Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:13, 06 декабря 2013

Пеле неден қорқады? — Футбол королі жеребе тарту рәсіміне қатысудан бас тартты

Пеле

Футболдан үш дүркін әлем чемпионы Пеле 2014 жылы Бразилияда өтетін әлем біріншілігінің жеребе тарту рәсіміне қатысудан бас тартты.

Ол өзінің «қолы ауыр болғандықтан» Бразилия құрамасына қиын қарсыластарды суырып беремін деп қорқатын көрінеді. Бұл туралы The Daily Mail басылымы жазады.

Пелені ел атынан жеребе тарту салтанатына қатысу жөнінде Бразилия президенті Дилма Руссефф ханымның өзі сұраған екен. Футбол королі бұған дейін өткен бірнеше әлем чемпионаттарының жеребе тарту рәсімдеріне қатысқан. Бұл жолы ол тек рәсімнің салтанатты бөлігіне қатысады.

Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі 6 желтоқсан күні Астана уақытымен 22.00-де басталады. Оның барысында Мундиальға қатысушы 32 мемлекет төрт-төрттен 8 топқа бөлінеді. Бірінші себетке Бразилия, Аргентина, Колумбия, Уругвай, Испания, Германия, Бельгия және Швейцария құрамалары енді.

 
0
235
0