Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
00:49, 10 февраля 2014

Бірінші қадам

Мақала жазу оңай шаруа емес. Ол бәрімізге белгілі.  Салиқалы ойың болмаса КазҰУ-ң журналистика факультетіндегі  төрт жылдық білімің немесе MediaNet-те үш ай оқу көмектеспейді.

Алфред Нортклифтің «Журналистика өзің  түсінбеген нәрсені өзгеге түсіндіру» деген тіркесін әркім өзінше түсінер.  Меніңше, осы ой экономикалық журналистикаға арналған. Аудитория іздеп оқитын, қазақ тілінде жазылған (орысшадан аударылмаған), сауатты, түсінікті экономика саласында сарапатамалық мақала жоқ. Ал, білімді, тәжірбиелі журналист көп.

Журналистикада «Салалық журналистиканы дамыту керек!» деп көп айтылады, көп жазылады. Ол ақырындап бағыт ала бастады.

Мен екінші курсатан бастап, экономикалық журналистикаға қызықтым. Алайда, жалқалығымнан шығар, ол ниетім  төрт жылы бойы тек мақсат күйінде қалды. Бүгін менің «Іскерлік журналистика» клубына  мүше болуым мені қайтадан «екінші курсқа алып келді». Енді барлығын басынан бастаймын.

Түйгенім: журналист болу үлкен жауапты іс! Әсіресе, экономика, қаржы саласында сараптамалық мақала жазу терең білімді, биік парасаттылықты талап етеді. Одан бөлек логикалық ойлау мен таным да бар. Сауытбек Абдрахманов айтпақшы, «Журналистикада биікке көтерілуді ешкім үйретпейді. Оның оқуы да жоқ. Оған тек еңбек, ізденіс, шұрайлы тіл,  тәжірбие керек!».

Демек, өзіміз түсінбегенді өзгеге түсіндірудің қажеті жоқ.

Осы уақытқа дейін Сән и Я-ң блогын жүргіздім. Онда басылымдарда жарияланған мақалаларым, жазбаларым топтастырылған.

Мені енді «Іскер журналистпін!». Бұл блогым осыған арналады. Зерттеп журген Data journalism бойынша пайдалы мәліметтермен толықтырып отырамын.

 
1
396
0