• 359545
  • 24
  • 4
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Патриотизм – қазіргі заманғы Отан қорғаушының рухани өзегі

Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Міне, осы басымдықты Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру аясында негізгі деп айқындады. Ол Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының, елімізде әзірленіп жатқан жаңа заңның бастапқы негізі болды.

Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында қоғамды «жарқын болашаққа бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары – ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге» шақырды. Бұл ретте мемлекеттің және ұлт өмірінің нормасы патриотизм мен дәстүр рухы, бірлік пен сайыскерлік рухы болуы тиіс. Әрбір адам осы жасампаз рух оның өмірінің бір бөлігі болуы үшін қолынан келгеннің барлығын жасауы тиіс.

Күшті кәсіби армиясыз қуатты Қазақстан бола алмайды. 2014 жылғы Қарулы Күштердің жауынгерлік ұраны «Кәсіпқой – Армия негізі!»  болып жарияланды. Оның негізінде уақыт талабына және мемлекеттің әскери құрамдасын дамыту жүйесіндегі жаңа өзгерістерге сәйкес келетін аса терең мағыналы рухани мән жатыр.

2013 жылы Қорғаныс ми­нистр­лігінің ұйымдастыру қыз­ме­тіндегі басты назар жастарды әскери-патриоттық тәр­бие­леуді жандандыруға, Отан қорғаушының оң беделін қа­лыптастыруға, әскери мамандық­тың беделін арттыруға және әс­ке­ри қызметті негіздеуге аударылды.

2013-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да­ әскерлері мен әскери құра­лым­дарында құқық бұзушы­лық­тар­дың алдын алу жөніндегі республикалық бағдарламаның шеңберінде әскерге шақыру жасына дейінгі және армия жастары арасында «Ерлік сабақтары», «Жас армияшы күні», «Ашық есік күндері» нысанында әс­ке­ри-патриоттық сипаттағы ауқым­ды іс-шаралар кешені ұйымдастырылды.

Еліміздің барлық облыс­ орталықтарында Қарулы Күш­тер қатарына жаңадан шақырылғандарды салтанатты шығарып салулар шеңберінде танымал тұлғаларды, ардагерлерді, спортшыларды және өңірлер жұртшылығын тартумен «Әскерге шақырылушы күндері» өткізілді.

Отан қорғаушы күнін мерекелеу кезеңінде қалалардың алаңдары мен көшелерінде жауын­герлік техника мен қару-жарақ көрсетілді, соғыс жыл­дары­ның әндері мен марштарын орындаумен концерттер, «Сар­баз ботқасы», «Біз – Жеңістің мұрагерлеріміз», «Патриот» акция­лары, «Отан қорғаушы күні», «Армия балалар көзімен» конкурстары, әскерилендірілген ойындар, эстафеталар мен крос­тар өткізілді.

Осы күндері еліміздің көптеген қалаларында азаматтар көшелерде орнатылған мониторлар арқылы онлайн режімінде «Отар» 40-шы әскери базасындағы Жоғарғы Бас қолбасшы қатысқан Жауынгерлік парадты тамашалады. Тек бірінші күннің өзінде телеарналар 100-ден астам сюжет көрсетті, газеттер мен ақпарат агенттіктерінде Жауынгерлік парад туралы шамамен 300-дей материал жарияланды.

Жастарды патриоттық тәр­бие­леудің және азаматтық қоғам­­да армияның беделін арт­тырудың тиімді үлгілерінің бірі Қорғаныс министрлігі ақ­параттық-насихат тобының Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясының іске асырылу барысын түсіндірумен ел өңірлеріне шығулары болып табылды. Ақпараттық-насихат тобының жұмысы барысында ел өңірлерінде әкімдіктер басшыларымен жастарды әлеуметтік қолдауда өзара іс-қимыл жасау және оны жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс кездесулері болды, Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблі әртістерінің күшімен әскери қызметшілер, олардың отбасы мүшелері және азаматтық тұрғындар үшін концерттер берілді.

