Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:53, 02 ноября 2008

Мен неге өз блогымды аштым?


Мен өзім туралы жазғанда облыстық наркологиялық орталықта психолог болып жұмыс істейтіндігімді айтқанмын. Жұмыс барысында маған кәмелетке жасы толмағандармен де, бірталай жасты соңына тастаған ересек адамдармен де араласуға тура келеді. Олар менен өмірдегі әр түрлі мәселелер бойынша кеңес алады. Сондықтан олардың әрқайсысының жан дүниесін зерттеп, көңілін табуға тырысамын. Сол себепті жастардың ойын, олардың өмірін түсіну үшін мен қазақ тілді "Интернет" ресурстарға ден қоямын. Әлемнің шексіз екендігін айтқанмын. Өмірді толығымен танып-білген әзірше ешкім жоқ. Компьютердің тілін білгеніммен әзірше блогты көркемдеуді үйреніп жүрмін. Демек, адамның дүниені танып білуі көзі жұмылғанша тоқтамайды. Қазақтың ауыз және жазбаша әдебиетінде өмірді тануға бағытталған дүниелер жеткілікті.Blog post image  

0
303
2