Халықаралық футбол тарихы мен статистика ұйымы (IFFHS) жылдың ең үздік қақпашысын жариялады, деп жазады alaman.kz.
Қорытынды бойынша, «Бавария» голкипері Мануэль Нойер өткен жылдың үздік қақпашысы атанды — 221 ұпай.
Екінші орында Джанлуиджи Буффон (78), үздік үштікті «Челси» голкипері Петр Чех (64 ) қорытындылаған.
Одан кейінгі орында Тибо Куртуа (Бельгия, «Атлетико» Мадрид — 54 ұпай), Виктор Вальдес (Испания, «Барселона» — 53), Икер Касильяс (Испания, «Реал» — 23), Сальваторе Сиригу (Италия, «ПСЖ» — 5) тұр.