место в рейтинге
  • 47630
  • 2
  • 6
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Мәсіх және Мәһди (әс) Аллаһтың Елшісі Мұхаммедтің (сәс) көзімен. Хадис 21-30 (40тан).

(Жалғасы. Басы: Хадис 1-10 http://yvision.kz/post/365420

Хадис 11-20 көру үшін: http://yvision.kz/post/365429

Хадис 31-40 көру үшін: http://yvision.kz/post/589496)

№21. Аспандағы ай мен күннің куәлігі

 

Мұхаммед бин Әли (Бәқир, Хәзірет Имам Әли Зәйн әл-Әбидиннің ұлы және Хәзірет Имам Хуссейннің немересі) баяндайды: «Ақиқатында, біздің Мәһди үшін екі белгі пайда болады, олар аспан мен жер жаратылғаннан бері ешқашанда пайда болмаған. Рамазан айының бірінші күні ай тұтылады, ал оның ортанғы күні күн тұтылады; және бұндай белгі аспан мен жер жаратылғаннан бері ешқашанда пайда болмаған».  (Сунән Дар Құтани. Китәб-үл-Йидәйн. Бәбу сыфәти саләти-л-хұсуфи уә-л-құсуфи)

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадисті ‘Әлләмә Құртуби Тәзкира атты еңбекте, Әлләмә Суйути Әл-Хауи атты еңбекте және Әлләмә Ибн Һәҗәр Хайсми Әл-қаулү-л-мұхтасар атты еңбекте баяндаған. Бұлардан бөлек, ертеректегі көптеген ғұламалар да осы хадисті сөз еткен; осы хадистің сенімділігін шииттік мектептің өкілдері де мойындайды. [1]

Сонымен қатар Құран Кәрімде де ақыр заманда орын алатын, яки ақыр заманның келгенің куәлендіру ретінде ай мен күннің тұтылуы айтылады (Әл-Қыямат сүресі 75:9-10). Келтірілген хадисте осы бір ұлы құбылыстың мейлінше егжей-тегжейлі белгілері сөз етіледі, олар Имам Мәһдидің хақтығын растау үшін орындалмаққа тиіс болды, - бұл белгілердің орындалуын әлем қалтқысыз тағатсыздана күткен. Сонымен, бұл белгі һиҗра бойынша он төртінші ғасырдың  басында рамазан айында 1311 ж. х. (1894 ж.) дәлме-дәл орындалды. Айдың тұтылуы табиғат заңына сай тұтылуға арналған үш күннің, яки ай күнтізбесі бойынша 13ші, 14ші және 15ші күндердің ішіндегі біріншісі – 13ші рамазанда орындалды (ол 1894 жылдың 23-ші наурызына сәйкес келеді). Ал күннің тұтылуы табиғат заңына сай тұтылуға арналған үш күннің (яки ай күнтізбесі бойынша 27,  28, 29) ішіндегі ортанғысы – 28ші рамазанда орындалды (ол 1894 жылдың 6-шы сәуіріне сәйкес келеді). [2] Шииттік баяндамалардан мәлім болғандай, бұл белгінің «Қасиетті Пайғамбар сәс үйінің адамдарының» арасында әйгілі болғандығы соншалықты, тіпті Имам Мұхаммед Бәқир кей-кездері жанылысып па, әлде түсінбестіктен бе ай мен күннің тұтылу күндерін шатастырып отырыпты, яғни күннің тұтылуы – айдың ортасында, ал айдың тұтылуы – аяғында деп, сол кезде оны тыңдап отырған біреу байыппен түзетіпті: «О, Пайғамбардың сәс ұрпағы! Күннің тұтылуы айдың аяғында, ал айдың тұтылуы ортасында орыналады». [3]

Тұтылу күндеріне қатысты қарсы пікір бар, яки, тұтылу күндері рамазанның 1-і мен 15-і болуы керек-міс; мұндай қарсы пікір Құран Кәрімге ғана емес, сондай-ақ (Алланың жаратқан – А.Р.) табиғат заңдылықтарына да қайшы, яғни, ай мен күн тұтылатын күндер еш өзгеріске ұшырамайды, өйткені барлық планеталар нақты өздерінің мызғымас өстерін айнала қозғалады  (Йа Син сүресі 39:41). Сонымен қатар айта кететін бір жәйт, ай туғанда (яғни, жаңа туған айдын алғашқы күндерін) араб тілінде әрқашанда хиләл сөзімен белгілейді. Ал Қасиетті Пайғамбарымыз сәс тұтылатын ай – қамар деді. Сондықтан, күндерге қатысты мәселені Мәһдидің міндетін атқаруға талапкерлік қылған (Қадиандық Хазірет Мирза Ғұлам Ахмадтың әс) өмір сүрген кезінде көріпкелдікте айтылғандай дәлме-дәлме, күнбе-күн орындалған тұтылыстың өзі шешіп берді. Мұғжизалық бұл белгі орындалған соң, келтірілген хадистің сенімділігіне қатысты мәнсіз қарсы пікірлерге орын жоқ, өйткені көріпкелдіктің өзі өз хақтығын дәлелдей білді.  Ал осы хадистің баяндаушыларының тізімі Қасиетті Пайғамбарға сәс дейін жетпейді деген сұраққа келетің болсақ, онда бұған қатысты келесі жәйді ескерген дұрыс: «Қасиетті Пайғамбар сәс үйінің адамдарынан» шыққан имамдардын шыншылдығына, атақ-дәрежелеріне орай, олардан баяндаманың сенімділігі талаб етілмеген. Алайда бұл дегеніміз, олардың айтқан сөздерінің сенімділік деңгейі еш анықталмастан Қасиетті Пайғамбарға сәс жапсарланған дегенді мүлдем білдірмейді. Тіпті Имам Бәқирдің айтуынша, оның айтқан хадистерінің баяндаушылар тізімі Қасиетті Пайғамбарға сәс жетпесе де, бұл хадистер келесі тұрақты ұстанымға бағынышты:

«Қашан мен қандай да бір хадисті баяндаған кезде, оның шыққан жерін айтпасам, онда оның қайнар көзі келесідей болмақ: бұл хадисті маған менім құрметті әкем (Әли Зәйн-үл-Абидийн) айтты, оған – менім атақты атам Имам Хусейн айтты (оған Алланың ризашылығы болсын), ал оған – оның ардақты атасы Қасиетті Пайғамбар айтты (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), ал оған өз кезегінде Жебірейіл әс жеткізді, ал Жебірейілге әс сөз тастаған Әлемнің Раббысы, яғни Алланың Өзі». [4]

Заңға қатысты құжаттарды олардың анықтамасымен қоса зерттегендей, шыққан жері көрсетілмеген Имам Бәқирдің кейбір баяндамаларын зерттеу міндетті түрде оның өзі орнатқан ұстанымдарына негізделуі керек. Сондай-ақ келтірілген хадис бір жағынан ғайыптан жіберілген хабар болып табылады; онда қалайша Хазірет Имам Мұхаммед Бәқир өздігінен қандайда бір көріпкелдікті айтып, ол көріпкелдік мың үш жүз жылдан кейін дәлме-дәл орындалып шықты?!  Пайғамбардан басқа ешкім көзге көрінбейтің ғайыптан хабар жеткізе алмайды, мұндай іс Пайғамбардан басқа ешкімнің қолынан келмейді.

Сондықтан, бұл – еш күмәнсіз, өткен мың үш жүз жыл ішінде Мәһдидің міндетін атқаруға білдірген біреу-міреудің талабын растау үшін бірде бір рет орындалмаған өте керемет белгі, және ешбір талапкер оған сілтеме жасап жалпы халықтың талқысына ұсынбаған. Алайда, Хазірет Мирза Ғұлам Ахмадтің әс баршаға аян болсын деп жасаған мына жариясына назар салыңыздар:

«Өткен мың үш жүз жыл ішінде көптеген адамдар Мәһдимін деп талаб білдірген, бірақта олардың ешқайсына бұл аспан белгісі орындалмады... Өмірім Оның қолында болған Алланың атымен ант етейін, Ол менім хақтығымды растау үшін осы бір аспан белгісін көрсетті». [5]

 

Дереккөздер:

1. а) Тәфсир-и-Сафи. 1 бөлім, 765-бет, Китәб фуруши исләмийя. Тегеран.

б) ‘Әлләмә Кумми. Икмалү-д-дин. 614-бет, Хайдариййа, Неҗеф.

2. а) Сивил энд Милитри Газетт. Лахор. 07.04.1894.

б) Сираҗу-л-ахбар. 11.06.1894.

3. ‘Әлләмә Йусуф бин Йахйа әш-Шәфи‘и. (7-ші ғасыр х.) ‘Ақду-д-дурар фи ахбари-л-мұнтазир. 65-бет, ‘Әлиму-л-фикр. Қаир.

4. ‘Әлләмә Мұхаммед Бәқир Мәжлиси. Китәбу-л-иршад. (Бихару-л-әнуар – б/ша дәйексөз, аударма 4 т., 71-бет, Махфуз Бук Эйҗенси. Мёртон Роуд. Қарачи.

5. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Тохфа голарвийя. 33 –бет, // Рухани Хазаин. 17 т., Мүбәрәк Сәқи, Лондон. 1984, 142-143 беттер.

№22. Уәделенген Мәсіх пен Имам Маһдидің атқаратын ұқсас істері

 

Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты деп, Әбу Һурайра (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды: «Әлбетте сендерге әділ сот ретінде Мәриямның ұлы келеді. Ол сөзсіз крестті (айқышты) қиратады, шошқаны өлтіреді, міндетті түрде жизияны16 алып тастайды. Және (сол кезде) түйелер тастаулы болады, олар көлік құралы ретінде қолданудан қалады. (Уәделенген Мәсіхтің) арқасында қызғаныш, ашкөздік, өшпенділік жоғалады, ол байлықты иемденуге шақырады, бірақ сол байлықты ешкім қабылдамай қояды». (Мүслим, Китаб-л-иман, Бабу нузули Иса бни Марйама)

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадис кішігірім өзгешеліктермен Бұхарида, Әбу Даудта, Ибн Мәджаһта және Тирмизиде бар, және оның сенімділігін аталған хадис жинақтаушылардың барлығы бір ауыздан мойындайды.

Келтірілген хадисте бір белгі жайында сөз етіледі, ол Уәделенген Мәсіхас келгенде орындалатын басқа барлық белгілердің пайда болу заманың анықтауға жетелейді, ол белгі: түйелердің негізгі көлік құралы ретінде қолданудан қалуы. Құран Кәрімде ақыр заман белгілері жайында айтылғанда да, мына аят та соны меңзейді, яғни: «буаз түйелер қараусыз қалған кезде» (Әт-Тәкуийр сүресі 81:5). Ғасырдан астам уақыт бұрын автомобильдер, ұшақтар және т.б. көліктердің жаңа түрлері ойлап табылған кезде, әлгі көріпкелдік дәлме-дәл орындалған болатын. Кезінде «шөл кемелері» деп аталған түйелер, көліктің негізгі құралы болудан қалған еді. Егер көкірек көзі мен ойұшқырлығын қолдана отырып, ардақты Пайғамбарымыздыңса терең ойлы, көп мағыналы сөздеріне үңілсек, сол уақыт көріпкелдіктегі басқа да белгілердің пайда болу уақыты екенін түсінуге болады.

