Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:35, 13 февраля 2014

Денис Тен — мәнерлеп сырғанаушылардың әлемдік рейтингісінде бесінші орында

Blog post image
АСТАНА. ҚазАқпарат — 2013/2014 маусымдағы әлемдік рейтингіде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 5 орында. Бүгін Сочиде күштілер ондығына кіретін спортшылардан қысқа бағдарламада Олимпиада мұз айдынына Теннен басқа тағы 6 мәнерлеп сырғанау шеберлері шығады, деп хабарлады Sports.kz.

olympic.khabar.kz ақпаратына қарағанда, Денис Теннің атақты қарсыластарының арасында — әлемдік рейтингіде бірінші орында тұрған, 2013-2014 маусымдағы Гран при финалының жеңімпазы Юдзуру Ханю, үш мәрте әлем чемпионы Патрик Чан, Еуропа-2013 чемпионы, Әлем чемпионаты-2013 қола жүлдегері Хавьер Фернандес, Олимпиада-2010 қола жүлдегері Дайсукэ Такахаси, Тацуки Матида және Михал Бржезина бар.

1. Юдзуру Ханю (Жапония) — 4558 ұпай

2. Патрик Чан (Канада) — 4368

3. Хавьер Фернандес (Испания) -3903 ұпай

4. Дайсукэ Такахаси (Жапония) — 3529

5. Денис Тен (қазақстан) — 3511

6. Тацуки Матида (Жапония) — 3067

7. Михал Бржезина (Чехия) — 3065

8. Такахико Козука (Жапония) — 2800

9. Такахито Мура (Жапония) — 2768

10. Константин Меньшов (Ресей) — 2622

 

43. Абзал Рақымғалиев (Қазақстан) — 1151.

Басты сөздер: ОлимпиадаСпорт
 
0
217
0