Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:55, 28 ноября 2013

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қазақстан Қарулы Күштері тәрбие құрылымдарының офицерлері жылды қорытындылады

Blog post imageСағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша қорытынды оқу-әдістемелік жиын өтті.

Жиынға әскер түрлері бас қолбасшыларының, тектері қолбасшыларының, әскери бөлім командирлерінің, әскери-оқу орындарының, қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің және Қазақстан Қарулы Күштері әскери полиция жасақтары бастықтарының орынбасарлары қатысты.

Тәуелсіздік жылдары Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының сарабдал саясатының арқасында елімізде әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің нақты жағдайлары жасалды.
Тұңғыш президент күніне орайластырылған ҚР ҚК әскери тәрбиеші-идеологтарының жиынына ғалымдар, саясат және тарих ғылымдарының докторлары, жетекші ғылыми қызметкерлер, «Әскери-ғылыми зерттеулер ортылығының», ҚР Дін істері жөніндегі агенттігінің өкілдері шақырылып, олардың әрқайсысы іс-шараға қатысушылар алдында сөз сөйледі.
-    Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Қарулы Күштерінің алдына саны аз, кәсіби және техникалық жақсы жарақтанған армия құру жөніндегі міндет қойған болатын. Соңғы жылдар ішінде біздер Қарулы Күштеріміздің қазіргі келбетін айқындайтын ауқымды шараларды атқардық. Қазақстан әскері аға ұрпақтың ерлік жолы мен жауынгерлік дәстүріне негізделген жаңа қазақстандық патриотизмнің басты идеологиялық мектебіне айналуы тиіс, - деп ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов атап өтті.
Ағымдағы жылдың қорытындысын шығарып, 2014 жылға міндеттер қойғаннан кейін әскери қызметшілер психологиялық тест тапсырды және олардың басшылық құжаттар бойынша білімдері тексерілді.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
0
329
0