Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:37, 13 февраля 2014

Қазақстандықтардың 13 ақпандағы Олимпиададағы ойындарының қорытындылары

Blog post image
АСТАНА. ҚазАқпарат — Сочидегі Олимпиадада 13 ақпанда қазақстандық спортшылар бес түрлі жарыстарға қатысты, деп хабарладыSports.kz.

Сөреге алғашқы болып  10 шақырымдық қашықтыққа шаңғышылар шықты. Қазақстаннан оған Татьяна Осипова, Елена Коломина және Анастасья Слонова қатысты. Ең жақсы нәтиже — 36-шы орынға табан тіреген Коломина ие болды, Слонова — 46-шы, Осипова 52-ші орынды қанағат тұтты.

Шорт-тректен құрамында Абзал Әжіғалиев, Айдар Бекжанов, Денис Никиша және Нұрберген Жұмағазиев бар Қазақстан командасы АҚШ, Оңтүстік Корея және Голландия өкілдерімен бірге 5000 метрлік эстафетаның жартылай финалына қатысты. Жарыс қорытындысымен біздің шорт-трекшілер төрттікте голландиялықтарға ғана жол беріп, екінші орынды иеленіп, финалға шықты.

Конькимен жүгіру спортында 1000 метрлік қашықтыққа әйелдер жарысы болып, оған Екатерина Айдова қатысты. Қазақстандық спортшы бір шақырымдық қашықтықты 1:17:25 нәтижесімен еңсеріп, 19-шы орынға табан тіреді.

Биатлоннан 20 шақырымдық жекелей жарысқа төрт қазақстандық қатысты. Мәреге 20-шы болып келген Ян Савицкий жақсы нәтиже көрсетті,. Антон Пантов жарыс қорытындысымен 27-ші орынға тұрақтады, Сергей Наумик — 76-ші, Александр Трифонов — 85-ші болып келді.

Олимпиадалық күнді қазақстандықтар мәнерлеп сырғанаумен аяқтады, онда жанкүйерлер қысқа бағдарламада Денис Тен мен Абзал Рақымғалиевтің ойынын бақылады. Денис бағдарламаны 84.06 баллмен аяқтап, тоғызыншы орынға ие болды. Абзал жарыс қорытындысымен 64.18 балл жинап, 20-шы болып келді.

Басты сөздер: СпортОлимпиада
 
0
169
0