Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:06, 24 декабря 2013

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасы жөнінде БАҚ-қа ақпарат

Қылмысқа қарсы күресті күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жаңа жылдық мерекелер қарсаңында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында а.ж. 23 желтоқсанынан бастап, ішкі істер органдары «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасын жүргізуде.

Іс-шаралар өтетін кезеңде алға қойылған міндеттерді орындау мақсатында барлық бөліністердің жеке құрамы және ішкі істер органдарының қызметтері, сондай-ақ Ішкі әскерлер де барынша жұмылдырылған.

Аталған кезеңде қоғамдық орындар мен көшедегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыс жанданып, көңіл көтеруге арналған мекемелер маңайында, өзге де азаматтар көп жүретін орындарда патрульдік күзет ұйымдастырылды.

Жеке құрам жұмысы негізінен қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымы фактілерін анықтау, сондай-ақ, жастар көп жиналған жерлерге есірткі, психотропты заттардың жеткізілу арнасын анықтау әрі жолын кесу, елге келу ережелерін бұзған шетелдіктерді және шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған жұмыс берушілерді анықтауға бағытталған.

Жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды, оның ішінде автокөлікті мас күйінде жүргізген жүргізушілерді анықтау ісі де жандана түсті.

Жұртшылықты, консьерждерді, құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдарды тарта отырып, көпқабатты тұрғын үйлер ауласындағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстары да жүргізілуде.

 

ҚР Ішкі істер министрлігінің Баспасөз қызметі

     
0
701
0