Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:18, 09 декабря 2013

ҚР Қорғаныс министрлігі және ҚР ҚК қызметкерлерінің кәсіподағы әлеуметтік әріптестік мәселелерін талқылады

ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР ҚК қызметкерлері кәсіпордағының қатысуымен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қарым-қатынастарын реттеу салалық комиссиясының отырысы болып өтті.
Жұмыс барысында бірлескен отырысқа қатысушылар ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҚК қызметкерлері кәсіпордағының арасындағы әлеуметтік әріптестіктің кейбір аспектілерін, ҚР ҚК мекемелері мен ұйымдары азаматтық персоналын медициналық қамтамасыз етудің жай-күйін, «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» ҚР Заңы талаптарын орындау бойынша ҚР Қорғаныс министрлігі қабылдаған нормативтік-құқықтық актілер мен шараларды қарады. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес 2013-2014 жылдарға арналған Салалық тарифтік келесімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі мәселелердің талқылануы жиналыстың басты тақырыбына айналды.
ҚР Қорғаныс министрлігі кәсіподақ органдарын Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі қабылдап келе жатқан жұмысшылар мен қызметкерлер еңбекақысының уақтылы және толық төленуі, медициналық қамсыздандырылуы сияқты әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы хабардар етуде.
Бүгінгі таңда ҚР ҚК қызметкерлерінің кәсіподағы – бұл ҚР Қорғаныс министрлігі ұйымдарының заңды еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіретін жалғыз уәкілетті қоғамдық ұйымы. Құрамалар, бөлімдер, мекемелер мен ұйымдардағы кәсіподақ комитеттері өз мүшелерінің әлеуметтік проблемаларын шешуге белсенді қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
ҚР ҚМ баспасөз қызметі
0
396
2