Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:55, 05 января 2014

Әйгілі Эйсебио дүниеден өтті

Эйсебио

Атақты португалдық футболшы Эйсебио дүниеден озды.

Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Әйгілі футболшы кезінде жасындай жарқылдаған «Бенфика» клубының өкілдері хабарлағандай, 71 жастағы Эйсебионың бүгін таңертең жүрегі тоқтап қалған.
Эйсебио да Силва Феррейра 1942 жылдың 25 қаңтарында Португалиялық Шығыс Африкада (қазіргі Мозамбик) дүниеге келген. Лиссабондық «Бенфика» (715 матч, 727 гол) және Португалия құрамасы (64 матч, 41 гол) сапында ойнады. 1965 жылғы «Алтын доп» иегері. ХХ ғасырдың ең үздік футболшылары (ТОП-100) тізімінде ондыққа енді.

 
0
172
0