Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
09:04, 13 декабря 2013

ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ!

ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ!

 

Құрсауды бұзып жеттік пе - күнге аңсаған

Арманы елдің баянды болсын - Жасаған!

Зұлматты күндер қалды ғой артта - тарихта

Азапты түндер, ажалды шақтар қаншама

Қапыда мынау, оқ болып тиген тасадан.

Салауат дейік, өткенге жұртым, салауат

Төбеде туым - тәуелсіздіктің айғағы!

Арайлы аспан - қалқыған алтын бүркітім,

Нұр шашқан күнім - бақытты елдің байрағы!

 

Тұғырдан таймай, биіктей берсін қыраным

Әуелей берсін әуезді менің - ән ұраным

Уысқа түскен бақытты алмай ұшырып

Еселей түссек көңілдің жылы шуағын

Ләззатын татып тәтті бір шақтың осын-ау

Салтанат құрып асырсақ, елдің қуатын.

Іргелі елмен деңгейлес болсақ, әрдайым

Заманым болар - оңымнан айым туатын!

 

Мәңгілік болсын бүгінгі бақыт - мейрамым

Ертеңгі күнім жақсырақ болсын бүгіннен

Мәртебем биік, шаттықта болып ел-халқым

Ләззатын көрсін, еңбектің тер боп төгілген,

Еркіндік, Елдік, Ерлік - боп басты ұраным,

Көк тумен бірге - көбейе берсін ұланым

Еңсесі биік, мәңгілік болсын Ақ орда

Тілегім осы - Тәңірден нақты сұрарым!

0
1830
0