Уәделенген Мәсіхтің басқа да белгілерінің арасында оның әділ сот, әділ төрелік жасайтыны жайында айтылады, яғни, ол әділдікті ту етіп, үмметтегі қайшылықтарды түпкілікті шешеді дегенді білдіреді. Уәделенген Мәсіхтің басты міндеттері ретінде «айқышты сындыру» және «шошқаны өлтіру» істері бар. Осы хадистің түсіндірмесіне Ғұлама Бадру-д-дин Айни былай деп жазған еді:

«“Айқышты сындыру” дегеніміз, яһудилер Исаны айқышта өлтірді делінген насранилердің (мәсіхшілердің) сөздеріндегі өтірікті теріске шығаруды білдіреді, бұл маған Алланың рақымымен ашылған түсіндірме». [1] Олардың дәлеледерін іс жүзінде теріске шығару арқылы, христиан дінінің осы бір сенімі қиратылатын болады.

Сондай-ақ, Мәсіх пен Маһдидің атқаратын істері хадистерде бірдей суреттелгенін ескерсек, осы екі титулды есімдер бір тұлғаға берілгендігін қуаттайды. Хазірет Әбу Һурайраға сілтеме жасаған Имам Ахмад бин Ханбалдың баяндамасына сай [2], және Ғұлама Ибн Хаджар Хайсмидің түсіндірмесі бойынша, Мәсіх пен Маһдидің көздеген мақсаттары бір болады. [3] Сондықтан «айқышты сындыру» Маһдидің де міндеттерінен деп көрсетілген. [4]

Осы айтылғандардан тағы бір нәрсені ұғуға болады, яғни Құдай Тағаланың жазуына сай, Уәделенген Мәсіхас христиандықтың үстемдік етіп тұрған дәуірінде келеді, ол мықты дәлелдер мен дау тудырмайтын уәждердің арқасында Исламның христиандықтан еселі артық екендігін дәлелдеуі тиіс. Демек, Уәделенген Мәсіх әрі Имам Маһди Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад Қадианиас Құран Кәрімнің, хадистердің және христиандардың Киелі Кітаптарының негізінде Мәриямның ұлы Иса Мәсіхтіңас марқұм болғанын дәлелдеп, Исаны құдайға балау, Үшқұдайлық және т.б. христиан сенімдерінің негізсіз екендігін дәлелдеу арқылы, Исламды христандықтан үстем қылу жолында сіңірген ұлы еңбектерінің бірінен болғаны. Осылайша, Хазірет Мирза Ғұлам Ахмед сахиб Мәсіхтің өлімін дәлелдеу арқылы, Үндістаннан бастап Еурапаға дейінгі, христиан дінқызметшілер-миссионерлерді жеңіліске ұшыратты - деп, Деобан мектебінің ғұламасы Мауляуи Нұр Мұхаммад Накшбанди мойындаған болатын. [5]

Жоғарыдағы хадисте жизияны алып тастау мәселесі көтеріледі, бұл дегеніміз Уәделенген Мәсіхас дін үшін соғыс жүргізбейді, соғыс қаруын көтермейді дегенді білдіреді, өйткені Сахих Бұхаридегі тағы бір баяндамада йаза‘у-л-харб деген сөздер бар, бұл сөздердің ішкі мағынасы Уәделенген Мәсіхтің дәуірінде қарумен жиһад жүргізудің шарттары болмайды дегенді білдіреді. Сондықтан, Уәделенген Мәсіхас дәлелдердің қуатымен Исламның жауларына қарсы тұрып, оларды анық әрі түпкілікті жеңіліске ұшыратады. Ардақты Пайғамбарымызса Маһдиге де қатысты осы белгілер жайында айтқан, яғни Маһди қан төкпейді, деп. [6] Шииттік әдебиеттерде де Маһдидің заманыңда дін үшін соғыстар болмайды делінген. [7]

«Шошқаны өлтіреді» дегенді тура мағынада түсіндіру, яғни Мәсіх жабайы доңыздардың соңына түсіп, оларды өлтірумен әлек болады деу, біріншіден, күлкілі; екіншіден, пайғамбардың абырой-дәрежесіне сай келмес. Құран Кәрімде азғын яһудилерді «маймылдармен», «шошқалармен» салыстырады (Әл-Майда сүресі, 5:65). Осыған орай, Ғұлама Рағиб Исфаханидің пікірі бойынша, «шошқа» деген сөз әдеті мен моральдық жағынан төмен, азғын адамдарды білдіреді. [8] Түскөру ғылымында да (яғни астарлы мағынада түсіндіру ғылымында) «шошқаны өлтіру» деген сөз «қатігез қарсыласты жеңу» дегенді білдіреді. [9]

Сондай-ақ хадистерде ақыр заманның арам ниетті дін қызметшілерінің жағымсыз мінез-құлықтары, жалғандықтары, жаман істері мен өтірікшіл болатыны себебінен олар «маймылдар мен шошқалар» деп айтылған. [10] Демек, «шошқаны өлтіру» дегеніміз, Ислам дінінің жауларын ақыл дәлелдерімен жеңу және оларды дұғаның көмегімен, мубахаланың көмегімен залалсыздандыру дегенді білдіреді. Дәл осылайша, христиандық көсем доктор Дови, священник Абдулла Атхам, индуистік пандит Лекх Рам және тағы басқа көптеген арам ниетті Исламның кейбір жаулары Уәделенген Мәсіхпенас күреспек болып залалсыздандырылған болатын.

Хадистің соңында айтылғандай, Уәделенген Мәсіхасбайлықты иемденуге шақырады, бірақ сол байлықты ешкім қабылдамай қояды -деген сөздер, дүниелік байлықты білдірмесі анық, өйткені ондай байлықтан  бірде-бір адам ешқашан бас тартпайды. Ардақты Пайғамбарымызса да  айтқан еді, егер адам баласы алтын алқапқа ие болса, ол тағы да сондай алқапқа көз тігеді, және оның қарыны топырақтан басқа ештенеге толмайды -деп. [11]

Демек, мұндағы байлық - рухани қазынаны, Құран Кәрім даналығы мен діни ақиқатты білдіреді. Байлықтың мұндай түріне дүниелік ашкөздіктің соңына түсіп, пайдаға батуды ойлап, затшылдық дүниеден көзін ашалмай жүргендер еш жақындамайды және руханият пен иман байлығын қабылдамайды. Бүгінгі әлемнің жағдайы ешкімге құпия емес. Бүгінгі затшылдық (материализм) дәуірінде, дүние жылтырақ заманында адамдар Құдайды ұмытып, құлшылыққа көңіл аудармаған кезде, Құдай алдында шын ниетпен жасалған бір сәжде, күмәнсіз, көпті білдіреді. Адамдар әлгі рухани байлықтарды қабылдаған кезде өзгере бастайды, олардың арасында қызғаныштан, өшпенділіктен және ашу-ызадан тазарған шын мұсылмандық бауырластық пен бірлік орнайды, Алланың рақымымен, Бүкіләлемдік Ахмадийя Мұсылман Жамағатында дәл осындай процесстер орыналып жатқан-ды.

Кейбір баяндамаларда келесі сөздер бар: «хатта яксура фикум әл-малу фа йафиза», бұның мағынасы: кешегі кедей арабтардың (тіпті басқа да халықтардың) қолында байлық молынан болады. [12]  Бүгіндері бұл мағына толығымен орындалып отыр.

 

----------------

16Жизия (арабша) – мұсылман мемлекетінде мұсылман-емес тұрғындардан алынатын жалғыз салықтың түрі.

 

Дереккөздер:

[1]. ‘Әлләмә Бадру-д-дин ‘Айни. ‘Умдату-л-қари, шарх Бұхари.  5 т., 584 бет. Дару-т-таба‘а Амира. Мысыр.

2. Ахмад бин Ханбал. Мұснад. 2 т., 411 бет, Дару-л-фикр. Бейрут.

3. Әл-қаулү-л-мұхтасар фи ‘әләмәтил-маһдийи-л-мунтазир. 42 бет, Мәктәбәту-л-Кур’ан. Қаир, Булак, ул. әл-Кумаш, д.3.

4. Имам Хаким. Мустадрак. 4 т., 504 бет. Мәктәбәту-н-наср әл-хадисиййа. Рийад.

5. Мауляуи Ашраф ‘Али Тханви. 30 бет.  Дибача тарджума Кур’ан. Кутубхана Рашида, Дели.

6. ‘Әлләмә Абу ‘Умар. Сунан ад-дани. 95 бет. (Сілтеме ‘ақду-д-дурар фи ахбари-л-мунтазир. 63 бет.) ‘Алиму-л-фикр, Қаир.

7. Бихару-л-әнуар. 19 т., 181 бет. Дару ихйаи-т-тураси-л-‘арабий. Бейрут. Ливан. 1983.

8. ‘Әлләмә Рагиб Исфахани. Муфрадат Рагиб. 159 бет. Маймуниййа, Мысыр.

9. ‘Әлләмә Ибн Шахин. Әл-ишарат фи ‘илми-л-ибарат. Сілтеме: Та‘тиру-л-анам. 2 бөлім, 179 бет. Мәктәбә Мухаммад ‘Али Малиджи. Қаир, Мысыр.

10. Канзу-л-‘уммәл. 17 т., 190 бет. Энциклопедия Низамиййа. Хайдарабад. 1314 ж. хижра б/ша.

11. Бұхари. Сахих. Китабу-р-рикак. Бабу ма йаттаки мин фитанихи-л-мал.

12. Бұхари. Сахих. Китабу-л-истиска. Бабу фи-з-залазили уә-л-айати.

№23. Хақ діннің жалған діндерден үстем болуы

 

Айша (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтыпты: «Лат пен Уззаға (пұттарға) құлшылық ету қайта басталмайынша күн мен түн жоғалмайды» - деп.

Сонда мен сұрадым: «О Алланың Елшісі! Кұран Кәрімде Аллаһ мына аятты жіберді емес пе: «Ол сол, Елшісін туралықпен және барлық діндерге үстем болатын хақ дінмен жіберген, мүшріктер бұны жақтырмаса да», онда бұл (жеңіс) түбегейлі әрі мәңгілік (жеңіс) емес пе еді? Ол айтты: «Бұл (жеңіс) Алланың қалаған (уақытына) дейін сақталады. Сосын Аллаһ Тағала самал жел жібереді, сонда жүрегінде бір түйір иманы болған әрбір адам, өлімді таңдайды. Сөйтіп еш жақсылығы жоқ адамдар ғана қалады, олар ата-бабаларының мүшіріктік сенімдеріне оралады (Лат пен Узза (пұттарға) құлшылық ету қайтадан басталады)»

(Мүслим, Китаб-л-фитан. Бабу ла тақумус-са’ату хатта ту’бада даус)

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадисті Имам Хатим мен Ғұлама Бағви де баяндаған, екеуі де оның сенімділігін растаған. Ондағы тақырып шииттік әдебиеттерде де бар. Әт-Тәубе сүресінде (33 аят) Исламның басқа барлық діндерден үстем болатыны жайында айтылған; бұл жеңіс түбегейлі әрі мәңгілік болмақ, және ол нақтылы уәждер мен дәлелдердің арқасында орыналмақ. Аллаһ Тағала Әл-Әнфәл сүресінде 8:43 айтады: «Өлетіндер ашық дәлел бойынша өлсін, тірі қалатындар ашық дәлел бойынша тірі қалсын» - деп.

