Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
21:52, 22 декабря 2013

Алматы облысында полицейлер бір топ адамды қар құрсауынан шығарды.

Алматы облысының Алакөл ауданында Үшарал-Достық автожолының 140-шы шақырымында екі машина қар құрсауына тап болды. Қар құрсауында қалған адамдарды жолдың бойын қарап жүрген «Борт-34» жол-торуыл қызметінің экипажы тауып алды. «Ниссан Премьера» және «БМВ» автомашиналарында сегіз адам болды, олардың арасында екі жастағы қызымен және 4 жасар ұлымен бір әйел болған. Олар шұғыл түрде Үшаралға жеткізіліп, медициналық тексеруден өткізілгеннен кейін туыстарына жіберілді. Зардап шеккендер жоқ.

0
108
0