Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:18, 26 декабря 2013

Қазақстандық самбошы әлем кубогі кезеңінде жеңімпаз атанды

Болатбек Райымқұлов

Мәскеу қаласында самбодан әлем кубогі кезеңінде батысқазақстандық Болатбек Райымқұлов жеңімпаз атанды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Болатбек 52 келі салмақта кілемге шықты. Облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебінің тағы бір балуаны, самбодан әлемнің төрт дүркін чемпионы Ерболат Байбатыров бұл жолы 57 келі салмақта қола жүлдеге ие болды. Қос балуанды Қазбек Ибрашев пен Райымбек Меңдіғалиев жаттықтырып келеді.

 
0
298
0