Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:23, 29 декабря 2013

Мереке күндері павлодарлықтардың тыныштығын 656 тәртіп сақшысы күзетеді.

Павлодар облысында мереке қарсаңында және жаңа жыл күндері құқық қорғау органдарының жұмысы күшейтіледі,деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен. Павлодар облысында 239 мерекелік шара өтеді. Тәртіпке жауап беретін полицияның барлық жеке құрамы күшейтілді. Көшедегі азаматтардың тәртібі мен қауіпсіздігін 656 полиция қызметкері бақылайды.

Набережный, Естай атындағы қалалық мәдениет сарайының маңында өтетін жаппай көңіл көтеру орындарындағы тәртіптің сақталуын 120 адам қадағалайды. 900-ге жуық полиция қызметкері өздерінің жұмыс орындарында болады. Жедел әрекет ету үшін мереке күндері судьялар мен прокурорлар кезекшілік жасайды.Жедел басқару орталығында 64 бейнебақылау камералары үнемі іске қосулы күйінде болады.

 
0
176
0