Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:58, 09 декабря 2013

Италияда Қысқы Универсиада ойындары өтеді

Қысқы Универсиада

11 желтоқсан күні Италияның Трентино қаласында XXVI бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындары басталады. Дүбірлі додада ел намысын қорғайтын сайыпқырандар спорттың 8 түрі бойынша сынға түседі.

Студент жастардың арасында өтетін Универсиадада спортшыларымыз мәнерлеп сырғанау, фристайл, сноуборд, шорт-трек, тау шаңғысы, хоккей тағы да басқа спорт түрлерінен бақ сынайды. Алтын алады деп үміт күтетін спортшымыздың бірі – мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен.

Италия жерінде өтетін Универсиаданы «KAZsport» арнасынан тамашалай аласыздар. Жарыс желтоқсанның 11-і күні басталып, 21 желтоқсанға дейін жалғасады. Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылғы ХXVII бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындары Алматы қаласында өтеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

 
0
293
0