Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:16, 09 декабря 2013

Ұлттық құраманың XXII қысқы Олимпиада ойындарына дайындығы

Сочиде өтетін қысқы олимпиадаға дейін уақыт күн санап азаю үстінде. Жанкүйерлер спорт шайқасын зер салып бақылауға дайындалса, спортшылар соңғы жаттығуларды өткізіп жарыстардың басталуын күтуде.
Көптеген елдерде олимпиада ойындарына құрамаларды дайындау мемлекеттік деңгейде жүргізіліп жатыр. Соңғы кезде ірі халықаралық сайыстарға шығу және жеңістерге қол жеткізу елдің беделін, оның экономикалық және әлеуметтік қолайлығын көрсететін өзінше бір индикаторға айналғандай. Мемлекеттің спортқа және спортшылардың табысына көңіл бөлуі елдің өмір сүру деңгейі мен дамуының көрінісі сияқты. Өз уақытында, Кеңес Одағы өз командасының спорттағы жетістіктерін социалистік жүйенің артықшылығын дәріптейтін эталон ретінде таңдап алған болатын.
Одан бері көп жыл өтті, Кеңес Одағы ыдырап кетті, ал социалистік құрылысы бар мемлекеттер әлем картасында тіпті қалмады да, дегенмен, көпшілік үшін спорт және олимпиадалық жеңістер мемлекеттерді өзінше бір рангктік табельге бөлетін саяси маңызы бар фактор ретінде қабылданады. Біздің ел өз жетістіктерін мақтан тұта алады, соңғы жазғы олимпиада ойындарында біздің құрама көптеген жеңістерге қол жеткізіп керемет ойнады. Қорытынды бойынша Қазақстанның құрамасы Лондондағы Олимпиада ойындарының ортақ командалық есебінде 12-ші орынды иеленді. Ұлттық командамыздың спортшылары 13 медалді жеңп алды, оның ішіндегі жетеуі жоғары сұрыпты. Сайыстың алтын жүлдесін Қазақстан сандығына велосипедші Александр Винокуров, штангашылар - Зульфия Чиншанло, Майа Манеза, Светлана Подобедова және Илья Ильин, сондай-ақ жеңіл атлет Ольга Рыпакова мен боксшы Серік Сапиев салды. Қола грек-римдік стильдегі күресші Даниял Гаджиев, боксшы Марина Вольнова, күресші Гюзель Манюрова, боксшы Ивана Дычко және еркін күресші Ақжүрек Таңатаров үлесіне тиді. Ойынның Күміс медалі боксшы Әділбек Ниязымбетовтің еншісінде. Қазақстан үшін бұл Ойындар тарихтағы ең үздік ойынға айналды. Барлығымыз да спортшыларымыздың жетістіктерін мақтанышпен бақылап, теледидар экранының алдында «Алға, Қазақстан!» деп жиі дауыстадық. Енді спорттың қысқы түрлерінде ойнайтын спортшылар мен спорттық күрес барысына бақылау жүргізу уақыты келіп жетті.
Бүгінгі күні «Ақ олимпиадалардағы» спортшыларымыздың жетістіктері ауыз толтырып айтуға келмейді, есімізге бірден Лиллехамердегі олимпиадада 50 км жарыста алтын медальді, сондай-ақ 10 және 15 км жарыста 2 күміс медальді мойнына ілген аты аңызға айналған шаңғышы Владимир Смирновтың аты келеді, сонымен бірге 1998 жылы Нагонада өткен олимпиадада қоланы жеңіп алған коньки тебуші Людмила Прокашёва есіме түсті.

Blog post image

Blog post image

Ванкуверде өтіп кеткен ақ олимпиадада біздің спортшылар тек жалғыз күміс медальді ұтып алды, ол кезде биатолистіміз Елена Хрусталёва ерекше көзге түсті, ол 15 километрлік жеке жарыста екінші болып келді.

