Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:19, 14 февраля 2014

«ӘБДІРАШИД ӘЛЕМІ» КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА!

Blog post image

 

Биыл қазақтың айтулы азаматы, еліміздің бейнелеу өнерін әлемге паш еткен жерлесіміз Әбдірашид Сыдыхановтың шығармашылығын насихаттап, өнегесін өскелең ұрпаққа дарыту мақсатында «Әбдірашид әлемі» атты конкурс ұйымдастыруды жоспарладық. Аталмыш конкурс аясында да мектеп оқушылары мен оқытушылары арасында көрмелер ұйымдастырылып, сайыстар өткізіледі. Мектеп оқышыларының арасындағы конкурста  кескіндеме, графика, қолөнер және мүсін бағыты бойынша үздіктер анықталады.

Осы бағыттар бойынша бірінші орын алған төрт шәкіртке бағалы сыйлықтармен қатар, Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясына оқуға түсу үшін арнайы сертификат тапсырылады. 2, 3 орын алған оқушыларға да бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Сонымен қатар, конкурс үздіктерінің жұмыстарының суреттері облыс әкімінің қолдауымен Атырау қаласындағы  баннерлерге ілінеді. Жеңімпаз бен жүлдегер балаларды аймақтық «Алтын қайық» газетіне тегін жаздырылады. Жас дарындарды қолдау мақсатында олар туралы мақалалар да республикалық, аймақтық және электронды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Оқушылар арасындағы көрме 18-ақпан күні сағат 17.00-де, ал мұғалімдер арасындағы конкурс сәуір айында өткізіледі.

 
0
723
0