Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:03, 12 февраля 2014

«Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Елбасы Жолдауын талқылады

Бүгін «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасында әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылады. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» стратегиялық құжатының негізгі ережелерін түсіндіру үшін Қарағанды гарнизонына ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы келді.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің командирлерімен, олардың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларымен кездесті. Сондай-ақ, аталған шараға гарнизонның әскери полиция бөлімінің бастығы, облыстық әскери-техникалық мектептің басшылары және Қарағанды облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы қатысты.

Командирлер әскери қызметшілердің жас буынына жаңадан құрылған әскери-техникалық мектептер мен әскери-патриоттық тәрбие орталықтары арқылы патриоттық тәрбие беру мәселелерін талқылады.

– Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы халыққа Жолдауында Жаңа Қазақстандық Патриотизмның идеялық негізін нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Жалпы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік, деп Президент атап өткендей, біздің алдымызда Отанына шын берілген болашақ офицерлерді тәрбиелеу тапсырмасы тұр, – деді ҚР ҚК Бас штаб бастығының орынбасары.

Қарағанды гарнизоны әскери бөлімдерінің басшылық құрамымен кездесу барысында Қарулы Күштердегі әскери тәртіпті нығайту мәселелері де қаралды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
247
0