Қасиетті Пайғамбарымыздың (са) көзі тірісінде Құран тәліміне бойұсыну арқылы, Арабия жеріндегі мұсылмандар сондағы яһудия, насрания және де мүшріктік сенімдерді анық түрде жеңіп қойғаны былай тұрсын, сондай-ақ нақтылы уәждер мен дәлелдердің арқасында әлгі байырғы діндердің жарамсыздығын дәлелдеп берген-ді. Бұл Исламның соңғы мақсаты. Алайда, нақтылы уәждер мен дәлелдердің арқасында, Исламның басқа барлық діндерден үстем болатын жеңісінің түбегейлі орнығуы Қасиетті Пайғамбарымыздың (са) адал құлы – Мәсіх әрі Маһдидің дәуіріне бұйырған-ды. Міне, осы себептен Қасиетті Пайғамбарымыз (са) аталмыш хадисте Айшаның (ра) сөздерімен келісіп, Ислам міндетті түрде жеңіске жетеді, бірақ бұл жеңістің түбегейлі орнығуы кейінірек болатынын айтқан. Осылайша шииттік және сүнниттік тәпсіршілер соңғы жеңіс Уәделенген Мәсіх пен Имам Маһдидің заманында орыналатынын бірауыздан мойындайды. [1]

Жазмыш бойынша бұл жеңіс нақтылы уәждер мен дәлелдердің арқасында орыналтын болғандықтан, Қасиетті Пайғамбарымыз (са): “йада‘у-л-харба” - деген еді, яғни, Уәделенген Мәсіх-Маһди (ас) қылышпен соғыспайды, бірақ ол кресттің (айқыштың) діннің нақтылы уәждер мен дәлелдердің арқасында жеңеді. Кәпірлер Мәсіхтің (ас) демінен өлетін болады және оның демі көз жететін жерге дейін жетеді – деген [2], хадис сөздеріне келетін болсақ, бұны тура мағынада, яғни шын өлім ретінде түсінуге болмайды, өйткені егер барлық кәпірлер Мәсіхтің (ас) демінен өліп-қырылып жататын болса, онда оған иман келтіретін ешкім қалмайды ғой? Демек, бұл сөздердің мағынасы келесідей: Мәсіх (ас) нақтылы уәждер мен дәлелдердің арқасында жалған діндерден үстем түседі, ал егер осы хадисты [3] тура мағынада түсінетін болсақ, яғни Аллаһу Тағала уәде етілген Мәсіхтің (ас) заманында Исламнан басқа барлық діндердің түгін қалдырмай жояды деу, - үлкен қателік және Құран Кәрімге қайшы келеді, өйткені, Құранның ішінде яһудилер мен насранилер Қиямет күніне дейін өмір сүреді делінген. Сонымен, Қасиетті Пайғамбарымыздың (са) айтып кеткен бұл көріпкелдігі келесі мағынаны да білдіреді, яғни Исламға ғылыми және рухани жеңіс тарту етіледі, және бұл жеңіс Уәделенген Мәсіх әрі Маһди – Хазірет  Мирза Ғұлам Ахмад Қадианидің (ас) келуімен  бастау алмақ. Осы жеңістің жемістері және де оның ауқымды түрде, күллі әлемге паш етіліп, жүзеге асып жатқанын әрбір ойлы адам осы біздің заманымызда, Уәделенген Мәсіхтің Бесінші Халифасы Хазірет Мирза Масрур Ахмадтың уақытында орындалып жатқанын байқай алады.

 

Дереккөздер:

[1]. (А) ‘Әлләмә Табриси. Тафсир Маджм’ау-л-байан фи тафсири-л-Кур’ан. 5 т., 24 бет. Дару ихйаи-т-тураси-л-‘арабий. Бейрут. Ливан.

(Ә) Тафсир Мазхари. 4 т., 195 бет. Фаруки Пресс, Дели.

2. Муслим. Сахих. Китабу-л-фитан. Бабу зикри-д-даджяль.

3. Сунан Абу Дауд. Китабу-л-малахим. Бабу зикри-д-даджяль.

 

№24. Қиямет Күнінің он белгісі

 

Хузайфа бин Асад Әл-Ғаффари (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды: біз әңгімелесіп отырғанда, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Не жайында сөйлесіп отырсыңдар?» –деп, сұрады. Біз: «Қиямет Күні жайында» –деп, жауап бердік. Сонда (Пайғамбарымыз с.а.с.): «Сендер (Қиямет қайымның) он белгісін көрмейінше Қиямет Күні келмейді» - деді де, мына белгілерді айтты: духан (түтін), Дәжжал (Тажал, Мәсіхтің дұшпаны), дәбба (жер құрты, жәндік), күннің Батыстан шығуы, Мәриям ұлы Исаның (ас) түсуі, Яжүж бен Мәжүж, және үш хусуф – «жерсілкінісі»; біреуі – шығыста, екіншісі – батыста, үшіншісі – Арабия түбегінде. Соңғы белгі ретінде ардақты Пайғамбарымыз (са) Йеменнен шығатын от жайында айтты, ол адамдарды жиналатын жерге қудалап алып барады». (Мүслим, Китабу-л-фитан, Бабу фи-л-аят әл-лати такуна қабль әс-са’ат)

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадисті Имам Хатим сенімді деген [1]. Осы хадистің басқа бір баяндамасында Қиямет Күнінің тоғыз белгісінің реттік саны басқаша айтылған. Сол сияқта тағы бір баяндамада Яжүж бен Мәжүждің пайда болуы Дәжжалдың пайда болуымен бірге айтылған. Қолыңыздағы кітапта Уәделенген Мәсіхтің (ас) келуі – ең бірінші басты белгі ретінде қарастырылады, өйткені, басқа қалған белгілер сол белгінің айналасында айналып жүргендей. Және олардың, осы біздің заманымызда, дәлме-дәл орындалғаны Уәделенген Мәсіхтің (ас) келгенін дәлелдейді. Уәделенген Мәсіх Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад (ас) осы белгілердің бәрі оның пайдасына шешілгеніне күллі жұртшылықтың назарын аударған еді.

Екінші және үшінші белгілер, яғни Дәжжал мен Яжүж-Мәжүж – Батыстың дамыған халықтарын білдіреді, әсіресе атеистік және діни христиан ғұламаларын (миссионерлерін) білдіреді. Олар, жазмыш бойынша, нақтылы уәждер мен дәлелдердің алаңында Уәделенген Мәсіхтен (ас) идеологиялық тұрғыда жеңіліс табады; демек, осы екі белгі Ислам үшін жанпида күрескер Хазірет Мирза Ғұлам Ахмадтың (ас) арқасында жүзеге асқан-ды.

Төртінші белгінің, яғни Уәделенген Мәсіхтің (ас) заманында – күннің Батыстан шығуы – деген белгінің бір мағынасына: бүкіл әлемді жарыққа бөлеген ғылым-білім күнінің Еурапа жақтан шығуын жатқызуға болады. Бұл белгінің тағы бір мағынасы: Күннің Батыстан шығуы – батыс халықтарының діни-теологиялық жеңілісімен тығыз байланысты, соның нәтижесінде Уәделенген Мәсіхтің (ас) Жамағатының салтанатты жеңіс шеруі Батыстан бастау алмақ, осылайша Еурапада Исламның рухани күні жарқырап шығады. Бұны, Уәделенген Мәсіх (ас) келесі сөздермен түсіндіреді:

«Күннің Батыстан шығуы – деген, ақиқаттың күні Батыс елдеріне жарығын түсіреді, сөйтіп оларға Ислам игілігінің бір бөлігі тарту етіледі дегенді білдіреді. Бұл маған көрсетілген бір аяннан белгілі болды. [2]»

Ол сөзін әрі қарай жалғастырады:

«Құдай Тағала батып бара жатқан Ислам күнін, енді мен арқылы Батыс жақтан шығуына бұйырды» [3].

Бәлкім, жүз жыл бұрын, Ахмадийят, Батыс жаққа қарай адымын енді жасайын деп жатқан кезде, біреулер бұл ақиқатты шындық ретінде қабылдамай, одан бас тартуы мүмкін еді, алайда, осы көріпкелдіктің жалпы жаһандық тұрғыда бүгінгі Еурапада орындалып жатқанына келетін болсақ, бұл жайында тіпті егжей-тегжейлеп жазудың еш қажеті жоқ.

Бесінші белгі – духан – «түтін» дегенді білдіреді. Ардақты Пайғамбарымыздың (са) заманында бұл сөз сонымен қатар Арабия жерінде орыналған ашаршылықты (жұт) білдірген [4]. «Кітап иелерінің» киелі жазбаларында ақыр заманның белгілері ретінде ашаршылықтың орыналатыны жайында да айтылған. Бұл да осы заманымызда орындалып жатқан-ды. Бұдан басқа, духан сөзін тура мағынада қарастыратын болсақ, осы заманымызда «түтін» мағынасы түрлі-түрлі мазмұнда орындалып жатыр. – Мысалға, атом бомбасы жарылғанда шығатын түтін (улы бұлт), соғыс кезінде жанармайдың жағылуынан шығатын түтін, түрлі заманауи механиздерден, көлік құралдарынан және қазіргі зауыттардан шығатын түтін. Бұның барлығы атмосфераның улануына әкеп соғуда, сондықтан бұлар қазіргі кездің орасан зор проблемасына айналған.

Алтыншы белгі – дабба – «хайуан» немесе «жәндік» деген мағынаны білдіреді. Құран Кәрімде бұл белгі келесі түрде суреттеледі: жасаған күнәлар тізімін адамдарға көрсеткен кезде, Құдай Тағала олар үшін жерден бір хайуан шығарады, ол әлгі адамдарды шаға бастайды, Құдайдың көрсеткен белгілеріне сенбегендері үшін.  (Ан-Нәмл 27:83). Науас бин Сам’ананың (ра) руаятында, Уәделеген Мәсіх (ас) келген кезде бір жәндіктің пайда болатыны жайында айтылады, Мәсіхті (ас) қоршап алған дұшпандардың мойынына әлгі жәндік секіріп шығып, оларды көп мөлшерде қырады делінген [5]. (Хижра б/ша 630 жылы қайтыс болған) Ғұлама Тұрбашти бұл жәндікті оба ауруының бацилласы деп ұққан; шииттік риуаяттарда да Имам Маһдидің дәуірі қызыл өліммен (яғни, соғыстармен) және ақ өліммен (яғни, оба эпидемиясымен) белгіленеді делінген. [7]

Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад Сахибтың – Имам Маһди екендігін растаған, Ардақты Пайғамбарымыздың (са) көріпкелдігіне сай, 1894 жылы рамазан айының белгіленген күндерінде ай мен күннің тұтылуы болған кезде, Хазіретке келесі түрде аян берілді, яки егер адамдар осы белгіні пайдаланып қалмаса, олар ауыр жазаға тартылады -деп. Сосын, 1898 жылы ол түс көрген, түсінде бірнеше періште Пенжабтың жер жеріне қара түсті өсімдікті отырғызып жатыр екен, және оған: бұл – оба ауруының ағашы, ол таяу арада бүкіл елді шарпиды -деген. Аянда оған бацилла көрсетілген, және ол – оба ауруының бацилласы делінген. Бұл індеттің даббатүл-арз (жер құрты) деп аталуының себебі: аталмыш оба ауруы жер жәндіктері арқылы тарайтын бактерия. Екіншіден, мұнда, мұсылмандар мен олардың ғұламалары көктін орнына жердегіні (яғни, руханияттан гөрі дүниеқоңыздылықты) артық көрген кезде, жәндік жаза ретінде келеді дегенді меңзеп тұр, осылайша олардың өздері де  даббатүл-арзға, яғни жер құртына айналады. [8]

Осылайша, көріпкелдікке сай осындай жер құрты пайда болды. Оба ауруы алдымен Бомбейде басын көрсетті. Сосын, Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад Сахиб (ас) ескерту жасағандай  дәлме-дәл орындалды, оба ауруының ауыр соққысы Пенжабқа келіп тиді. Сол кезде орыналған осыған ұқсас індеттің таралуын табу өте қыйын. Кейде аптасына 30 мыңға дейін адамдар қырылып жатты. Бір жылдың ішінде бірнеше жүзмың адам өлді, ал індет әр жыл сайын күшейе түсті.  [9] Осындай зобалаң белгіні көрген бірнеше жүз мың адамдар Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад Сахибты (ас) Уәделенген Мәсіх әрі Имам Маһди екенін мойындады. Осы белгі туралы тағы бір айта кететіні, Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад (ас) Аллаһу Тағаладан ескерту алып, індеттің тоқтайтыны жайында хабарламайынша, індет әлсіреген емес.

