Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:41, 11 декабря 2013

«Бекет» операциясы шеңберінде Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің кеденшілері кедендік баждар мен алымдар немесе ірі көлемдегі басқа да кедендік төлемдерді төлеуден жалтару фактісін анықтады

«Бекет» операциясы шеңберінде Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің кеденшілері кедендік баждар мен алымдар немесе ірі көлемдегі басқа да кедендік төлемдерді төлеуден жалтару фактісін анықтады.
Бюджетке төленуі тиіс төлемнің жалпы сомасы - 231,8 млн. теңгені құрайды, оның ішінде кедендік төлемдер - 175,2 млн. теңге, ҚҚС - 56,6 млн. теңге.
Іс мән-жайын анықтау кезінде кеденшілер фирманың уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі бар екендігін және бір айдан аса уақытта кедендік тазартуға жалған инвойстарды бергендігін анықтады.
Осы факт бойынша Департаменттің Контрабандаға қарсы күрес басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қазақстан-қытай шекарасындағы контрабанда сұлбасын айқындауға бағытталған «Бекет» операциясы жалғасуда.

0
316
0