Сонымен бірге, әскерге шақы­рыл­ған өңірлердің тумасы болып табылатын қызметтік міндеттерін адал орындаған әске­ри қызметшілерді салтанатты марапаттаулар жүзеге асырылды. Осы іс-шаралардың барлығы БАҚ-тарда ауқымды түрде жария­ланды.

Сонымен, 2013 жылғы 3 шіл­де мен 28 тамыз кезеңінде кәсібилендіру және азаматтарды әскери қызметке тарту жөніндегі үгіт-насихат жұмысы үдерісін кеңейту мақсатында әскери оқу орындары жанындағы әскери кафедралар студенттерінің арасында байқау-конкурс өткізілді.

Әскери бөлімдер мен меке­мелердің базасында өткізілген көптеген әскери-патриоттық іс-шараларға қатысқан Парламент депутаттары – запастағы генералдар М.Қ.Алтынбаевтың, Б.Е.Ертаевтың, А.Б.Тасбола­тов­тың, Жас армияшылар бір­лестіктері рес­публикалық шта­бының төр­аға­сы әділет пол­ков­нигі Н.М.Нұ­рах­метовтің, сондай-ақ, ардагерлер және жастар ұйымдары, «Нұр Отан» партиясы және оның «Жас Отан» жас­тар қанаты өкілдерінің белсенді ұстанымын атап өту керек.

Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыруда дәстүрлі «Жас ұлан» республикалық армия әндерінің фестивалі оң рөл ат­қарды. Өткен жылы есеп бойынша он бесінші мерейтойлық фестиваль алғаш рет Астана қала­сында Гала-концертпен өткізілді.

Әскери-патриоттық жұ­мыс­тарды жүргізу Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелеріне ресми түрде бекітіліп берілген жалпы білім беретін мектептер мен балалар үйлеріне шефтік көмек көрсетуден де көрінеді. Осы жылы еліміздің жоғары оқу орындарын қоса ала отырып, шефтік байланыстарды елеулі түрде кеңейту жоспарлануда.

Қазіргі уақытта мемлекеттің ақпараттық өрісінде армияның оң беделін қалыптастырудың негізгі факторы болып табылатын БАҚ тарапынан Қарулы Күштердің тіршілік әрекетіне қызығушылық елеулі түрде арттырылды. БАҚ-пен серіктестік байланыстарын нығайту саласында белгіленген оң үрдістер туралы атап өту қажет, оң ақпаратпен алмасу және бірлескен жобаларды іске асыру бойынша байланыстар саны елеулі түрде көбейді. Брифингтер мен баспасөз мәслихаттарын өткізу, баспасөз релиздерін, фото және бейнематериалдарды тарату сияқты ынтымақтастық нысандары кеңінен дамуда. Әскери бөлімдер мен бөлімшелерге шығумен баспасөз турларын ұйымдастыру анағұрлым тиімді болып табылды.

Одан басқа, ағымдағы жұ­мысты ұйымдастыру кезінде әскери басшылықтың негізгі назары Қарулы Күштер қызметінің толық спектрін көрсетуге аударылды, ал ақпарат беру әскерлердің күнделікті тіршілік әрекетінің барлық аспектілерін көрсету арқылы тұрақты негізде жүзеге асырылады.

Сонымен, Қазақстан Рес­пуб­лика­сының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ұсынған деректер бойынша, Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жылдың қорытындылары бойынша ақпаратты жариялау сала­сындағы барлық негізгі ұс­танымдар жөнінен басқа әлеуетті құрылымдардың баспасөз қызметтері арасында үздіктердің бірі ретінде атап өтілді.