Blog post image

Жуырға дейін дәстүрлі түрде спорттың қысқы түрлері жазғы түрлерге қарағанда нашар дамыды. Бұл белгілі бір спорт дәстүрлеріне және жаттығулар үшін қажетті базаның шаңғы және биатлондық трассалардың, трамплиндер, айдындар мен басқалардың жоқ болуымен байланысты болды. Жағдай 2011 жылы Алматы және Астана қалаларында Азия ойындарына дайындық кезінде күрт өзгерді. Осы жарыстарға дайындық шеңберінде көптеген заманауи спорт объектілерінің құрылысы салынды. Алматыдағы шаңғы-биатлон трассасы және трамплиндер кешені, Астанадағы айдындар мен спорт сарайлары және басқалары. Енді қазақстандық жаттықтырушылардың жаттығу өткізетін орындары бар, бұны олар тіпті еліміздің аумағынан аспай жүргізе алады. Алматы 2022 жылы қысқы олимпиаданы өткізу құқығына үмітті екенін естеріңізге салып өтейін, Азия ойындарына арналып салынған объектілердің барлығы халықаралық талаптарға тоолық жауап береді.
Сочи олимпиадалық ойындарына ұлттық командамыздың дайындығы мәселесіне оралайық. ҚР Үкіметінің кезекті отырысы дәл осы тақырыпқа арналды. Отырыс ағымдағы жылдың 5-желтоқсанында Астана қаласында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өтті, отырыстың тақырыбы Қазақстан құрама командасының 2014 жылы Сочиде өтетін XXII қысқы Олимпиада ойындарына дайындығы мәселесі болды.

Blog post image

Сочидағы Олимпиадаға қазақстандық спортшылардың дайындық барысы туралы Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Тастанбек Есентаев баяндады. Тастанбек Есентаев хабарлағандай, Сочидағы Олимпиада ойындарына дайындық үшін республикалық жедел штаб құрылды. Болашақта өтетін ойындар айтарлықтай кең көлемді және оларға әлемнің 80 елінен 5 мыңнан астам спортшылар мен ресми тұлғалар қатысады, ойынға спорттың 15 түрі бойынша 98 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Біздің команданың олимпиада құрамасына кандидаттарды дайындаудың қорытынды кезеңінің жеке жоспарлары бекітіліп, Олимпиада ойындарындағы спорт нәтижелерінің индикаторлары мен межеленген міндеттері айқындалды. Т. Есентаевтың айтуынша Қазақстан атынан шығатын ұлттық құрама командалар 8 спорт түрі бойынша ойын көрсетеді. Қазақстанның Олимпиада құрама командасының әлеуеті: шаңғымен жарысу, биатлон, фристайл-могуле, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау мен сноуборд сияқты алты спорт түрі бойынша бәсекелесуге мүмкіндік береді. Агенттік басшысы үміт күттіретін қазақстандық команда – шаңғымен жарыс бойынша ерлер командасы екенін атап көрсетті.
Сонымен бірге Қазақстан конькимен жүгіруде нәтижелі ойын көрсетуге мүмкіндіктері бар, мұнда 2013 жылғы әлем чемпионатында 1-ші орын алған Денис Кузинге үкен үміт артамыз. «2013 жылғы әлем чемпионатында ерлердің жалғыз мәнерлеп сырғанауында Денис Теннің көрсеткен нәтижелері бойынша бізде белгілі бір нәтижеге қол жеткіземіз деген үміт бар. Жақсы ойын көрсетуге фристайл бойынша ерлер және қыздар командасының да жақсы мүмкіндіктері бар», - деп қосты ол сөзіне. Спорттың басқа түрлері бойынша командаларға келсек, сноуборд және шорт-трек бойынша құрама командаларының алдына Олимпиада ойындарының үздік спортшыларының ондығына кіру міндеті тұр.

