Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
09:51, 02 января 2014

Кейбір жігіттерге

Кейбір "жігіттерге"


Білмей жатып, әр амалдың ақ-қарасын, 
Көңіліңді көлдей қылып ақтарасың.
Сыйлады деп сұлу ару бір түнін,
Үлкен шаруа бітіргендей мақтанасың.

Нәпсі-жолдас, шайтан сенің бақталасың,
Сезім жолы-серілік деп ақталасың.
Жеңілтектік жігіттікке жатпайды,
Ниетіңнің ашып көрсең нақ парасын.

Күпір, күнә істен қалай сақтанасың,
Клубтарға кетіп жатса тапқан асың. 
Бауырым деп қарамасаң әрбір қызға, 
Аиуаннан айырмаң жоқ, боп барасың. 

Сынық сана, сайқал түнде қақталасың,
Бірақ бермес саған ертең Хақ бағасын.
Қызық қуып жүре берсең қалайша, 
Ақиретте парызыңды атқарасың. 

Құлағыңа келмес лебі, сый демі,
Бермес ерік, жаныңа сыр күй тегі.
Түзде жүрген сұлуларың сен айтқан, 
Қара інім, қарындасың үйдегі. 

Қыздың ары-елдің ары ұмытпа!
Қулық ойды, ҚҰЛ тірлікті құрықта.
Айырылмасын десең ұлтың асылдан,
Намысыңды СЫР САНДЫҚТА құлыпта. 
МАМБЕТ БИГЕЛДІ
0
376
0