Теледидарда және радиода қазақстандық патриотизм сезімін тәрбиелеуге, Қарулы Күштер туралы оң қоғамдық көзқарасты қалыптастыруға бағытталған ар­найы бағдарламаларды, әлеуметтік роликтер мен жар­нама­лық бейнематериалдарды орналастыру ақпараттық-насихат жұмысының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Барлығы 2013 жылдан бастап телеарналарда 1000-нан астам жаңалықтар сюжеті көрсетілді, баспасөз беттерінде 800-ден астам Қарулы Күштер туралы материал жарияланды. Әр демалыс күндері сайын «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарында «Айбын», «Ақсауыт», «Дела армейские» атты әскери-патриоттық бағдарламалар көрсетілуде. Кезекті бағдарлама­лар­ды дайындауда көмек көр­сететін орындардағы әскери командир­лердің сіңірген еңбегі зор. «Егемен Қазақстан», «Ка­зах­станская правда», «Айқын», «Мегаполис» республикалық газеттері, «Сарбаз», «Айбын», «Батыр», «Оборонный вестник» және басқа да әскери баспасөз басылымдары әскери кәсіп тақырыптарын белсенді түрде жариялайды.

1 желтоқсан – Тұңғыш Пре­зидент күні Қорғаныс министр­лігі мемлекеттік органдар арасында бірінші болып Ин­тернет ТВ – «korganys.kz» жаңа мультимедиалық сайтының тұсау­кесері жасалды. Интернет ТВ – бұл заманауи мультимедиалық веб-портал, ол Қазақстан армия­сы туралы бейнесюжеттерді, бейнероликтерді орналастыруға арналған.

Ағымдағы жылғы көктемде телекөрермендер 30 сериалы «Офицер абыройы» (орыс тіліндегі нұсқасы «Честь офицера») көркем сериалдың премьерасын тамашалайтын болады. Бұл отандық тұңғыш әскери сериал Қорғаныс  министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілді. «Офицер абыройы» қазіргі Қазақстан армиясының тыныс-тіршілігінен толық әрі шынайы мағлұмат береді. Сериалдың бас­ты идеясы – Отанға деген сүйіс­пеншілік және Отанды қорғау болып табылады.

2013 жылғы шілдеде «Осо­бое задание» бірегей әскери тележобасының 3-ші маусымы басталды. XIII Еуразиялық форумда (Мәскеу қ.) «Особое задание» тележобасы «Жаңа армия – Бейбіт армия» номинациясында ТМД елдерінің 25 жобасы арасында үздік деп танылды. Бүгінгі күні «Особое задание» – Қа­зақстандағы жалғыз әскери реалити-шоу.

Әскери-патриоттық тәрбиелеу блогын одан әрі дамыту мен жетілдірудің жаңа жолдарын іздеу проблемасы күн тәртібіне бірнеше рет қойылған болатын. Осы мәселелер мынадай соңғы іс-шараларды өткізу барысында анағұрлым кең және толық талқыланған болатын:

- 2013 оқу жылының қоры­тындылары бойынша Қорғаныс министрлігі алқасының отырысы (2013 жылғы 25 қараша);
- Қарулы Күштер тәрбие жұмыстары органдарының лауазымды адамдарымен оқу-әдіс­темелік жиындар (2013 жылғы 26-27 қараша);
- Қазақстан Республикасының әскери басқару және қылмыстық қудалау органдары үйлестіру кеңесінің отырысы (2013 жылғы 29 қараша);
- Бас әскери прокуратура, Әскери-техникалық мектеп, Білім және ғылым министрлігі, мемлекеттің әскери әлеуетті құ­рылымдары өкілдерінің қаты­суымен Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген жұмыс кеңесі (2013 жылғы 11 желтоқсан).

Сонымен, осы кеңестің қо­рытындылары бойынша Қорғаныс министрлігі, жас армияшылар бірлестіктерінің республикалық штабы мен әкімдіктер арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы меморандумның жобасы дайындалды. Оны біз осы жылдың басында жасасуды жоспарлап отырмыз.

