• 365304
  • 24
  • 4
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қазақстан мен Израиль қорғаныс министрлері әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

2014 жылғы 20 қаңтарда Тель-Авивте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің ресми сапары барысында Қазақстан мен Израиль қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуі болды. Кездесу барысында Әділбек Жақсыбеков пен Моше Яалон екі ел арасындағы әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Әділбек Жақсыбеков Моше Яалонға және Израиль халқына бұрынғы Премьер-министр Ариэль Шаронның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Әділбек Жақсыбеков:
- Қазақстан іс жүзінде тәуелсіздік алған уақыттан бері Израильмен дипломатиялық қарым-қатынасын жалғастырып келеді. Қазақстан қорғаныс ведомствосы израильдік тараппен әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі, ол қазіргі уақытта айтарлықтай жандана түсті, - деді.
Өз кезегінде Израиль Қорғаныс министрі Моше Яалон:
- Қазақстан Қорғаныс министрінің Израиль мемлекетіне алғашқы ресми сапары екі ел қорғаныс ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға оң ықпал етеді, – деп атап өтті.
Тараптар Қазақстан мен Израильдың әскери ынтымақтастығы бүгін Тель-Авивте қол қойылған әскери-техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық Келісімді іске асыру шеңберінде жаңа қарқынға ие болатынын атап өтті.
Әділбек Жақсыбеков осы Келісімге екі ел қорғаныс ведомстволарының жақсы перспективалық өзара іс-қимылына бағытталған тағы бір қадам болады деген үміт білдіретінін жеткізді.
- Қазақстанның өз Қарулы Күштерін жетілдіру ниетін ескере отырып бізге Израиль Армиясының жауынгерлік даярлық тәжірибесі қажет және маңызды, біз ведомстволарымыздың тең құқылы және өзара тиімді принциптерде ынтымақтастығын жүзеге асыра аламыз, - деп ҚР Қорғаныс ведомствосының басшысы атап өтті.
Арнаулы мақсаттағы күштер арасындағы байланысты жолға қою мақсатында ҚР Қорғаныс ведомствосының басшысы Израиль Қарулы Күштерінің өкілдерін 14-19 шілдеде Спасскіде өтетін «Алтын үкі» мергендер жұптарының халықаралық жарысына қатысуға шақырды.
Израильге ресми сапар барысында ҚР Қорғаныс министрі бастаған қазақстандық әскери делегация бірқатар әлемдік әскери техника өндіруші компанияларда: қару-жарақ жүйелерін өндірумен, жаңғыртумен және әскерлерге интеграциялаумен айналысатын Israel Military Industries (IMI); қару-жарақтың әр түрін, ұшақсыз ұшатын аппараттар жүйелерін, авиониканы, радиолокацияны әзірлеу және жаңғырту жөніндегі, ғарыштық барлау жерсеріктерін әзірлеуге қатысатын «Elbit Systems», әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің зымырандары мен авиациялық технологияларын, тактикалық зымыран қаруын шығаратын «Rafael» компанияларында болды. Қазақстандық әскери делегацияға шығарылатын қару-жарақтың іс-жүзінде қолданылуы компаниялардың полигондарында көрсетілді.
Әскери-техникалық салада әрі қарай өзара іс-қимылды жолға қою үшін қазақстандық қорғаныс ведомствосының басшысы Израильдің қорғаныс компанияларын мамыр айында Астанада өтетін халықаралық «КАДЕКС-2014» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесіне қатысуға шақырды.
- Қорғаныс саласындағы Қазақстан-Израиль ынтымақтастығы өз дамуының жаңа кезеңіне шықты. Израильдің Президентімен және әскери басшылығымен кездесу, сондай-ақ қол қойылған үкіметаралық келісім екі ел әскери ведомстволарының жемісті өзара іс-қимылы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, - деп Әділбек Жақсыбеков Израиль Мемлекетіне ресми сапарын қорытындылады.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
МО РК minoboronyRK
Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz
20 января 2014, 21:34
139

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Мне как казаху по национальности очень хотелось туда попасть. Оказалось, что климат там намного суровей и люди, говорят, суровые и воинственные. Казах – город на западе Азербайджана...
alidimash
18 янв. 2017 / 21:50
  • 31232
  • 18
Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

В спальных районах, и в высотных домах сквозь стены слышно завывание ветра. В особенности ночью. Такие звуки, я слышала, пожалуй, только по телевизору, в фильмах про метель.
Naomi_K
20 янв. 2017 / 12:36
Разрубить сирийский узел. Казахстан как миротворец сделает невозможное?

Разрубить сирийский узел. Казахстан как миротворец сделает невозможное?

Только что в Астане начались межсирийские переговоры. Событие это примечательно не столько содержанием и ожидаемыми результатами, а самим фактом.
openqazaqstan
23 янв. 2017 / 13:35
  • 3722
  • 16
Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Смотря в очередные пустые глаза вчерашнего студента, приходящего устраиваться на первую работу страшно становится. Потому что сравниваю с теми же китайскими студентами, которые готовы выгрызать себе мечту.
mbaitykov
18 янв. 2017 / 11:34
Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Помню, когда я уезжал и Казахстана, тут было довольно прилично, даже не смотря на то, что жить было невыносимо. Но прилично так. Мусора было меньше. Дороги чистили, вони почти не было. Да и в остальном тоже норм.
shootnix
18 янв. 2017 / 12:49
  • 4012
  • 37
Алматы глазами обычного парня из Астаны – большая барахолка всего Казахстана

Алматы глазами обычного парня из Астаны – большая барахолка всего Казахстана

"Местные" люди мне понравились - разодеты как феерические единороги. Каждый одет по последнему писку моды. По сторонам не смотрят, не обращают внимания на других людей и им побоку, что думают окружающие.
Madya_R
вчера / 11:36
Поправки в стиле «1937» не прошли. МИК отказалось от запрета анонимных комментариев

Поправки в стиле «1937» не прошли. МИК отказалось от запрета анонимных комментариев

Сегодня Министерство информации и коммуникаций исключило из законопроекта предложенные ранее нормы, предполагавшие «деанонимизацию» комментаторов и регистрацию блогеров.
openqazaqstan
20 янв. 2017 / 12:12
  • 2545
  • 22
Почему мужчины используют некоторых женщин? Случай из жизни

Почему мужчины используют некоторых женщин? Случай из жизни

Однажды мне довелось приеxать к своей сестре в другой город с ночевкой. Она живет одна и ей почти 33 и она не замужем. Лично я считаю, что её старой девой называть рано, она все еще открыта для...
Roza_pvl
19 янв. 2017 / 15:32
  • 3016
  • 94
Пожив в Китае, привыкаешь к вопросам типа «Ты что, не китаянка?»

Пожив в Китае, привыкаешь к вопросам типа «Ты что, не китаянка?»

Привет всем) Сегодня хотелось бы поделиться ощущениями, какого это быть "чужой" среди "своих" Около одного года проживаю в Китае, и уже сама начинаю верить, а иногда даже задумываться о вероятности...
asemik07
20 янв. 2017 / 18:52
  • 2426
  • 19