Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:30, 19 декабря 2013

Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» өз тобында бірінші орынға көтерілді

Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы

допты хоккейден Ресей чемпионатының жоғары лига командалары арасында Оралдың «Ақжайығы» Верхний Уфалейдің «Никельщик» командасымен екінші кездесуін өткізді.

Бұл ойын да айдын иелерінің басымдығымен өтіп, 5:1 есебі тіркелді.

Сөйтіп 11 ойыннан кейін 23 ұпай жинаған «Ақжайық» екінші топта бірінші орынға көтерілді. 10 ойыннан 21 ұпайды қоржынына салған Орынбордың «Локомотиві» екінші, «Никельщик» (16 ұпай) үшінші орында келеді.

«Ақжайық» келесі ойындарын 24-25 желтоқсанда Краснотурьинскіде «Динамо-Маяк» командасымен өткізеді. Бір қызығы, бұл команданы Орал допты хоккейінің түлегі, белгілі шабуылшы Олег Чернов жаттықтырады.

ОРАЛ.  ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
 
0
308
0