Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:49, 28 декабря 2013

Әмбебап полицейлер жұмысы қысқа мерзім ішінде өз тиімділігін көрсетіп отыр.

Әмбебап полицейлер жұмысы қысқа мерзім ішінде өз тиімділігін көрсетіп отыр. Бұл туралы БҚО ішкі істер департаменті жанындағы қоғамдық кеңес отырысында атап өтілді.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, күзет және жол полициясының біріктірілуі ешқандай қосымша қаржы-штатсыз-ақ ішкі резервтер есебінен көше мен қоғамдық орындардағы сақшылар санын екі есеге арттыруға мүмкіндік берді. Әмбебап полицейлер саны қазіргі кезде облыста 418 қызметкерді құрап отыр. Екі айға жетпейтін мерзім ішіндегі көрсеткіштер жаман емес. Қараша айында қоғамдық орындардағы қылмыс - 8, көшедегісі - 11,4, жол апаты 6 пайызға азайды. Әмбебап полицейлер 13 мың әкімшілік құқықбұзушылықтың жолын кесті, қоғамдық тәртіпті бұзған 2135 адам есепке алынды, 400 бұзақы, 390 қаңғыбас, 2630 маскүнем көшелерден аластатылып, 116 көше қылмысы ашылды. 82 автокөлік құралы құрықталып, 215 мас жүргізуші, іздестірілуде жүрген 6 қылмыскер, қылмыстық іске барған 130 адам ұсталып, олардан 265 пышақ пен кастет тәркіленді.

Департамент бастығы Махамбет Әбисатовтың атап өткеніндей, қала көшелерінің тыныштығын күзететін шағын автобустар жол-күзет полициясының жылжымалы бекетіне айналдырылды.

 

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/EE9B19522CC05D32E044002655122E6A

0
234
1