Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:23, 04 февраля 2014

WWW.ELARNA.COM — ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚҚА ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫН ТАРАТЫП ОТЫР

АСТАНА. 31 қазан. BAQ.KZ – www.elarna.com-ды бірден телеканал Ел-Арнаның сайты екен деп қалатыныңызға күмән келтірмейміз. Бірақ, ол Қытайдағы қазақтарға Қазақстанның ең үлкен бұқаралық ақпарат құралдары таратқан жаңалықтарды солармен бірдей уақытта төте жазу нұсқасында жариялап үлгеретін сайт екен.

Blog post image

Сайттағы көрсетілген мекен-жайлар бойынша www.elarna.com-ға хабарластық. Сайтты құрушы – Парижде химия мамандығы бойынша оқуын жалғастырып жүрген магистрант Жолдас Нұрсұлтанұлы болып шықты. Қытайдың Құлжа қаласында туылған жас азамат бізге өзінің компьютерлік программаларды жасауға кішкентайынан әуес екендігін айтты. Оның сабақтан босаған әредік уақыты компьютердің алдында өтеді екен. Жолдасқа сайттың төте жазудағы нұсқасының соншама жеделдігіне таң қалғанымызды да айттық. Ол күле жауап қайтарды:


«Ол менің өзім жасаған программамның арқасында Қазақ елінің жаңалықтарын автоматты аударып отырады. Дәлдігі мен дұрыстығы 100 пайыз деп айтуыма болады. Бұл сайт арқылы Қытайдағы қазақтар Атажұртымызда болып жатқан кез-келген жаңалықтармен сол уақытта танысып отырады».
Шынымен де солай екен. Сайттың басты бетін ашып қалсаңыз қазақша және төте жазудағы нұсқаны қалағаныңызша таңдай аласыз. Сонымен қатар бұл бетте «бүгінгі мәлімет» мен «кешегі мәлімет» атты санды мәліметке көзіңіз түседі. Яғни, сайттың бүгін 31 қазандағы жариялаған материалы 372-ге жетсе, кешегі жолданған мақала 449-ға жеткен.

Ары қарай, «қазақша» тілді таңдадық. Қазақстандық БАҚ қабатқа бөліп орналастырылған. 1-қабатқа BNews, Каспий желісі және Қазақпарат үш қатар болып жайғасқан. 2-қабатта «Егемен Қазақстан» газеті , «Хабар» агенттігі, «Қазақстан» ұлттық арналарының сайттары орын алыпты. 3-қабатта «Дала мен қала», «Замана» және «Айқын» газеттерінің сайттары орналасқан. 4-қабат «Халық сөзі», «Түркістан», «Астана ақшамы» газеттеріне бұйырған. 5-қабат muftyat.kz, «Ислам және өркениет» газетінің сайты, sunna.kz сияқты діни басылымдар мен сайттарды қамтыған. 6-қабат Шығыс Қазақстанның басты сайттарының бірі altaynews.kz, «Намыс» порталы және спорт сайты alaman.kz жаңалықтарын таратады екен. Ал, 7-8-қабаттарға Қытайдың қазақша ресми ақпарат тарататын сайттарын орналастырған. Оған қытайдың ең үлкен теле арнасының (CCTV) қазақша сайты, Онлайн телеарна, онлайн радио, «Тәңіртау» және «Халық» тораптары қамтылған.

Blog post image

Сайттың «төте жазу» деген батырмасын бассаңыз жоғарыдағылардың барлығы төте жазу үлгісіне өзгеріп шыға келеді. Қытайдағы қандастарымыз, міне, осы «төте жазудан» сусындап, сол мағлұматтарға ие болып отырады екен.

Blog post image

 

Автор: Майгүл СҰЛТАН

BAQ.KZ


 
0
2196
0