Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
11:46, 20 февраля 2014

Каспиийге қауіп бар ма?

Бүгін Каспий банк 2013 жылдың қорытындысына арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Өткен жылға қорытынды жасап, соңғы күндері елді дүрліктірген мәселелер төңірегінде түсініктеме берді. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша банктың капиталы 37% өсіп, 93 млрд теңгені құраған. Бұл жайлы Каспий банктың басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе мәлімдеді. Сондай-ақ, банктың таза табысы 2012 жылы 19 млрдқа жетсе, 2013 жылы 39 млрд теңгені құраған. Банктың өсу қарқынын осыдан аңғаруға болады. Мәслихатта сөз алған «Baring Vostok Capital Partners» компаниясының өкілі Майкл Калви бүгінгі каспий банктың миссиясына жоғары баға беріп, соңғы күндері болған мәселелер кез келген компанияның тарихында болатын қалыпты жағдай екенін де ескертті. Сонымен қатар, банкке қолдау ретінде 300 млн долар бөлетінін жеткізді.

Blog post image

Осыдан 3 күн бұрын Каспий, БТА, Центркредит банктері банкротқа ұшырайды деген хабар елді дүрліктірген еді. Бұл жайлы көптеген алыпқашпа әңгіме де тараған болатын. Осыған байланысты «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы
Вячеслав Ким  хабарды нақты кім таратқанын ашып айтпады. Қылмыскерлер ұсталып іс тергеліп жатырқанын, сондықтан тергеу аяқталғанша күтуді ұсынды. Тергеу аяқталған соң міндетті түрде осы жайлы толық ақпарат беретінін айтты.

Осы қиындықтарға байланысты банк қандай шығынға ұшырады деген журналистің сұрағына Михаил Ломтадзе ешқандай қиындық тумағанын, керісінше, банк жүйелі түрде қарқынды жұмыс істеп тұрғанын, өз тұтынушыларына барынша ыңғайлы ұсыныс жасап жатқандарын ерекше атап өтті. Барлық бөлімшелерде қаржы санын 5 есеге көбейткен. Бұл да тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруға арнайы жасалған шара. «Қазіргі уақытта бөлімшелердің кешкі сағат 9-ға дейін жұмыс істеп, клиенттерге ыстық шәй мен тәттілер ұсынып жатырмыз» - деді банк басшысы. Өз клиенттерінің көңілін табуға барынша тырысып бағуда. Қаржы саласының басты қағидасы да осы. Тиімдің әрі, оңтайлы ұсыныс жасай отырып тұтынушылардың көңілінен шығу. Қазіргі уақытта банк жұмысында ешқандай қиыншылық жоқ, тек әдеттегіден де сапалы жұмыс жүйесіне көшкен. Сонымен қатар, Центкредит, БТА банктерімен кездесіп осы мәселе төңірегінде ақылдаспақ. Ал, қылмыскерді ұстап берген адамға береміз деген сыйақыны нақты, тергеу ісіне көмек боларлықтай ақпарат берген адамға бермек. Хабарласушылар көп. Келіп түскен ақпараттарды іріктейтін арнайы топ құрылған. Сондықтан, бұл жайлы кейінірек хабарламақ.

Банк басшылығы депозиттерін қайтарып алған салымшылар қайта келетініне сенімді. Мұндай сенімділікті соңғы күндері салымын қайтарып алуға келген азаматтардың қаржысын көріп, қайта салғанына сүйеніп айтқанын жасырмады. Тұтынушылар қайтарып алған қаржы жалпы депозит сомасының 10%-н құраған. Адам санына шаққанда, 10 салымшының 1-уі ғана қаржысын қайтарған. Банкке жасалған қарсы әрекет банк жұмысына да, қаржы қорына да бәлендей залал келтірмеген.

 
0
376
0