Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:12, 05 февраля 2014

Солтүстікте Сочи қатысушыларын қолдау шарасы өтті

Blog post image
Солтүстікқазақстандықтар Сочи Олимпиадасына қатысатын спортшыларымызды қолдау шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Қақаған аязға қарамастан Қарасай стадионына жиналған адамның қарасы көп болды.

Спорт сүйер қауымға сөз арнаған облыс әкімі Самат Ескендіров Сочи Олимпиадасына аттанған қызылжарлық конькишілер Дмитрий Бабенко мен Роман Креч және Паралипиадалық ойындарға қатысушы шаңғышылар Қайрат Қанафин мен Елена Мазуренколардан жеңіс күтетінін жеткізді. Спорт ардагері Виктор Бондоренко мен конькиші Татяна Сокирко да қазақстандықтарға Сочиден құр қол қайтпауға тілектестік білдірді.

Олимпиадашыларды қолдау шарасы шаңғышылар мен конкишілердің стадионға Олимпиада алауын алып кіруімен басталып, соңы әуесқой шаңғышылар арасындағы шаңғы жарысы мен хоккейшілер арасындағы жолдастық кездесумен аяқталды.

Автор: Ербақыт Амантайұлы  

Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/allsports/soltustkte-sochi-katyisushyilaryin-koldau-sharasyi-ott-546/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Tengrinews.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

 
0
112
0