Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:13, 03 декабря 2013

Ойын теориясы

Қоғамдағы кертартпа түсініктердің адамдардың, бизнестің ара-қатынасына тигізетін кері әсерін ойын теориясымен түсіндіруге болады. Неге біз өз сөзімізде тұрмай тайқып кетеміз? Олай тайқып кеткеннен өзімізге пайда түсер, бірақ жалпы қоғам одан запа шегіп жатады.

Бала күнімізде апам жұмысына кетерде ағам екеумізге "Асықпай тамақтанып болғасын, біреуің шәйды жинап, екіншің текеметті сыпырып алыңдар" деп тапсыратын. Ол кеткен соң, ағам көрпешеге көсіліп жатып "сен бірінші шәйді жинап ал, сосын мен текеметті сыпыра салам" дейтін. Мен шәйді жинап, кесе-песені жуып, дастарқанды бүктеп болғанда, ол "ал енді текеметті сыпыр, оны істемесең апамның ұрсатынын білесің" дейтін. Сонда егер ұрыс естігім келмесе сыпырып алатынмын, болмаса солай сыпырылмаған күйі қала беретін. Мен оның бұл қылығын апама айтып екеуміз қырқысып ұрысуымыз да мүмкін болатын. Ал егер ағам сөзінде тұрып, айтқанын істесе екеуміз тату-тәтті балалар болар едік.

Енді осы жағдайды мына суреттің көмегімен түсіндірсек. Ағам екеуміздің осы ойыннан көретін пайдамызды санмен белгілейік.

Blog post image

1) Егер екеуміз де жинауға қатыссақ, 3 ұпайдан аламыз дейік.  Екеуміздікін қосқанда 6 ұпай - сыйластық болады.

2) Егер мен жинамай, ағам жинаса, мен өзімшіл атанып 4 ұпай алам. Екеуміздікін қосқанда 4 ұпай, мен ұятсызбын.

3) Егер ағам мені алдап, мен апамды ренжітпейін деп жалғыз өзім альтруистік жасасам, онда 0 ұпай аламын. Ал ағам мені алдап 4 ұпай жинайды. Екеуміздің жалпы ұпай 4.

4) Егер екеуміз қырқысып ешнәрсе жинамасақ, немесе анау жинамады, мен жартылай ғана жұмысты бітірдім десек, екеуміз бір-бірден барлығы 2 ұпай жинаймыз.

Ер балалар үй жұмысымен айналыспайды, еркектер әйелден артық, үлкенді сыйлау керек деген сияқты қазақтың түсініктерінің әсерінен менің ағам айтқан сөзінде тұрмай тайқып кетуге дайын. Оның солай тайқитынын мен айтпай-ақ білемін. Сондықтан, мен де, ол да жинамай қоюға, жинасақ та қырқысып, төбелесіп немесе апама айтып оны ренжітіп, таяқтың, ұрыстың күшімен бірдеңе істеуіміз мүмкін.

Сондықтан, тепе-теңдік Жау 1/1 деген ұяшықта болады. Яғни біз ағамыз екеуміз ұрысып-керісіп, бір-бірімізге жауыққан күйі қала береміз.

Ал енді бұл жерде біздің апамызға да, бізге де екеуміз бір үйдің баласындай бір-бірімізді сыйлап, үйді тап-тұйнақтай етіп отырсақ қандай керемет болар еді.

 

Бұл кішкене мысал экономикада екі компанияның арасындағы, әлеуметте екі кісінің ара қатынасындағы жағдайды қалай жақсартуға болатынын түсіндіруге болады.

Мысалдағы мәселенің түбірі бір үйде туылған екі баланың жынысы мен жасына қатысты қоғамдағы ер адам әйелден артық, үлкен адам кіші адамнан артық деген түсініктердің кері әсері. Әке-шешеміз бізге барынша барлығыңды бірдей көреміз деп тәрбиелеуге тырысты. Ал олардың бұл талпынысы қоғамдағы түсінікке кереғар болатын.

       
0
2870
0