Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:24, 27 января 2014

Боченски мен Руденконың дублi «Барысқа» жеңiс әкелдi

Боченски мен Руденко
Ресейдiң Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезектi кездесуiнде астаналық «Барыс» Омбы қаласында жергiлiктi «Авангардты» овертаймда тiзе бүктiрдi. Сырт алаңда өткен ойын 5:4 есебiмен аяқталды.

Алғашқы голды ҚХЛ-дың үздiк шабуылшысы Брэндон Боченски салды. Дегенмен Сергей Широков «Авангард» клубының есесiн көп кешiкпей қайтарды. Екiншi айналымда Брэндон Боченскидiң тағы бiр голының арқасында «Барыс» 2:1 есебiмен алға шықты. Осыдан кейiн жiгерлерiн қайрай түскен ресейлiк хоккейшiлер астаналық клубтың қақпасына екi гол салып кеттi. Шайба авторлары — Денис Куляш мен Александр Пережогин.

Үшiншi айналымда екi команда да нағыз кескiлескен ойын көрсеттi. «Барыс» ойыншылары Константин Руденко мен Найджел Доус есептi теңестiрiп қана қоймай, өз ұжымын алға шығарса, «Авангардтық» Сергей Калининнiң соңғы голы ойын тағдырын овертаймға ауыстырды.

Овертаймда Константин Руденко «Барыстың» мерейiн үстем еттi. Келесi матч 28 қаңтар күнi Астанада «Югра» клубына қарсы өтедi.

 
0
114
0