Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:39, 03 февраля 2014

Павлодар «Нұр Отан » Партиясы Павлодар қалалық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының жаңа атқарушы хатшысы сайланды

3 ақпан күні 2014 жылы «Нұр Отан » Партиясы Павлодар қалалық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшының кезектен тыс сайлауы өткізілді. Конференцияны «Нұр Отан» Партиясы Павлодар қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ешмұратов Арман Қанатұлы өз сөзімен бастады. Жиын барысында ПМПИ Тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі басқарма жетекшісі - Утюбаев Елнар Шонанұлы өз баяндамасында биылғы Елбасы жолдауының негізгі аспектілеріне тоқталып өтті. Павлодар облыстық филиалы «Нұр Отан» Партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты атқарушы хатшысының орынбасары Қызылбаев Арман Сейілұлы өз баяндамасымен конференцияны жалғастырды. Сайлауда колледж, лицей, жоғарғы оқу орындарынан студенттер қатысып, өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін айта отырды. Жалпы бұл жиында 210 студент қатысты. Сайлау барысында басым дауысқа ие болған Кенжетаева Айгүл Серікқызы «Нұр Отан» Партиясының «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы болып сайланды. #ЖасОтан


Blog post image


Ақпаратты дайындаған: Замира Солтанова, С.Торайғыров ат. ПМУ-нің, Жур-101 тобының студенті.

0
1157
0