Осы хадисте 7-шіден 9-шыға дейінгі белгілер  хасафа сөзіне байланысты үш белгі: біреуі –шығыста, екіншісі – батыста, үшіншісі Арабия түбегінде орыналады. Хасафа сөзі жердің шөгуін білдіреді, және Құран Кәрімде Карун жайында айтылғанда да осы сөз қолданылған, яки оны үйімен бірге жер жұтып қойған кезде. Басқаша сөзбен айтқанда, хадисте батыс пен шығысты шарпыған жаман жерсілкіністер жайында айтылады, олар Қиямет Күніне дейін, Уәделенген Мәсіхтің (ас) заманында мейлінше зобалаң күйінде көрінбек. Имам Маһдидің (ас) келуі жайында айтылған ізгі хабарлармен бірге, жерсілкіністер жайында айтылған суық хабарлар тағы бірнеше хадистерде сөз етіледі. [10]  Мәсіхтің (ас) екінші рет келген дәуірінде жерсілкіністер болатыны жайында Інжілде де ескертпелер бар. [11]  Уәделенген Мәсіх (ас) өз талабын жария еткен соң,  әлем халықтарын былайша ескерткен:

«Құдай мені алдағы көптеген жерсілкіністері жайында ескертті. Сондықтан, күмәнсіз, Америкада орыналған жерсілкіністері көріпкелдікке сай орындалды. Еуропада да солай болған-ды. Жерсілкіністері Азияның жер-жерінде де болмақ. Олардың кейбірі Қиямет қайымды еске түсіретін болады». [12]

Араб әлеміне келетін болсақ, хижра бойынша сегізінші ғасырда Мединада қатты жерсілкінісі болған, одан кейін от өзені (лава) қатты атқылағаны соншалықты, оның салдарынан пайда болған өрт-жалыны бейсенбінің түнінен жұманың таңына дейін жалындаған. Осылайша хадистерде айтылғандай, Хиджаз өртке оранады делінген көріпкелдік орындалған-ды. [13]

1891 жылы қыйыр шығыста, Жапонияда, сегіз мың адамның өмірін қыйып, 197’000 үйді қиратқан жерсілкінісі орыналды. 1897 жылы Үндістанның Ассам штатында қатты жерсілкінісі болды. 1902 жылы Үндістанның батысында болған жерсілкінісі салдарынан 40’000 адам опат болды.  1905 жылы 20’000 адамның жанын қиған жерсілкінісі Канграда орыналды; оның дүмпуі ауқымы 600’000 шаршы мильде сезілді. 1906 жылы Америкада, Сан-Францискода болған жерсілкінісінде мың адам өліп, қираған үйлердің жалпы соммасы 200 миллион долларға жетті.

Уәделенген Мәсіх (ас) әлемнің назарын әділ түрде мынаған аударды:

«Егер әлемдік тарихты көзбен шолатын болсақ, онда әлемді шайқалтқан мұндай жерсілкіністер тізбегін кездестіре алмаймыздар». [14]

Тіпті оның қарсыластары да бұл сөздердің растығын мақұлдады. Канграда болған жерсілкінісі жайында, «Пэса» газеті былай деп жазған еді:

«Мирза Сахиб өзінің талабын білдіргеннен кейін орыналған індеттер мен жерсілкіністер тізбегі соншалықты, егер өткен жүзжылдықтың барша тарихын дұрыстап қарайтын болсақ, онда өткен жүзжылдықта мұндай  катаклизмдер болған емес». [15]

Қиямет Күнінің оныншы белгісі ретінде Йеменнен шығатын от жайында айтылады, ол от адамдарды жиналатын жерге қудалап апарады. Басқа риуаятта келесі сөздерді кездестіруге болады: Аденнен (Йеменнің бір шаһары) от шығады да, адамдарды Үкім шығаратын жерге қудалап апарады, жол жөнекей ол барлық құмырсқалар мен құрт-жәндіктерді де жинай жүреді. Мазмұны жағынан қорқынышты болғанына қарағанда, бұл белгі Қиямет Күнінің орнар алдында орындалатын ақырғы белгісі болса керек. Молда ‘Али әл-Қари: мұнда барлық кәпірлерді қудалап апаратын ұлы жиналас (Қиямет қайым) жайында сөз етіледі – деп, жазған болатын. [16] Сонымен, он белгінің тоғызы орындалып, ендігі кез соңғы белгі – Жиналатын Күннің, яки Қиямет Күнінің келуі қалғанда, Құдайдан қорқып, абай болып, Қиямет Күні келмегенше шынайы Маһдиге иман келтіруіміз керек. Аден шаһарының жағрафиялық аумағында сөнген жанар тау да бар екен. [17] Әлбетте, әлемнің соңғы күні қай жерден бастау алатынын Бір Аллаһ қана біледі.

 

Дереккөздер:

 

[1]. Имам Хаким. Мустадрак. 4 т., 428 -бет. Мәктәбәту-н-наср әл-хадисиййа. Рийад.

2. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Изаля аухам. 515-бет. // Рухани Хазаин. 3 т., Мубарак Саки, Лондон. 1984. 376-377 беттер.

3. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Хутба ильхамиййа. 167 бет. // Рухани Хазаин. 16 т., Мубарак Саки, Лондон. 1984. 253 бет.

4. Бұхари. Сахих. Китабу-т-тафсир. Сура Духан.

5. Мүслим. Сахих. Китабу-л-фитан. Бабу зикри-д-даджяль.

6. ‘Әлләмә Шахабу-д-дин Турбашти. ‘Ақаид муджаддидиййаты ас-сыраты-с-сауи. Аударма: Мулла Ахтар Мухаммад Хан. Кашмири Базар. Лахор.

7. Икмалү-д-дин. 981 бет, Матба‘ Хайдариййа, Неджеф.

8. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Нузулү-л-масих. 39 бет. // Рухани Хазаин.  18 т., Мубарак Саки, Лондон. 1984. 416-421 беттер.

9. Британ Энциклопедиясы.  “Оба (Чума)” мақаласы, 17 т., 981 бет, Баспа 1951 г.

10. ‘Әлләмә Абу-л-Хасан ‘Али бин ‘Иса әл-Арбали. Кашфу-л-ғумма фи ма‘рифати-л-аимма. 3 т., 270 бет. Дару-л-адва. Бейрут.

11. Інжіл Лұқадан, 11:21.

12. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Хәқиқату-л-уәхй. 256 бет.

13. ‘Әлләмә Ибн Хаджар. Фатху-л-бари. 13 бөлім, 80 бет, Дару-н-нашри-л-кутуби-л-исләмиййа. Лахор.

14. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Мальфузат. 5 т., 8 бет. Жаңа басылым.

15. «Пэса Ахбар». 01.05.1905.

16. Миркату-л-мафатих, шарх мишкат әл-масабих. 5 т., 188 бет. Мәктәбә маймуниййа. Мысыр.

17. Урду даирату-л-ма‘ариф әл-исләмиййа (Урду тіліндегі Ислам Энциклопедиясы). 8 бет. Данишгах Панджаб. Лахор.

 

№25. Шығыс жақтың тұрғындарының бақыты

 

Әбдуллаһ бин Харис (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтыпты: «Шығыс жақтан кей адамдар шығады, олар Имам Маһдидің жолын тазартады да, оның жеңіске жетуі үшін, оған барынша қызмет етеді».

(Ибн Маджаһ, Китаб-л-фитан. Бабу хуруджи-л-маһди)

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Ахли-суннаттың мектептерінен бөлек, шииттік бағыттағы мектептер де бұл хадисты мойындайды. Ғұлама Әбу Әбдуллаһ Әл-Канжи Әш-Шәфи’и жоғарыда келтірілген баяндаманың сенімділігімен келісе отырып, бұл хадисты сенімді адамдар жеткізген  - деп, жазған болатын. [1]

Хадис Шығыс жақта тұратын кей адамдардың бақытты тағдыры жайында айтылғанын аңғаруға болады. Оларға Имам Маһдиге жәрдемдесу және ақиқаттың түбегейлі жеңісіне көмектесу мүмкіндігі берілген. Имам Маһдидің көмекшілері мен серіктес-сахабалары Шығыс жақтан шығытын адамдар болатыны жайында басқа да хадистерде айтылған. Сахих Мүслимдегі хадисте Мәриямның ұлы Дамаскінің шығыс жағында пайда болады делінген; сондай-ақ Қасиетті Пайғамбарымыз (са) Шығыс жақтағы жерлерді Дәжжалдың келетін жері деп, және сол жерде Дәжжал мен Мәсіх-Маһдидің арасында рухани шайқас орыналады деген. Тағы бірнеше баяндамаларда Уәделенген Мәсіхтің (ас) – Шығыстан шыққан серіктес-сахабаларының зор дәрежелері жайында айтылған. Хазірет Саубан (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды, бірде Пайғамбарымыз (са) айтыпты: «Аллаһу Тағала менің үмметімнің екі жамағатын (тозақ) отынан құтқарды. Олардың біреуі – Үндістаннан бастап (алғаш рет) жиһад жасаған жамағат, ал екіншісі – «Мәриямның ұлы Исаның (ас)» серіктес-сахабалары болған адамдар». [2]

Хадистерде Уәделенген Мәсіхтің (ас) жақын сахабаларының саны 313 адам болады делінген. Олардың сипаттарына келетін болсақ, Аллаһ олардың жүректерінде бір-біріне деген бауырмалдықты қондырады (яғни, олардың бірлігі мықты болады), олар ешкімнен қорықпайды және еш нәрселерімен менменсінбейді (яғни, тек Бір Аллаға ғана бағынатын болады). [3]

Демек, жазба деректерге сай, заманымызда Имам Маһдидің Шығыс жақтан келуі пешенеге жазылған, яғни Үндістан жақтан, осылайша Шығыс жақта тұратын (кей) адамдардың қуаныштары қойындарына сыймады. Маһдидің 313 сахабасы жайындағы мағлұмат шииттік әдебиеттерде де бар.  Кезінде Имам Әбу Әбдуллаһ Жа’фар Сыддықтан сұрапты, Маһдимен бірге қанша адам болады деп. Ол: Бадр соғысында қанша сахаба болса, Маһдидің де сонша сахабасы болады – деп, жауап беріпті; яғни 313 адам. Сондай-ақ Маһдидің сахабаларының сипаттары жайында былай делінген, олар түрлі елдер мен аумақтардан болғанымен, олардың мақсаты бір болмақ –деп. [4]

Осы жерде айта кететіні, Уәделенген Мәсіх-Маһди  Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад (ас) өзінің 313 сахабасының есімдерін Анджам-и-Атхам деген кітабына жазып кеткен еді. Бұны Хазірет Хуаджа Ғұлам Фарид Сахиб (Чачран Шариф) келесі сөздерімен растағанды: Қасиетті Пайғамбардың (са) көріпкелдігіне сай, Уәделенген Мәсіхтің 313 сахабасы болады, бұл оның хақтығының белгісі. [5]

 

Дереккөздер:

 

[1]. ‘Әлләмә Абу-л-Хасан ‘Али бин ‘Иса әл-Арбали. Кашфу-л-гумма фи ма‘рифати-л-аимма. 3 т., 78 бет. Дару-л-адва. Бейрут.