Blog post image

Қазіргі кезде, тау шаңғы спортындағы, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғықоссайысы, шана спортындағы спортшылардың алдында лицензия алу және өздерінің ең үздік нәтижелерін көрсету міндеті тұр. Агенттік басшысы айтқандай, бүгінгі күні 7 спорт түрі бойынша 33 қазақстандық спортшы Олимпиада ойындарына қатысу құқығын жеңіп алды. Лицензиялық кезең аяқталғанға дейін 10 спорт түрі бойынша 40-тан астам лицензия жеңіп алу жоспарланып отыр. Спорт ведомствосының басшысы елдің олимпиадалық құрамасын құру атлеттердің физикалық дайындық деңгейін, олардың психологиялық тұрақтылығын, сонымен бірге қорытынды іріктеу кезеңінің және допингке қарсы бақылаудың нәтижелерін ескере отырып алдымыздағы жылдың қаңтарына дейін жүргізілетінін атап көрсетті.
«Қысқы спорт түрлері бойынша ұлттық құраманың алдына Ванкувердегі Олимпиадалық ойындардың спорттық көрсеткішін жақсарту, яғни, екеуден кем емес әр түрлі құндылықтағы медальдар иемденіп, жалпы командалық есепте 20-23 орынға шығу міндеті қойылып отыр», - деді Т. Есентаев.
2010 жылғы канадалық Ванкувердегі қысқы Ойындарда қазақстандық құрама 8 спорт түрі бойынша алдын ала 37 лицензияны жеңіп алып жалпы командалық 25 орынға ие болғанын естеріңізге салайын. Сонымен бірге, Агенттік басшысы Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау үшін 2022 жылғы XXIV қысқы Олимпиада ойындарын Алматыда өткізу туралы Халықаралық Олимпиада Комитетіне өтінім берілгенін хабарлады. Осы мақсатта Сочиде тиісті имидждік іс-шаралар өткізіледі.
Отырысты қорытындылай келе, Үкімет басшысы олимпиадалық ойындардағы спорттық нәтижелердің мемлекеттің салиқалы имиджі мен беделінің маңызды көрсеткіші екенін атап өтті және келешекте Сочиде өтетін жарыстарға қазақстандық спортшылардың сапалы дайындау қажеттілігіне назар аударды. Осыған орай, Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттігіне Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындарына елдің құрама командасын сапалы дайындауды қамтамасыз етуді жүктеді. Сонымен бірге, С. Ахметов баспасөз-орталығын ұйымдастыру және ұлттық құраманы қолдап-жігерлендіру үшін бірыңғай ұйымдасқан топ ретінде жанкүйерлердің қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Осы материалды қорытындылай келе біздің спортшылардың сөз сөйлеулеріне және Сочидағы Олимпиадаға дайындық мәселелеріне қатысты кейбір жаңалықтар туралы айтқым келеді. Сочидағы Олимпиадада ойын көрсететін Қазақстандық спорт делегациясының спорт киімі өндіріске жіберіліп қойды.
"КазСПО-N" компаниясының директоры Елена Свечникова айтқандай, жалпы тапсырыс 157 жиынтықтан тұрады- 110 жиынтыққа мөлшерлер бар. Өндіру мүмкіндігі барлық түрлер жинағын қалыптастыруға мүмкіндік береді деп қосты Ұйым басшысы, мәселе басқада, – «спортшылармыздың мөлшері үнемі қосылып отырады, өйткені іріктеу турнилері әлі өтіп жатыр ғой, нақты құрамды бізге тек желтоқсанның соңында ұсынады», -деді Свечникова. Жұмысқа компания тамызда кірісті, бірақ соңғы бекітуді желтоқсанның басына дейін күтуге тура келді. Белгісіз себептермен тапсырыс беруші Халық дауысының жеңімпазы Айжан Боқаеваның Сән үйін басқа алматылық компанияға ауыстыруға шешім қабылдады. «Иә, жай жағдай емес, бірақ біз өз мүмкіндігімізге сенімдіміз. Мата әкелінді, Жапония, Турция және Тайваньнің сапалы материалын қолданамыз. Олар әр жиынтық үшін түрлі болып келеді. Барлығын өлшеп, жиынтықты тігеміз деп ойлағанбыз. Бірақ бұлай шықпай тұр. Нақты кім баратыны әлі белгісіз ғой. Әрбір спортшының дара ерекшеліктерін ескеру қажет», деп қорытындылады Елена Свечникова.
Конькимен жүгіру бойынша «В» дивизионындағы 5 мың метр қашықтыққа ерлер жүгірісі бойынша Әлем кубогының төртінші кезеңі Берлинде өтті. Бастама жеңімпазы қазақстандық Дмитрий Бабенко, екінші – ресейлік Александр Румянцев болып табылды, үздіктер үштігін Нидерланды өкілі Роб Хаддерс жапты. Тағы бір қазақстандық конькимен жүгіруші Максим Баклашкин 32-ші нәтиже көрсетті.
Лиллехаммерде (Норвегия) шаңғы жарысы бойынша Әлем кубогының екінші кезеңі өтті.
Классикалық стильде 15 км қашықтықтағы жарыста норвегиялық Пол Голдберг жеңіске жетті, екінші орынды – қазақстандық Алексей Полторанин, үшінші орынды - Норвегиядан Дидрик Тёнсен алды. Қазақстанның басқа өкілдеріне келсек, көшбасыларға ең жақын 41-ші Николай Чеботько, 70-ші - Алексей Малышев, 71-ші Денис Волотка және 76-шы Ердос Ахмадиев келді.
Бұл жаңалықтардан көріп отырғанымыздай, алдын-ала жарыстарда көптеген спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетуде, бұл олар Сочидағы Олимпиадада сәтті ойын көрсететініне үміттендіреді. Командамызға сәттілік тілеу ғана қалады, ал біз, әрине, олимпиадаға қатысушыларға жанкүйер боламыз.

0
1346
0