Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:15, 13 апреля 2010

МиниBarcampCA10: едел-жедел

Қазір Bookmark ғимаратының (Тимирязев-Байтұрсынұлы қиылысы) жертөлесінде отырмыз. Xat.kz осында қоныстаныпты. Минибаркэмп өтуде. Бұл осы аптаның соңында өтетін BarcampCA10 қатысушыларының алдын ала шай ішерлері. Яғни, міндеттер бөлісуде. Кім не істейді, кімді күтіп алады т.с.с. жұмыстар.

Blog post imageБаркэмптің де той тәрізді болғаннан боладысы қызық. Ғаламтордың әрбұрышында жүрген тілектес жандардың бір істі қолға алып, жүзеге асыруы олардың арасында ынтымақтастықтың, түсініктің артуына септеседі. Бейресми конференцияның артықшылығы да осы. Әрине, айтылатын ойлар, презентациялар тың бастамалардың дүниеге келуіне түрткі болады. Бірақ ең қызықтысы осы. Кешке немесе баркэмп басталғанша болатын кездесулер, пікіралмасулар.

Баркэмпке неге келген дұрыс?

  1. Тың ойларға қанық боласың
  2.  Жаңа адамдармен танысасың 
  3. Өз интернет жобаңды жүзеге асыруға мүмкіндік табасың
  4. Уақытың қызық та, тиімді өтеді.
  5. Бірақ ең бастысы, адам өзіне не керек екенін біліп, соған ұмтылғаны жөн.

    Қазір Жанат қандай көмек керек екенін түсіндіруде. Жиырмадан аса қатысушылар жиналып отыр. Мурся да келді. Шебер де осында. Twitter-де Баркэмпті #barcampca10 деген қыстырмамен қадағалап отырсаң болады. Сурет авторы

0
462
8