Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:26, 11 февраля 2014

ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери өкілдіктер орталығында Елбасы Жолдауын талқылады

Blog post imageБүгін Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери өкілдіктер орталығында Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндірген жиын болып өтті. Жеке құрам «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдаудың негізгі тармақтарын талқылады.

ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктер орталығының бастығы стратегиялық құжат ережелеріне егжей-тегжейлі түсіндірме беріп, әскери қызметшілерді қызықтырған бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Полковник Мұхтар Қарабеков:
– Биылғы Жолдаудың айырмашылығы еліміздің әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіру жоспарының тұсаукесерімен ерекшеленеді. Бұл жоспар мемлекетіміздің алда тұрған жұмыстарының ұзақ мерзімді басымдықтарынан тұрады. ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы бізге ынта-жігермен жұмыс істейтін нақты тапсырмаларды анықтап берді, – деді.

Сондай-ақ, аталған іс-шарада әскери өкілдіктердің бастықтары қызметтерінің қорытындысын шығарып, алда тұрған тапсырмаларды талқылады.

Бір жыл ішінде Әскери өкілдіктер орталығы Қазақстан Республикасы қорғаныс-өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының өндірістік мүмкіндіктерін, сондай-ақ кәсіпорындардың мемлекеттік қорғаныс тапсырыс
іс-шаралары бойынша конструкторлық және технологиялық құжатнамасын зерделеді. Өткен жылы әскери мақсаттағы өнімдердің сапасын бақылауды қамтамасыз ету саласындағы қолданыстағы келісімдерге тексеріс жүргізілді.

– Қазіргі уақытта Орталықтың қалыптасу процесі, нормативті-құқықтық базаның қалыптасу, әскери стандарттарды әзірлеу, мамандарды дайындау процесі жүргізілуде. 2014 жылғы қаңтардан бастап әскери өкілдіктер өнімдердің сапасын бақылауға толық кірісті, - деп атап өтті полковник Мұхатр Қарабеков.

Орталық кәсіпорындардың меншік үлгісіне тәуелсіз мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалу сапасына бақылау жүргізу үшін осыдан бір жыл бұрын құрылған болатын. ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери өкілдіктер орталығы Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар үшін өндірілген әскери өнімдердердің сапасын, оларға жүргізілген жөндеу жұмыстарын, техникаларды жетілдіру жұмыстарын қадағалайды.

Орталық құрамына қорғаныс тапсырыстарын орындайтын кәсіпорындарда құрылған 13 әскери өкілдік кіреді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
387
0