Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:54, 05 декабря 2013

«Дін және дәстүр сұхбаты заманауи сын-тегеуріндер аясында»

Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі «Үлес-2020» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, «Дін және дәстүр сұхбаты заманауи сын-тегеуріндер аясында» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Өтетін уақыты: 6 желтоқсан, 2013 жыл, басталуы сағат 15.00-де.

Мақсаты: Дін және дәстүр сұхбаты мәселелерін заманауи сын-тегеуріндер аясында қоғамдық ортада жан-жақты талқылау үшін пікірталас алаңын ұйымдастыру, жастардың ислам дінінің негіздері мен дәстүрлі құндылықтарды сабақтастыра отырып, дұрыс мағлұмат алуына және зайырлы қоғамның дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін сана қалыптастыруына ықпал ету.

Қатысушылар: дінтанушы ғалымдар, діни қатынастар саласының мамандары, ғылыми қызметкерлер, дін қызметкерлері, ЖОО оқытушылары, ізденушілер, студенттер мен БАҚ өкілдері.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, А.Иманов көшесі, 19 үй, «Алматы іскерлік үйі» бизнес-орталығы, конференц-зал.

 
0
405
0