2. Насаи. Китабу-л-джихад. Бабу ғазвати-л-хинд.

3. Имам Хаким. Мустадрак. 4 т., 554 бет. Дару-л-фикр. Бейрут. 1398 ж. х.

4. Бихару-л-әнуар. 53 т., 310 бет. Дару-л-ихйаи-т-турас әл-‘арабий. Бейрут.

5. Ишарат-и-фариди. 3 т., 70 бет. Муфид ‘Аам Пресс. Агра. 1320 ж. х.

 

№26. Ардақты Пайғамбарымыздың (са) өзінің соңғы жамағатына білдірген мейір-махаббаты

Әбу Һурайра (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды, бірде Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтыпты: «Мен бауырларымды өз көзіммен көруді (шын жүректен) қалаймын.... Оларды көрсем жақсы болар еді! Сахабалары сұрады: «Уа, Алланың елшісі! Сіздің (діндес) бауырларыңыз біз емеспіз бе?» Сонда ол: «Сендер – менің серіктес-сахабаларымсыңдар, ал бауырларым – олар әлі келген жоқ, мен Кәусар бұлағында олардың жолбастаушысы боламын...».

(Мұснад Ахмад бин Ханбал, 2 т., 300 бет. Дару-л-фикр әл-‘араби. Бейрут)

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадистің сенімділігін Ғұлама Суйути мойындаған. [1]

Әбу Һурайраның (ра) айтуы бойынша, бірде Пайғамбарымыз (са) мола жаққа барып, қабір иелері үшін дұға етіп сәлем жолдады. Сосын ол соңғы жамағатын еске алды, яғни ақыр заман соңында пайда болатын жамағатын. Пайғамбарымыздың (са) оларға білдірген махаббатын шын мәнінде қызғануға тұрарлық. Сахабалар сұрады: «О, Алланың елшісі! Сіз үмметіңізге әлі келмегендерді қалай танисыз?» Ардақты Пайғамбар (са): «Сендердің бірыңғай жирен түсті үйір жылқыларын болса, соның ішінен қасқасы мен аяғында аласы бар аттарыңды тани аласыңдар ма?» - деп сұрады. Сахабалары: «йа, (тани аламыз)» –деп жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз (са) айтты: «Дәрет алғандары үшін Қияметте олардың беттері, аяқтары мен қолдары (аппақ болып) жарқырап тұрады. Мен оларды Кәусар бұлағының қасында жолықтырамын» -деді. Керісінше, оның ілімінен бас тарқан адамдар жайында Пайғамбарымыз (са) қатты ренішін білдіріп, оларға одан алыс жүрулерін бұйырды. Ардақты Пайғамбарымыз (са) Аллаһу Тағаладан хабарлама алып, өзінің соңғы Жамағатының рухани дәрежесі, оның асыл да ізгіліктері қаситтері жайында бірнеше рет сүйсіне сөз еткен болатын. Мұхайрис бір баяндаманы жеткізеді: «Бірде мен Әбу Джуму’а (ра) есімді бір сахабадан: «Бізге Ардақты Пайғамбарымыздан (са) естіген қандай да бір хадис айтыңызшы» - деп, сұрадым. Ол келісімін беріп: «Жарайды, мен сендерге бір өте жақсы хадис айтамын. Күндердің бірінде мен Пайғамбармен (са) бірге таңғы ас ішіп отырдым. Таңғы асты бізбен бірге Хазірет Әбу Убайда бин әл-Жәррах та (ра) ішіп отырған еді. Ол Пайғамбардан (са) сұрады: «Уа, Алланың елшісі, бізге Исламды қабылдау бақыты берілді, сондай-ақ дін ісіне қызмет етуге және жиһадқа сізбен бірге қатыстық, енді бізден абзалырақ жандар болар ма екен?» Ол (са): «Йә, сендерден кейін келетін қауым бар. Олар мені көрмеген болса да, маған иман келтіреді» - деп, жауап қатты. [2] Басқаша сөзбен айтқанда, Пайғамбарды (са) көрмесе де, оған иман келтіріп, оның (са) іс-мақсаты үшін бар-жоғын құрбан ететін Жамағат, ерекше дәрежеге ие болады, соның арқасында ұлы абыройлықпен қошаметтеледі.

Демек, заман Имамы, Мәсіх-Маһдидің (ас) пәк ілімі арқылы – өз әміршілеріне Ардақты Пайғамбарға (са) имандарын қайта жаңдандырған адамдар қандайлық бақытты десеңіздерші! – Оларға хақ имандылықтың жолында мал-мүліктерін, уақыттары мен жандарын құрбан етуге күш-жігер берілген. Ислам дінін асқақтатқан ұлы да керемет жеңістер олардың Пайғамбарға (са) деген нық сенімдерінің, пәк махаббаттары мен адалдықтарының арқасында көзалдымызда (әлемнің түпкір-түпкірінде) орын алып жатыр.

«Уа билләһи-т-тауфиқ» (Қабілет пен жетістіктер Бір Алладан)!

 

Дереккөздер:

 

[1]. ‘Әлләмә Суйути. Әл-Джами‘у-с-сағыйр. 2 бөлім, 195 бет. Мәктәбә Ислямиййа. Лахор.

2. Муснад Дарими. Китабу-р-рикак. Бабу фазл ахири хазихи-л-уммати.

№27. Пайғамбардың (са) отбасынан шығатын біреу

Мус’аб бин ‘Әбдуллаһ (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды, Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан екен: «(Парсылық) Салман – менің отбасымның адамдарынан».

(Мұстадрик Хаким. Китабу ма‘арифати-с-сахаба зикру Салман әл-Фарси)

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадисті сүнниттік және шииттік мектептер де растайды. [1]

Парсылық Хазірет Салман (ра) Парсы жерінен шыққан, ол араб болмаған еді. Бір жағынан, Қасиетті Пайғамбар (са), оның ізгілікті өмірін, адалдығын, сопылық-аскетизімін көріп, оны өз отбасының нағыз – рухани мүшесі деп атаған.  Басқа жағынан, Қасиетті Пайғамбар (са), ақыр заманда имандылықта қайта орнатанын кемел адамды Салманның халқынан шығады деп, сол кемел адамды оның рухани «отбасы мүшесінен» шығады деп бекіткен. Бұл Маһдидің тікелей (физикалық, тән тұрғысында) Қасиетті Пайғамбардың жанұясынан шығады дегенді әсте білдірмейді, өйткені Қасиетті Пайғамбар (са) үмметінен шығатын «Иса Мәриям ұлын» Имам Маһди деп атаған.   Құран Кәрімде, Нұх пайғамбардың (ас) ұлы ізгілікті өмір сүрмегені үшін, ол жайында былай делінген: «Әй, Нұх, расында, ол сенің жанұяңнан емес» (Әл-Һұд сүресі 11:47). Сондықтан нағыз және мызғымас «отбасылық» - рухани отбасылық болып табылады, бұны осы аяттан анық аңғаруға болады.

Осындай рухани «отбасылық», «Пайғамбар үйінің рухани мүшесі» деген түсінікті растайтын тағы бірнеше хадистер бар. Анас (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды, бірде Пайғамбарымызға (са) біреу сұрақ қойған екен: «Сіздің жанұяңыз кімдер болып табылады?» - деп. Сонда Пайғамбарымыз (са): «әрбір ізгілікті адам – менің жанұямнан» - деп, жауап беріп, келесі аятты оқыған: «Аллаһ үйінің шырақшылары тақуалар ғана» (Әл-Әнфәл сүресі 8:35).

Бұл хадис, Имам Маһди «Пайғамбардың (са) үй адамдарынан» шығады деген ұғымды жақсы түсіндіреді, өйткені Қасиетті Пайғамбар (са) Құрани аятқа сүйеніп, «Үй адамдары» деген ұғымның рухани түсіндірмесін алып, барлық ізгілікті/тақуа адамдарды өз жанұясының мүшелері деп атаған. Әрине, Қасиетті Пайғамбардың (са) тікелей туысы болу (қандық тұрғыда), оның жанұясының тікелей мүшесі болу өте үлкен бақыт, ал егер тікелей (тәндік, қандық) тұрғыдағы туыстықпен қоса, рухани туыстық та бірге болса – онда бұл екі еселенген бақыт. Имам Жа’фар Садиқ айтады: «Араларындағы ізгілерін, (Пайғамбар с.а.с.) «Үйінің мүшесі», ал Хазірет Имам Мухаммад Бақирдің айтуы бойынша, кімде-кім бізге сүйіспеншілік сезімін сезінсе – ол «Үйдің мүшесі». [2]

Кезінде, Нашван Хумайри есімді арабтың ұлы ақыны жақсы айтқан болатын: «Негізінде, Қасиетті Пайғамбардың (са) «жанұясының мүшесі» болып, оның дінін ұстанғандар болып табылады, мейлі олар араб немесе араб еместер болсын, мейлі олар ақ немесе қара (нәсілділер) болсын. Егер «жанұясының мүшесі» деп, оның тікелей туыстары ғана саналса, онда намаз оқып отырған әрбір мүмин (Пайғамбарымызға (са) және оның жанұясына дуруд шәриф салауатын оқығанда) бүлікшіл Әбу Лахабқа да салауат жолдағандай болар еді».

Уәделенген Мәсіх (ас) былай деп түсіндіреді:

«Әль («жанұя», «тегі» - А.Р.) – сөзінді бір ақиқат бар, тектілік атадан балаға дарығандай, пайғамбарлардың мирасқорлары болып, олардың рухани тәлім-тәрбиесін мирас еткендер жатада, сондықтан да хадисте: «әрбір ізгілікті, тақуы адам – менің жанұямнан» - делінген». [3]

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, «Үй адамдарына» рухани тұрғыда туыс болумен қоса, тікелей (қандық) тұрғыда туыстыққа орын табылып жатса, бұл нұр үстіне нұр болады. Уәделенген Мәсіх (ас) мұндай артықшылыққа да ие болатын. Ол (ас) былай деп жазады: «Қасиетті Пайғамбардың (са) «жанұясының мүшелері» міндетті түрде Хазірет Фатимамен (ра) туыстық байланыста болулары керек; мен Хазірет Әлидің (ра) тікелей ұрпағы болмасам да, Фатиманың ұрпақтарынанмын[1], өйткені әкемнің кей (арғы) әжелері тікелей (Фатимадан) тарайды... Біздің әулетіміздің осындай абыройлығын, тек адамдардың  айтқандары ғана емес, сонымен қатар бұны, Алланың Өзі, пәк аяны арқылы растаған-ды. [4]

 

Дереккөздер:

[1]. ‘Әлләмә Табриси. Тафсир Маджма‘у-л-байан. 5 т., 167 бет. Мәктәбә ‘илмиййа исләмиййа. Тегеран.

2. ‘Әлләмә Фаиз Кашани. Тафсиру-с-сафи. 1 т., 890 бет. Мәктәбә исләмиййа. Тегеран.

3. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Мальфузат. 2 т., 126 бет. Бірінші баспа.

4. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Нузулү-л-масих. 48 бет. (Сілтеменің ішіндегі сілтеме) // Рухани Хазаин. 18 т., Мубарак Саки, Лондон. 1984. 426 бет.

 

№28. Маһди – Қасиетті Пайғамбарға (са) толықтай бойұсынған тұлға

Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айты деп, ‘Әбдуллаһ (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды:

«Әлемнің соңғы күніне бірақ күн қалса да, Аллаһу Тағала, менен немесе «Үйімнің адамдарынан» бір адамды жібермейінше, сол күнді соза тұрады. Оның есімі менің есімім, әкесінің есімі менің әкемнің есіміндей. Одан бұрын дүние қалай зұлымдыққа толы болса, ол адам дүниені әділеттікке толтырады».

