Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:49, 15 января 2014

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері шаңғы тебуден жарыста жеңімпаз атанды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері шаңғы тебуден жарыста жеңімпаз атанды«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының спортшылары Семей қаласының мемлекеттік қызметшілері мен қуатты құрылымдар өкілдері арасында өткен шаңғы тебу жарысында жалпы командалық бірінші орынды жеңіп алды.

Сайыстар жыл сайынғы қалалық спартакиада шеңберінде өтті. Бұл күні ең мықтылардың атағын жеңіп алу үшін жүзге жуық спортшыдан құралған он команда күш сынасты.
Жарыстарда ерлер үш шақырым қашықтықты, ал адамзаттың нәзік жанды бөлігі бір жарым шақырым қашықтықты жүргіріп өтуі тиіс болатын.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы командасының қоржынына мына әскери қызметшілер олжа салды: ерлер арасында бірінші орынды сержант Марат Шаранов жеңіп алса, сержант Ядгар Қизатаев екінші орынды иеленді. Әйелдер арасында кіші сержант Әсел Жәкенова жарыстың күміс жүлдесін олжалады, ал кіші сержант Назерке Жақаева қола жүлде иегері атанды.
Шаңғы тебу жарысы қараша айында басталған қалалық спартакияданың қорытындысына айналды. Жалпы алғанда қалалық спратакиада спорттың тоғыз түрінен өтті, олардың қатарында волейбол, мини-футбол, бильярд, президент көпсайысы, жүзу, үстел теннисі, шахмат пен тоғызқұмалақ бар.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
0
845
0