Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:01, 09 декабря 2013

Допты хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты қазақстандықтар үшін сәтсіз аяқталды

Допты хоккей

Кеше Мәскеу түбіндегі Обуховода допты хоккейден әлем чемпионаты мәреге жетті.

Аталмыш біріншілік барысында Оралдың «Ақжайығы» ойыншыларынан құралған Қазақстан құрамасы Финляндия, Ресей, Швеция құрамаларына ірі есеппен ұтылса, өзінің негізгі қарсыласы норвегиялықтарға 0:1 есебімен жол берді. Бұл ойында команда капитаны Ескендір Нұғманов соққан пенальтиді Норвегия қақпашысы қайтарып, есепті теңестіруге мүмкіндік бермеді. Сөйтіп қазақстандықтар жүлделі орын үшін таласу мүмкіндігінен айрылды.

Чемпионат қорытындысында шведтерді 11:2 есебімен ойсырата ұтқан Ресей құрамасы жеңімпаз атанса, 5:2 есебімен норвегтерді тізе бүктірген финдер қола жүлдені еншіледі.

Өз тұрғыластарымен кездесіп, тәжірибе жинақтаған «Ақжайық» командасы енді допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатының екінші тобындағы ойындарын жалғастырады

 
0
153
0