(Әбу Дауд. Китабу-л-Маһди)

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадисті, сонымен қатар Ибн Мәджаһ, Тирмизи және Мұснад Ахмад келтіреді. Тирмизи баяндаманың ортасында айтылған:  «(Оның) әкесінің есімі менің әкемнің есіміндей» деген жерін қабылдамай, тек «Оның есімі менің есімімдей (болады)» деген жерін сенімді деп қабылдаған. Имам Ахмад бин Ханбал да, солай істеген, яки «Оның есімі менің есімімдей (болады)» деген жерін ғана қабылдаған. [1] Келтірілген хадис шииттік бағытты ұстанушылардың арасында да дұрыс әрі сенімді деп саналады. [2] Жүргізілген зерттеу жұмыстары, «(Оның) әкесінің есімі менің әкемнің есіміндей» - деген сөздер, баяндамашы Зайд әл-Бахлидің толықтырмасы екенін дәлелдеген, өйткені одан басқа ешбір баяндамада қарастырылған сөздер кездеспейді. [3] Бұхари, Насаи және Хакимның пікірлері бойынша, Зайд әл-Бахли сенімсіз баяндамашы болғандықтан [4], оның хадиске қосқан толықтырмасы бұрмалаушылық болып табылады. Сондай-ақ, бұл жерде атаулы толықтырма-баяндаманың тарихи уақиғасын ескерген дұрыс, өйткені Зайд әл-Бахли (сахабалардан кейінгі) таби’индерге жатады, хижра бойынша екінші ғасырда өмір сүрген, яғни Аббасид халифатының билігі жүріп тұрған тұсында. Сол кезде Нафси Закийа деген атаумен белгілі (Хазірет Имам Хуссейннің (ра) немересі) Мухаммад бин Әбдуллаһ, өзін Маһдимін деп жариялап, сол кездегі Аббасидтердің халифасы Мансурға қарсы шығып, халифат билігін өз қолына алмақшы болған. Мухаммад бин Әбдуллаһтың жақтастары, бағанағы хадисты дәлел етіп, Қасиетті Пайғамбардың (са) уәдесіне сай келуге тиіс Маһди - Мухаммад бин Әбдуллаһтың өзі деген сөздерді халық арасына таратып жіберген. Дәл осы кезде, хадистегі  «(Маһдидің) әкесінің есімі менің әкемнің есіміндей» деген сөздер кеңінен мәшһүр болған еді, және көптеген адамдар оны Маһди деп танып, оған адал болуға ант берген; бірақ ол, хижра бойынша 145 жылы Аббасидтердің әскерімен болған шайқаста опат болды. [5]

Бұл хадисте Қасиетті Пайғамбарға (са) ұқсас, оның рұхани ұлы, әрі ұрпағының келуі жайындағы ізгі хабар кәміл берілген. Бұндай хақиқи ізгі хабар Құдай Тағаланың аян-уахиынсыз болуы мүмкін емес. Сосын, әлгі уәделенген адам әділеттікті орнатады делінген, бұл оның шын Маһди екенін дәлелдейді; оның рухани тұрғыда «Үй адамдарынан» екенін,  «менен... бір адамды жібермейінше» деген сөздер аңғартады, бұл оның толықтай Қасиетті Пайғамбарға (са) бағынышты болатынын көрсетеді. Сол секілді, Қасиетті Пайғамбар (са), мұсылмандарды алдайтын адамдарды - «ляйса минна» (яғни, «олар бізден емес») деп атап, оларды өзінен аулақ жөнелтті. Ал «раджулан минна» (яғни, «менен бір адам») деген сөздер, оның Қасиетті Пайғамбарға (са) толықтай, мүлтіксіз бағыныштылығын білдіреді.

«Оның есімі менің есімімдей (болады)» деген сөздер, келуге тиіс адамның есімі Ардақты Пайғамбардың (са) есіміндей болатынын ғана білдірмейді, өйткені жәй ғана есім ұқсастығы, қандай да бір рухани дәрежеге ие болуға, әлбетте, жеткіліксіз. Бұл жерде рухани ұқсастықтың ерекше мәні бар, өйткені «исм» сөзі, жәй ғана есімді білдіруден бөлек, «қасиет» немесе «сипат» деген мағыналарды да білдіреді. Өйткені, «уәлилләһи-л-асмау-л-хусна» (яғни, ең көркем есімдер Алланікі) делінген аятта (Әл-Хашр сүресі 59:25) Аллаһу Тағаланың сипаттары жайында айтылған. Молда Әли Қари, осы хадисты талқылаған кезде, сипаттық-қасиеттік ұқсастықтарды алға тартып, Маһдидің сипаты мен қасиеттері Ардақты Пайғамбардың (са) сипаты мен қасиеттеріне ұқсайтын болады, және Имам Маһди адамдарды тура жолға бағыттағанда, Ардақты Пайғамбардың (са) өмірлік үлгі-өнегесін басшылыққа алатын болады – деп, жазған. [6]

Сондай-ақ, басқа баяндамаларда, «хульқуху хульқи» (яғни, оның құлқы менің құлқымдай) делінген сөздер бар, бұл келуге тиіс Маһдидің мінез-құлқы Ардақты Пайғамбардың (са) мінез-құлқысына ұқсайтын болады деген мағынаны одан әрі бекемдейді. [7]

Мәсіх-Маһдидің келуіне байланысты, «ол менің қабіріме жерленеді, және оның есімі менің есімімдей болады» делінген Қасиетті Пайғамбардың (са) сөздерін, Уәделенген Мәсіх (ас) былай түсіндіреді: - Негізінде бұл сөздер, Имам Маһди келгенде, ол Қасиетті Пайғамбардың (са) бурузы болып келеді дегенді меңзейді (яғни, ол Ардақты Пайғамбардың (са) сипаттарын өз бойына жинақтайды), бұл ақиқатты Ислам ғұламалары да баяндаған. Хазірет Шах Уәлиуллаһ Мұхаддис Дехлеуидің айтуы бойынша: Маһди, Қасиетті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (са) бурузы болады. [8]

Ғұлама Әбду-р-Раззақ Кашани жазады:

«Ақыр заманда Маһди келеді, ол Мұхаммед Мұстафаның (са) кәміл ізбасары болады, және оның терең де хақиқи біліміне орай барша әулие-әмбиелер оның ізбасарына айналады, өйткені оның ішкі жан дүниесі (ар-ұжданы) Мұхаммедтің ішкі жан дүниесіндей (ар-ұжданындай) болмақ». [9]

Тағы бір айта кететін жәйт, Маһдидің әкесінің есімі Әбдуллаһ, ал анасының есімі Әмина –делінген сөздер бірде-бір хадисте айтылмаған, мұндай қате пікір қарастырылып отырған хадистен туындаған-ды, дегенмен хадисте анасы жайында мүлдем сөз қозғалмайды.

Әкелерінің есім ұқсастығына келетін болсақ, хадис жинақтаушылардың пікірлері бойынша, бұл сөздер ешбір дәлелмен бекітілмеген. Алайда, егер оларды, тіпті шындық ретінде қабылдайтын болсақ, онда Маһдидің әкесінің есімі Ардақты Пайғамбардың (са) әкесінің есіміндей болу, тек сипаттық ұқсастықты білдіруі мүмкін. Басқаша сөзбен айтқанды, рухани құндылықтарды сіңіру дарындылығы Қасиетті Пайғамбардың (са) әкесінде қалайша бар болса, Маһдидің әкесі де сондай дарындылыққа ие болмақ, бұл Маһдидің толықтай Мұхаммадилік сипаттына ие болатынын растайды, яки олардың рухани ұқсастықтары барынша растала түседі. Ал есімдерінің анық ұқсастығына келетін болсақ, баяндамаларда Маһдидің – Ахмад – деген есімі де кездеседі. Осылайша, Хазірет Хузайфаның (ра) сөздеріне сүйенген, хадис жинақтаушы Хафиз Наим бин Хаммад, Маһдидің есімін Ахмад деп жазған [10]; бұл пікірді Ғұлама Ибн Хаджар Хайсми да растаған. [11]

Уәделенген Мәсіхтің (ас) шын есімі – Ахмад. Олардың әулетінде Ғұлам деген атау бұрыннан толықтырма ретінде қолданылған. Мысалға, оның әкесінің есімі Ғұлам Мұртаза, ағасының есімі Ғұлам Қадир, ал оның өз есімі Ғұлам Ахмад. Демек, аталмыш көріпкелдіктің ішкі және сыртқы сипаттамалары Уәделенген Мәсіхтің (ас) бойында жүзеге асқан-ды. Ең бастысы, Мұхаммедтің (са) мінез-құлқы мен өмірлік өнегесін оның бойынан байқауға болады.

Осы заманның Имамы, Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад Қадианидің  (ас) жариялаған талабы да, осындай бейнеде айтылған. Ол айтады, оның жеткен жетістіктері, Қасиетті Пайғамбардың (са) шәкіртіне айналып, соңына ілесіп, оған адал қызмет еткендігінен жетіп отырмын дейді. Бұған оның өмірі куә. Ал Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад Сахиб (ас) хадис бойынша, дүниені әділеттікке толтырды ма? - деген, сұраққа келетін болсақ, бұл сұрақтың жауабын келтірілген хадисті ой елегінен өткізіп оп-оңай табуға болады. – Хадисте, бұрын дүние қалай зұлымдыққа толы болса, Маһдидің арқасында дүние солай  әділеттікке толтырылады делінген. Дүние зұлымдыққа бірнеше күн немесе бірнеше жыл ішінде-ақ тола қойған жоқ, ол келе-келе, ғасырлар бойы толып отырды. Демек, әділеттіліктің жүйесі де сол секілді, келе-келе орнығып, кемелдене түсетін болады, бұның бастамасын, Аллаһу Тағаланың мейірімінің арқасында, Ахмадийя Мұсылман Жамағаты бастап қойған-ды.

 

Дереккөздер:

 

[1]. Ахмад бин Ханбал. Муснад. 1 т., 367 бет. Дару-л-фикр әл-‘арабий. Бейрут.

2. ‘Әлләмә Мухаммад Бакир Мәжлиси. Бихару-л-әнуар. 51 т., Дару ихйаи-т-турас әл-‘арабий. Бейрут. Ливан.

3. ‘Әлләмә Хафиз Абу ‘Абдуллаһ Мухаммад бин Йусуф әл-Канджи. (Хижра б/ша 658 ж. өлген) Әл-Байан фи ахбари сахиби-з-заман. 93 бет. Матбу‘ ан-Ну‘ман. Ан-Наджаф әл-ашраф. 1962.

4. Тахзибу-т-тахзиб. 3 т., 305 бет, ‘Абду-т-Таууаб Академи. Мултан.

5. а) Тарих-и-ислам. Шах Му‘ину-д-дин Надви. 3 т., 56 бет. Мәктәбә Рахманиййа. Урду Базар. Лахор.

б) Әл-әдәб ас-султаниййа фи дәуләти-л-исләмиййа. 166 бет. Бейрут. 1960.

6. Миркату-л-мафатих, шарх мишкат әл-масабих. 5 т., 79 бет. Мәктәбә маймуниййа. Мысыр. 1306 ж. х.

7. Канзу-л-‘уммәл. 14 т., 273 бет. Әл-матба‘ әл-‘арабиййа. Хәләб.

8. Әт-тәфһимәту-л-иләһиййә.  2 т., 238 бет. Шаһ Уәлиуллаһ Дехлеуи Академи. Садар, Хайдарабад, Синд, 1387 ж. х.

