Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:25, 18 декабря 2013

Қазақстан мен Франция қорғаныс ведомстволары арасындағы 2014 жылғы ынтымақтастық жоспарына қол қойылды

Blog post imageҚР Қорғаныс министрлігінде Қазақстан қорғаныс ведомствосының әскери қызметшілері француздық әріптестерімен екіжақты келіссөздер өткізді. Екіжақты келіссөздер барысында тараптар қазақ-француз әскери ынтымақтастығын дамытудың болашағын талқылады.

Қазақстан мен Франция арасындағы қоғаныс саласындағы өзара іс-қимыл екіжақты қарым-қатынастың басым бағыы болып табылады.

ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Әділ Беков шетелдік әріптестерімен кездесу барысында:
– Біз қазақ-француз әскери ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Француз тарапына «Ле-Бурже» халықаралық авиациялық өнімдер және ғарыш көрмесіне қатысуға қазақстандық делегацияның сапарын ұйымдастырғаны үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Аталған іс-шара бізге авиациялық техника мен қару-жарақтың жаңа үлгілерімен танысуға мүмкіндік берді, - деп атап өтті.

Өз кезегінде француздық тарап «KADEX-2014» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне Францияның қорғаныс компанияларын қатысуға шақырған ұсынысы үшін қазақстандық әріптестеріне ризашылықтарын білдірді.

Кездесу соңында екі ел қорғаныс ведомстволарының өкілдері ағымдағы жылдың қорытындысын шығарып, 2014 жылдың ынтымақтастық жоспарына қол қойды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
256
0