Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:45, 06 декабря 2013

Оралда сарбаздар әйелді жәбірлеуден құтқарды. «BNews.kz», 06.12.2013ж.

Оралда ҚР ішкі әскері 5517 әскері бөлімінің жасағы әйелді зорламақ болған мас ер адамды тұтқындады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі бөлім басшылығына сілтеме жасап. 5517 әскері бөлімінен хабарлағандай, әйел адамға жәбір көрсету оқиғасы Циолковский көшесінің бойында орналасқан №9 мектеп маңында кешкітұрым уақытта орын алған. Патруль басшысы Нұрбек Нұрбаевтың басқаруымен құрамында қатардағы Дінислам Тілеп пен Елшібек Сатыбалды бар әскери жасақ әдеттегі бағытпен қызметтерін атқаруға кіріскен.   

«Күзету мерзімі аяқталуға бірер сәт қалған уақытта сағат 22.45 шамасында сарбаздар көмекке шақырған әйелдің даусын естіген. Жасақ әйелді зорламақ болған мас жігітті аңғарады. Заңбұзушы дер кезінде тұтқындалды. Ол істің мән-жайын анықтау үшін Орал қаласы ІІБ-ге жеткізілді», - деп мәлім етті 5517 ә/б майоры Ерболат Сұлтанов.

Қоғамдық тәртіпті қадағалау бойынша әскери қызметін өтеу кезінде қырағылық танытып, тиісті деңгейде әрекет ете білгендері үшін әскери жасақ бөлім басшылығының мадақтауына ие болды.

 
0
216
0