9. ‘Әлләмә Шайх ‘Абду-р-Раззақ Кашани. Шарх фусус әл-хәкәми. Мәктәбә Мұстафа әл-Бали әл-Хәләби. Мысыр. 2-ші басылым.

10. Хафиз Абу ‘Абдуллаһ На‘им бин Хаммад. Китабу-л-фитан. Бабу фи сирати-л-мәһди уә ‘әдлүһу. 98 бет. (Сілтеме бойынша: ‘Әлләмә Йусуф бин Йахйа. ‘Ақду-д-дурар фи ахбари-л-мунтазир. 35 бет. Мәктәбә ‘Алиму-л-фикр. Қаир.)

11. ‘Әлләмә Ибн Хаджр Хайсми. Әл-қаулү-л-мухтасар фи ‘әләмәти-л-мәһдийи-л-мунтазир. 27 бет. Қаир, әл-Кумаш к-сі, 3 үй.

 

№29. Мәсіх – Қасиетті Пайғамбарымыздың (са) қабірінде

 

Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айты деп, Әбдуллаһ бин Умар (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды:«Иса, Мәриям ұлы (ас) түседі, үйленеді, балалары дүниеге келеді, ол 45 жыл өмір сүреді. Сосын қайтыс болған соң, менімен бірге, менің қабірімде  жерленеді. Сосын біз «Иса, Мәриям ұлымен» бірге бір қабірден (Қияметте) қайта тірілеміз, Әбу Бакр (ра) мен Умардың (ра) арасында».

(Ибн Жаузи. (хижра б/ша 597 ж. қайтыс болған) Әл-уафау би ахвали-л-Мұстафа. 2 т., 814 бет. Дару-л-кутуби-ль ‘илмийя; Мишкат. Бабу нузули ‘Иса. 480 бет. Нур Мухаммад асахху-л-матаби. Дели)

Хадистің түсіндірмесі:

Бұл хадисте «Исаның» түсуі жайында және бірнеше жекеленген белгілер мен ерешеліктері жайында сөз қозғалады. Мұнда «Иса» есімі ұқсастық ретінде қолданылған. Сонымен қатар, келетін Мәсіхтің бұрынғы Мәсіхпен кей ұқсастықтар болғанымен, олардың міндетті түрде айырмашылықтары да болады. Мысалға, Уәделенген Мәсіх (ас) міндетті түрде үйленеді, оның ізгі хабар ретінде уәделенген балалары туады, олар оның ісін жалғастыратын болады. Уәделенген Мәсіх (ас) жерде 45 жыл сүреді (көптеген басқа баяндамаларда қырық жас жайында айтылады), сосын табиғи өлімімен қайтыс болады (яғни, ол қасақана өлтірілмейді, өйткені әдетте жалған-пайғамбарлар қасақана өлтірілетін, жаза ретінде жалғандықтары үшін). Сосын ол қайтыс болған соң, оның қайтысы мүбәрак болады, өйткені оны Қасиетті Пайғамбармен (са) бірге «оның қабіріне» рухани түрде жерлейді.

Бұл хадисте, «қабір» сөзі назар салуды қажет етеді, ол екі мағынаның бірін білдіруі мүмкін, яки: «қабір» сөзі тура мағынада немесе рухани мағынада айтылған-ды. Тура мағынада қарастыратын болсақ, бұл Қасиетті Пайғамбарға (са) құрметсіздік танытуды, (оның ұлықтығын жер етіп) оны қадірлемеуді тудырады, өйткені бүкіл үмметтен ешкім бұл сөздерді тура мағынада талқылауды ойына да алмаған. Демек, бірақ мүмкіндік қалып отыр, яки: «қабір» сөзін рухани мағынада түсіну керек-ті, бұған дәлел келесі Құрани аят: «Сосын, Ол оған өлім жібереді де, оны қабірге кіргізеді» (‘Абаса сүресі 80:22). Алайда, мұндағы «қабір» сөзінің мағынасын «жерлейтін жер» ретінде талқылау араб тілінің қағидаларына қайшы болатыны былай тұрсын, бұл оның ішкі мағынасын түсінуден өте алыс, және мұндай үстірт талқыламаны арабтардың ішіндегі ең шешен тілді Пайғамбарымызбен (са) қиыстыру, бұл оған құрметсіздік танытумен пара-пар. Сондай-ақ, хадистің мағынасын, «Уәделенген Мәсіх менімен бірге менің қабірімде жерленеді» деп түсіну, мәтін мағынасына қайшы келеді. – Өйткені хадистің келесі бөлігінде, Қияметте, Қасиетті Пайғамбарымыз (са) Иса Мәриям ұлымен (ас) бірге бір қабірден көтерілетіні жайында айтылады және олардың бір жағынан Әбу Бакр (ра), екінші жағынан Умар (ра) көтеріледі. Яғни, рухани дәреже тұрғысынан қарағанда Уәделенген Мәсіхтің (ас) дәрежесі Қасиетті Пайғамбардың (са) дәрежесімен біте байланысқан, ал Әбу Бакр (ра) мен Умардың (ра) орындары оның оң жағы мен сол жағында, өйткені олар тірі кездерінде Пайғамбарымыздың (са) ең жақын кеңесшілері болатын, оның оң қолы мен сол қолы.

Тағы бір айта кететін жәйт, хадистегі «Иса (ас) Қасиетті Пайғамбардың (са) қабірінде жерленеді» деген сөздер, яһудилердің арасында тараған баяндамадан алынған екен. Өйткені, Исламды қабылдаған яһуди ғұламасы – Әбдуллаһ бин Салам (ра) есімді сахабаның айтуы бойынша, - Мұхаммедтің (са) Тәураттағы белгілерінің бірі, Иса (ас) Мұхаммедпен (са) бірге жерленеді делінген. [1]

Бәлкім, бұл Исраил пайғамбарларына берілген аян-уахилардың бір бөлігі шығар, - әрі бұл уахи, әлбетте, талқылауды қажет қылады. Негізінде, мұнда Уәделенген Мәсіхтің (ас) Қасиетті Пайғамбарға (са) барынша жақын болатыны және олардың рухани туыстығы меңзеледі, сондай-ақ ол (ас) қайтыс болған соң, оның жаны Қасиетті Пайғамбардың (са) жанымен қосылып, олар бір рухани қабірде жай табатынын көрсетеді. Бұл тақырып, тағы бір хадисте, келесі сөздермен де суреттелген: «Маһдидің есімі менің есімімдей болады», яғни ол (ас) Қасиетті Пайғамбардың (са) кемел бурузу* болады, әрі бұл ақиқатты үммет ғұламалары мойындайды. Осылайша пайымдаған, Хазірет Шах Уәлиуллаһ – Мұхаддис Дехлеуи – былай деп жазады, яки  Пайғамбарлар Көсемінің (са) хас нұры (айнаға шағылысқандай) Маһдиде шағылысады, ол (ас) Мұхаммед есімінің бар сипатын көрсетеді және оның (са) айнаға шағылысқан бейнесіндей болады. [2]

Бұл жайында Уәделенген Мәсіх (ас) жақсы айтқан болатын: «мен Қасиетті Пайғамбарға (са) деген махаббатымның арқасында, оның қабіріне кіремін; ей, тура жолдан бас тартқан неме, сен бұл сырды көрмейсің».

Хадисте көрсетілген мерзім – 45 жыл, ал басқа баяндамаларда өзгеше мерзім берілген, - Ғұлама Ибн Хаджр Асқалани бұны, Маһдидің жеткен жеңістері мен жетістіктерінің түрлі кезеңдері деп талқылаған. [3] Алайда, көптеген басқа сенімді баяндамаларда 40 жылға созылған уақыт мерзімі көрсетілген. [4]

Бұл жерде талап білдіргенге дейін сүрілген өмір кезеңі меңзелеме (кей баяндамаларда, ол кезде Маһдидің жасы 40-та болады делінген [5]), әлде талап білдіргеннен кейін сүрілген өмір кезеңі меңзелеме, бұл маңызды емес. – Екі жағдайда да бұл белгілер Мирза Ғұлам Ахмад Қадианиге (ас) қолданарлық, өйткені ай күнтізбесі бойынша ол 76 жас жасап, өзінің табиғи өлімімен қайтыс болған. Ол 40 жас шамасында Алладан аян-уахилар ала бастаған, осыдан кейін ол шамалы соншама жыл өмір сүрген. Демек, ол, илләһи жазбаларда келеді деп уәде етілген Мәсіх-Маһдидің өзі болып табылады, әрі дінге қызмет ету жолында, Аллаһу Тағала оның мүбәрак ұрпағына ұлы күш-қабілет берген-ді.

 

(*Буруз - дегеніміз, бір жан, кемелдіктің жолында, басқа бір кемел жанның қасиет-сипаттарын, оның пәк мінез-құлқын өз бойына жинақтайтын болса, онда ол, әлгі кемел жанның бурузы болып табылады. Яғни, ол рухани тұрғыда әлгі кемел жанның айнаға шағылысқан бейнесіндей болады.)

 

Дереккөздер:

 

[1]. Тирмизи. Абвабу-л-манакиб, Бабу фи фазли-н-наби.

2. Хазірет Шах Уәлиуллаһ. Әл-хайру-л-касир. 236-237 беттер. Аударма: Мауляуи ‘Абиду-р-Рахман Кандахляви. Нашир-и-Кур’ан Махаль. (Керісінше мусафирханы.) Карачи.

3. ‘Әлләмә Ибн Хаджар Хайсми. Әл-қаулү-л-мухтасар фи ‘әләмәти-л-мәһдийи-л-мунтазир. 28 бет. Мәктәбә әл-Кур’ан. Каир, әл-Кумаш к-сі, 3 үй.

4. Абу Дауд. Китабу-л-малахим. Бабу хурудж ад-даджяль.

5. ‘Әлләмә Табарани. Әл-му‘джаму-л-кабир. 8 т., 120 бет. Абу-л-Хасан әл-Вали. Ихйау-т-тураси-л-ислами. Ирақ.

 

№30. Уәделенген Мәсіхтің (ас) қажылық жасайтыны жайындағы көріпкелдік

Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айты деп, Әбу Һурайра (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды:

«Иса түсіп, шошқаны өлтіреді, крестті (айқышты) өшіреді; ол үшін намаздар біріктіріледі. Ол байлық таратады, алайда ешкім оны қабылдамайды. Ол мұсылман-еместерден салық алуды тоқтатады. Ол Ар-Руха деген жерге түседі, сол жерден қажылығын, әлде умрасын жасауға кіріседі, бәлки екеуін бірге жасайды». (яғни, оның келуінің мақсаты Қағбаның ұлықтығын сақтап, оны қорғау).