Біріншіден, бұл ел Прези­денті­нің Қазақстан халқы Ас­самблеясының 20-шы сессия­сында берген Қорғаныс министр­лігінің Әскери-техникалық мектебі базасында Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу орталықтарын құру жөніндегі тапсырмасын орындауға бағытталды. Қазіргі уақытта басшылық Әскери-техникалық мектеп директорлары – Әскери-патриоттық тәрбиелеу орталықтарының бастықтары, сондай-ақ, олардың әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі көмекшілері лауазымдарын енгізу туралы мәселені пысықтауда.

Екіншіден, өңірлерде оң сипатқа ие болған әскери-пат­риоттық блоктың барлық іс-шаралары ағымдағы жылы мін­детті түрде жалғасатын болады.

Осы жылы Қазақ радиосымен және «Қазақстан» телеарнасымен бірлесіп, «Әскери әндер» жаңа музыкалық жобасын іске асыру бойынша жұмыс өрістетілді. Жобаның мақсаты әскери-патриоттық тақырыпқа арналған жаңа туындыларды шығару және әскери әндерді танымал ету болып табылады. Финалдық Гала-концертті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырып өткізу жоспарлануда.

Бүгінгі күні қазақстандық патриотизм – бұл біздің көпұлтты қоғамымыздың өркендеуінің негізі екенін әрқайсымыз түсінеміз.

Мұхамеджан ТАЛАСОВ, Қазақстан Республикасы  Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары,  полковник
Егемен Қазақстан

 
МО РК minoboronyRK
Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz
17 января 2014, 10:51
569

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 дек. 2016 / 15:19
  • 26749
  • 30
Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

ГПК содержит 505 статей, многие из которых написаны несколько сложным юридическим языком. Однако теперь понять их можно проще и без обращения к юристу.
RuSnake
6 дек. 2016 / 10:31
  • 10910
  • 0
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 дек. 2016 / 10:52
  • 10565
  • 71
Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

С 26 по 30 ноября в Алматы гостил известный европейский фотограф Ян Маклайн в рамках реализации совместного проекта с Казахстаном. Подробности не уточняются, однако ходят слухи о том, что этот...
Muchacho55
7 дек. 2016 / 18:29
  • 8994
  • 8
Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Конечно, Алматы заслужил эту дорогу. Невзирая на все издержки, которые могут возникнуть. Заслужил и как крупнейший город Казахстана, и как субъект, формирующий своими налогами около четверти всех...
merurg
7 дек. 2016 / 12:35
  • 7252
  • 19
На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

О том, как масс-медиа раздула миф о казахстанских вундеркидов в розовый воздушный шар, пока его не проколола правда-иголка. Получается, что казахстанские дети не могут применить теорию в практике...
ardakzhurynov
7 дек. 2016 / 0:17
  • 5597
  • 36
10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

Я почти год проработала в школе, и когда уходила оттуда, была самым счастливым человеком в мире. Тот год, честно говоря, я и сейчас вспоминаю с ужасом.
demonica
6 дек. 2016 / 17:21
  • 5977
  • 78
«Лицо дьявола»? Страшный силуэт на стекле – не оправдание водительской безответственности

«Лицо дьявола»? Страшный силуэт на стекле – не оправдание водительской безответственности

Казнет уже которые сутки подряд обсуждает страшную аварию на трассе Астана – Боровое, где сошлись страшные мистические знаки и где из-за банальной человеческой безответственности гибли люди..
openqazaqstan
вчера / 13:14
  • 5596
  • 5
После крупной пьяной аварии бизнесмены в Чечне отказались торговать спиртным. В Казахстане едва ли такое возможно

После крупной пьяной аварии бизнесмены в Чечне отказались торговать спиртным. В Казахстане едва ли такое возможно

После тяжкого ДТП по вине пьяного водителя в Чечне закрылись все магазины, торгующие алкоголем. Их владельцы – 14 бизнесменов – добровольно отказались от выданных им лицензий.
openqazaqstan
5 дек. 2016 / 13:09