстікке қарай шамамен 15 километр жерде жүріп келе жатқан екі автокөлікті тоқтатты. Бір автокөлік тоқтамай, ізін суытып үлгерді. Тоқтатылған «Нива» маркалы автокөлікте Байқоңыр қаласының екі тұрғыны отырғаны анықталды. Тексеру барысында автокөлік ішінен ақбөкенге ұқсас 4  атылған жануар табылды.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/02/101-74/

0
277
0