(Мұснад Ахмад. 2 т., 290 бет, Дару-л-фикр әл-араби. Бейрут)

Хадистің түсіндірмесі:

 

Осы хадистің тағы бір баяндамасы әлсіз деп танылған, оны Суфйан  жеткізген Зухридан. [1] Жоғарыдағы баяндама да Зухридан келген. Алайда, мұнда айтылған Уәделенген Мәсіхтің (ас) көптеген белгілері басқа сенімді хадистермен расталғандықтан, сол хақ белгілері айтылған жерлерін жоққа шығаруға болмайды, яки Уәделенген Мәсіхтің (ас) арқасында Ислам жауларының шошқа тәрізді лас сипаттары жойылады, және ол «крест (айқыш) дінінің» негізсіздігін дәлелдейді деген жерлерін; сөйтіп ол Исламды рухани жеңісіне жетелейді, кезінде Қасиетті Пайғамбарымыз (са) келе-келе күпірліктің көзін құртып, Исламды рухани жеңіске жеткізгені сияқты. [2]

Уәделенген Мәсіх (ас) үшін намаздар біріктіріледі деген белгі де Мәсіх-Маһдидің заманыңда іс жүзіне асып, нақтыланды. «Қалам жиһады» заманыңда, Исламды қорғау үшін  және оны жеңіске жетелеу үшін, көптеген кітаптар мен шығармаларды жазып, дінге қызмет қылу жолында қолы босамағандықтан, 1901 жылы Қадианда, кем дегенде алты ай бойы зухр мен аср (бесін мен екінті) намаздары біріктіріліп оқылды, бірінен соң екіншісі оқылып. – Дегенмен, Уәделенген Мәсіх (ас), өзінің мінез-сипаты мен ішкі ұмтылысында, намазды уақытында оқуға үнемі бекем болатын. Дінге қызмет қылу қажеттілігінен екі намазды бір уақытатта оқу мүмкіндігін, Уәделенген Мәсіх (ас) бірде былай деп түсіндірген:

«Аллаһу Тағаланың түсіндірмесі, бағыт-бағдары мен аяны түспейінше, мен ештеңе істемеймін... Екі намазды біріктіруге келетін болсақ, Қасиетті Пайғамбардың (са) «таджма’у ляһус-саляту» (яки, «ол үшін намаздар біріктіріледі») деген сөздерінде, осы уақытымызда орындалып отырған, Аллаһу Тағаланың маған көрсеткен керемет пайғамбарлығы бар. Мен келесі ұстанымды ұстанатын адаммын. Егер Аллаһу Тағала маған қандай бір жәйт жайында түсіндірме берген болса, мысалы, қандай да бір хадистің сенімділігі жайында, онда егер тіпті ортодаксалды ғұламалар мен мұхаддистер ол хадисті жалған немесе әлсіз десе де, (мен әлгі ғұламалардың пікірін еш қолдамаймын). Немесе, керісінше, олардың пікірі бойынша сенімді болған хадисті, Аллаһу Тағала жалған деп көрсетсе маған, мен де солай деймін». [3]

Алайда, жоғарыда келтірілген хадистің аяқ жағындағы күмән ырғағы, қалай болғанда да хадисті әлсіздетеді.  Хадистің аяқ жағында былай делінген, Мәриямның ұлы Руха деген жерге түседі, сол жерден қыжылығын, әлде умрасын жасауға кіріседі, бәлки екеуін бірге жасайды. Егерде бұл сөздер Қасиетті Пайғамбарға (са) тиесілі болса, онда көріпкелдік ап-анық болып, хадисте ешқандай күмән ырғағы болмас еді. Міне сол себепті, келтірілген хадисті Әбу Һурайрадан (ра) жеткізген Ханзала есімді баяндамашы, бұл сөздер Қасиетті Пайғамбардікі ме (са), әлде Әбу Һурайраның (ра) жеке пікірі ме, білмеймін деп, бәлки олар қосылып жазылған жабсарлама болуы мүмкін дегенді айтқан. [4]

Негізінде, Исраилдік Мәсіхтің қажылық жасауы жайындағы көріпкелдіктің шығу тегі исраилдітердің баяндамаларынан шыққан-ды, бұның мақсаты, Исаның өлмес өмірі жайындағы қисса-сенімді қалың көпшіліктің арасына тарату болатын. Сондықтан, бұндай көріпкелдік Құран Кәрімге және Пайғамбарымыздың (са) сүннетіне қайшы болғандықтан, одан бас тарту керек-ті. Ғұлама Ибн Касир баяндайды, яһудилік Бану Курейза тайпасынан шыққан, алайда кейін Исламды қабылдаған – Мұхаммад Ка’бтың (ра) айтуы бойынша, үнемі Тәурат пен Інжілді оқыған, сосын Исламды қабылдаған бір адам оған мынаны айтқан екен: Құдайдың Мұсаға (ас) түсірген Тәуратында, және Исаға (ас) түсірген Інжілінде, «Мәриямның ұлы Иса» (ас) қажылық немесе умра жасау үшін Руха деген жердің қасынан өтеді. Онымен бірге асхабу-л-кахф (яғни, үңгір адамдары) болады. Сондықтан, Иса әлі қажылық жасамағандықтан, ол әлі өлген жоқ делінген. [5]

Мұндағы келесі бір жәйт оғаштау көрінеді, яки қарастырылып отырған Әбу Һурайрадан (ра) келген хадистің жалғыз баяндамашысы – Исламды қабылдаған мәсіхші (христианин) екен. – Ол, исраилдік оқиғаларға негізделіп, яки сол оқиғалардағы кей баяндамалардың мазмұнын күмәнсіз шындық етіп көрсетіп, және өзінің жеке пікіріне сүйеніп, Мәриямның ұлы қыжылық немесе умра жасау ниетімен, бәлки екеуін бірге жасау ниетімен, Руха алқабында ихрамға кіреді – деген сөздерді хадиске қосқан. Әбу Һурайраның (ра) бұл баяндамасын Мүслим де келтіреді. [6]

Алайда, ол баяндама да әлсіз болғандықтан ұстануға тұрарлық емес, өйткені оның кей баяндамашылары кемістіктерден ада болмаған: Зухриде апокрифизм байқалған, Лайса асырып айтатын, ал Хармала – соншама сенімді адам емес еді. [7]

Сондай-ақ, Руха деген жер Мединадан отыз-қырық шақырым жерде орналасқан, және ол жерге бару қажылық рәсіміне кірмейді. Тіпті ол қажылық жолының бойында да емес және ол жерден көзге де көрінбейді. [8] Сонымен қатар тұспал ретінде қойылған жерлердің қарсы-алдында да орналаспаған.

Басқаша сөзбен айтқанда, бұл хадисті тура мағынада түсінуге келмейді. -  Тек, егер оны ертедегі әйтеуір бір исраилдік пайғамбардың көрген көріпкелдігі деп қабылдамаса, яки Қасиетті Пайғамбарымыздың (са) заманында орындалған, исраилдік Мәсіхтің рухани қажылығы ретінде түсіндірген болмаса. Тағы бір баяндамада Қасиетті Пайғамбар (са), жаңа ғана Кағбаны тәуәп еткен Мәриямның ұлы Мәсіхпен қол алысып амандасқаны жайында айтылады. [9] Алайда, бұл пайғамбарлық исраилдық Мәсіхке емес, Қасиетті Пайғамбарымыздың (са) үмметінен шыққан Уәделенген Мәсіхке (ас) қатысты айтылған деп, жорамалдау орынды болар. Мысалға, Сахих Бұхариде келесі мағынадағы баяндама бар, Қасиетті Пайғамбарымыз (са) түсінде, Қағбаны айналып жүрген Уәделенген Мәсіх (ас) пен Дәжжалды көрген-ді. [10] Үммет ғұламалары бұны келесі түрде түсіндірген. Дәжжал Қағбаны жойып, қаңыратуға тырысады. Ал Уәделенген Мәсіхтің (ас) мақсаты Қағбаның бұрынғы абыройын қалпына келтіру жолында қызмет етіп, оны қорғау болып табылады [11], бұл Уәделенген Мәсіхтің (ас) келуінің түпкі мақсаты, әрі келешектегі Мәсіхтің (ас) қажылық жасауының (астарлы мәні бар) нағыз түсіндірмесі.

 

Дереккөздер:

 

[1]. ‘Әлләмә Ибн Хаджар. Тахзибу-т-тахзиб. 4 т., 96 бет. Мысыр.

2. Бұхари. Сахих. Китабу-л-манакиб. Бабу ма джа’а фи асмаи расулиллахи.

3. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Мальфузат. 2 т.,  45 бет. Жаңа басылым.

4. Мұснад Ахмад бин Ханбал.  2 т., 291 бет. Дару-л-фикр әл-‘арабий. Бейрут.

5. ‘Әлләмә ‘Абду-л-Ваххаб Ша‘рани. Тазкирату-л-куртуби. 2 т., 166 бет. Мұстафа әл-Бали әл-Хальби. Мысыр.

6. Мүслим. Сахих. Китабу-л-хадж. Бабу ихляли-н-наби.

7. ‘Әлләмә Ибн Хаджар. Тахзибу-т-тахзиб.  9 т., 398 бет; 8 т., 414 бет; 2 т., 202 бет, ‘Абду-т-Таууаб Академи. Мултан.

8. Икмалү-л-икмаль, шарх Муслим.  3 т., 398 бет. Са‘адат Миср уә Камус.  3 т., 232 бет. Мысыр.

9. ‘Әлләмә Ибн Хаджар Хайсми. Әл-фатауә-л-хадисийа. 154 бет. Мұстафа әл-Бали әл-Хальби. Мысыр.

10. Бұхари. Сахих. Китабу-л-анбийа. Бабу уә-зкур фи-л-китаби Марйам.

11. Мазахиру-л-хакк, шарх мишкат әл-масабих. 4 т., 359 бет, Аламгир Пресс. Лахор.

 

[1] Яғни, (арғы) ата-бабалар арқылы ғана емес, (арғы) ана-әжелер арқылы да, аралас.

 

Жалғасы: Хадис 31-40 http://yvision.kz/post/589496

Nurym
19 октября 2015, 2:59
411

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Насобирал разных фотографий про наш город, из семейного архива. Фотографии не от сканированные, а пересняты на телефон. Давно хотел выставить, но не решался) Сейчас уже мы все поменялись, уже...
Ispanec
22 февр. 2017 / 11:05
  • 11949
  • 23
«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

Ну реально же, парни, откуда вы только беретесь такие простые, а? Я сейчас просто расскажу несколько историй из личного опыта, и судите сами – нормально это? Но для начала расскажу немного о себе...
socium_kzo
22 февр. 2017 / 11:38
  • 6790
  • 93
Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Среди моих знакомых есть одна милая девушка, она тоже молодая мама как и я. Очень открытая, видная, недавно вышла на работу. У нее счастливая семья и все, тьфу-тьфу, складывается хорошо.
Roza_pvl
19 февр. 2017 / 11:49
  • 5896
  • 43
Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Я совсем не смотрю передачу "Пусть говорят", слишком много ругани и негатива, но новость про какую-то девушку заполонила все мои социальные сети, я открыла youtube и посмотрела несколько передач...
Roza_pvl
22 февр. 2017 / 11:49
  • 4849
  • 33
Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Итак, по просьбам трудящихся и по крикам души коллективного бессознательного решила я написать пост на эту тему. Вводные данные: 1) нет имущества, которое можно продать для покупки собственного...
DanaJarlygapova
20 февр. 2017 / 16:17
  • 4151
  • 46
50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

Друзья, представляю вашему вниманию второго героя моей рубрики "50 бизнес-встреч с лучшими (по моей версии) предпринимателей Астаны за 100 дней" - Асхата Солтанова!
Kultursyn
20 февр. 2017 / 12:46
  • 3945
  • 18
Я не националист, но выйду замуж только за казаха. 22 факта обо мне

Я не националист, но выйду замуж только за казаха. 22 факта обо мне

Всем доброго времени суток! Поскольку сейчас долгожданные выходные, я болею и имею полное право ничего не делать за чашечкой горячего чая, то решила все-таки написать этакий скромный пост о себе...
Sserikyzy
18 февр. 2017 / 16:35
Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Я очень долго думала писать данный пост или нет. Потому, что тема очень тонкая, возможно кого-то может задеть, а, возможно, наоборот кому-то откроет глаза. Тема замужества в каждом поколении была и...
Adilyan
21 февр. 2017 / 20:22
  • 3481
  • 18
Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Простому обывателю социальных сетей уже известно, что самой обсуждаемой персоной в последнее время является печально известная 16-ти летняя девушка из Ульяновска Диана Шурыгина.
tala03
21 февр. 2017 / 13:27
  • 3277
  • 13