Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:36, 12 января 2014

Жансая Әбдімәлік әйгілі Анатолий Карповтан айласын асырды

Жансая Әбдімәлік Анатолий Карпов

Алматыда Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат академиясының салтанатты ашылуы болып өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Аталмыш шараға әлемдегі ең танымал шахматшылардың бірі Анатолий Карпов қатысты.

Ашылу салтанатынан кейін Карпов пен Әбдімәлік өзара төрт партия ойнады. Соның екеуінде атақты спортшының мерейі үстем болса, бір ойын тең аяқталды, тағы бір ойында Жансая азулы қарсыласынан айласын асыра алды.
Атап өтейік, Анатолий Карпов 12-ші әлем чемпионы. 1970 жылдан бері халықаралық гроссмейстер. Ол әлем чемпионаттарында 1975, 1978 және 1981 жылдары үш мәрте, ФИДЕ аясындағы әлем чемпионаттарында үш рет (1993, 1996, 1998 жылдары) жеңіске жеткен.

   
0
294
0