Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
05:12, 13 декабря 2013

Ұлтшылдық дегеніміз не?

Қазіргі өтпелі деп аталатын кезеңдегі мемлекеттер үшін аса маңызды мәселе азаматтық не ұлттық бірегейлік арақатынасы қандай болмақ? Посткеңестік мемлекеттердің барлығында дерлік бұл жағдай күн тәртібінен шыққан емес. Қазақстанда да аса өзектілердің бірі. Алайда әңгіме, «nationalism» жайлы өрбімек. Кеңес Одағы кезіндегі ендірілген жасанды идеология «ұлтшылдықты» жағымсыз мағынасында түсіндіруге тырысады. Мәселен, С. Ожеговтың түсіндірмелі сөзідігінде «национализм» бір ұлттың екінші бір ұлттық жоғары, ұлттық артықшылық, антагонизм, ұлттық бөлекетену идеясы ретінде көрсетіледі. Бүгінгі уақытта ресейлік масс-медиа өкілдері «ұлтшылдықты» шовинизм, ксенофобия секілді шектен шыққан түрлерімен байланыстырады. Содан Қазақстандағы орыс тілді БАҚ өкілдері де осындай тұрғыда қабылдап, ұлт жағдайына байланысты болған оқиғаларды осы тұрғығда хабардар етеді.

«Nationalism» он сегізінші ғасырдың екінші жартысында Батыс Еуропа мен АҚШ мемлекеттерінде пайда болып өзінің екі дүнижезілік соғыс кезінде гүлденуіне жеткен, қазір ұлттық мемлекеттердің шеңберінен шығып жаңа жаһандық күштерге айналып құлау үстінде деп Э. Смит жазады. Шынайысында бұл идеология құлау үстінде болса, экономикадағы жаһандану түрлі өзгерістерге алып келді деген ойды ескерер болсақ, көбіне батыс мемлекеттеріне тән, олар бұл кезеңнен өтті ұлттық мемлекет кезінде түрлі жетістіктерге жетті, дамыды. Батыс мемлекеттерінің отарында болған елдер өзін-өзі анықтау мен бас көтерудің барысында 1950-1960ж. өздерінің тәуелсіздігіне қол жеткізді, бұл олардың дамуға деген жолы болды. Осы құбылыстар демократияның ажырамас бөлігі болды, яғни ұлттық мемлекет үшін күрес демократиялық оянуға алып келді. Кейінірек, патшалық Ресей, Осман империясы, Жапониядағы «Мэйдзи» кезеңінде ұлттық артықшылық, жеке ұлттық рухқа қатысты либералдық құндылықтардан бөлектенді. Ал 1960ж. кейін кейін «классикалық ұлтшылдық» пен «ұлт құрылысы» концепциялары кең тарады, екіншісі бойынша саяси өмірге қатысу, уррбандалу, коммуникация, бұқаралық білім беру барлығы да ұлттық мемлекет болып қалыптасуға өзінің оң әсерін тигізеді. 1980ж. Азияның тәуелсіздік алған кейбір мемлекеттерінде бұл концепция құлдырағандықтан өзектілігінен айырылды. Осы кезден бастап Б. Андерсонның «елестегі қауымдастық» идеясының кең тарай бастаған шағы, ұлт - қолдан жасалған, шектелген, ойлап табылған қауымдастық ретінде түсіндірілді, содан ондағы ортақ біріктіруші элемент жасанды болғандықтан ыдырап кетуі де ғажап емес. 1990-2000 ж. «жаһандық космполитизм» «транснационализм» басты назарға ие бола бастады, жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа өзгерістерге – ұлттан жоғары құрылымдардың құрылып тиісті қызмет атқара бастауына жетеледі.

Байқап отырғанымыздай, қазіргі тенденция ұлттан жоғары аймақтық не жаһандық өзгерістерге әкелеуде. Қазақстан болса таңдау үстінде: азаматтық жаһандық немесе ұлттық мемлекет. Барлығы кезеңмен дамып аттап өту мүмкін емес болғандықтан екінші нұсқа төңірегіндегі дамуы қаншалықты, ол үшін алдымен ұлттық сана-сезім мен өзін-өзі анықтаушылық, бір қауымдастыққа тиестілікті қалыптастыру басты назарда болуы шарт. Ұлт «елестегі қауымдастық» идеясына сүйенер болсақ, жасандыдан ойлап шығару күрделі емес. Алайда барлығы қажеттіліктерден келіп дамиды, ұлт, тиесілік бұлар материалдыққа қарағанда руханилық өлшем. Материалдық қамтамасыз етілмей руханилықты ойлау қалай орындалмақ (А. Маслоу). Сондықтан  да қарапайым адамдардың әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесін көтеру аса орынды. Екінші жағынан  бұл идеологияны элита, таңдалған адамдар тобы, интеллегенция өз күшімен қалыптастыруға қауқары жетпейтіндігін көптеген дәлелдермен байқап отырмыз. Ендігі үміт тек қалыптасқан орта тапта, біздің елмізде оның бары не жоғы миф. Орта тап өзінің эконмикалық дамуы арқылы жаңа өзгерістерге алып келе алады.

Бүгінгі жағдайдағы ұлттық идеяларды көтеріп оларды ояту әрине маңызды, осы төңіректе ұлтшылдық деген тек жағымсыз мағынада қабылданбауы шарт немесе ұлтшылдық тек қазақ ұлтының басқаларынан басым, бұл мемлекеттке тек олардың өмір сүруге ғана артықшылықтары ғана бар деген ойлар соңында еш жағымды жетістіктерге алып келе алмайды, яғни радикалдылықтан барынша аулақтануы тиіс. Кейбіреулері өзінің білімнің таяздығына байланысты жекелеген идеялар мен ойларды интерпретациялауда қателіктерге бой алдыруы түбінде бұрыс қадамарға әкеп соғады. Э. Геллнер позитивті ұлтшылдықтың кең қанат жаюы үшін бұқаралық білім маңызды көрсеткіш ретінде анықтаған. Сондықтан да әсіресе, жастар бұл өзгерістер мен серпілістерге еліктей алып соңында бармағын тістеуі ғажам емес. Бұл бұл идеядан мүлдем бас тарту деген емес, іске кірісер алдында алдымен сауатты рационалды шешім қабылдау қажеттілігі жайында.

Екіншіден қазіргі ұлтшылдық идеялары тек халық көп шоғырлнанған жерлерде, әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланатын топтар арасында кең қолданысқа ие, басқаша айтқанда тек жабық топтар арасында. Сондықтан да бұқаралық сипатта емес, кейде олардың шынайылығына қатысты түрлі пікірлер туындайды. Сол себептен осындай идеялар ең алдымен қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайына байланысты мәселелер көтерсе, сол тарапта саяси шешім қабылдауға жетелесе экономикалық дамудағы орта таптың қалыптасуынан бұқаралық сипатқа ие болушы еді.

Ұлтшылдықтың  Кеңес Одағы кезінде қалыптастырылған идеологиясынан айырылып, мемлекеттің даму мақсатындағы идеолгиясына бағытталған назар аудару орынды Бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық даму мен бұқаралық білім ғана ұлттық сана-сезім мен оянуға алып келетіндігін естен шығармау маңызды.

 
2
4959
0