Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:41, 22 января 2014

«Сарыарқа» хоккей клубы Ресей чемпионатында алдына жан салар емес

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы
Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы Жоғары хоккей лигасы аясында «Кубань» командасын буллит сериясы бойынша жеңдi.

Ойынның негiзгi уақыты 1:1 есебiмен аяқталған болатын. Қарағандыда өткен матчта бiрiншi болып айдын иелерi есеп ашты. Олег Ломако бiрiншi айналымда «Сарыарқаны» алға шығарды. Екiншi жиырма минуттықта Сергей Пайора «Кубаньдi» жеңiлiстен сақтап қалды. Буллиттер сериясында Ломако қарағандылықтардың мерейiн үстем еттi.

Осы жеңiсiнiң арқасында «Сарыарқа» 77 ұпай жинап, чемпионаттың бiрiншi орнына көтерiлдi.

 
0
244
0